Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Іздегенде табылатын қасымнан

16 шілде 2013, Сейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Мақсаттары: «дос», «достық» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретінде мәнін ашу.
Оқыту нәтижесі: Достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру. Айнала қоршаған адамдарға тілеулес ізгі ниеттерін дамыту. Жауапкершілікке сезімталдыққа тәрбиелеу
Түйінді идеялар:
Жақсымен дос болсаң жетерсің мұратқа,
Жаманмен дос болсаң қаларсың ұятқа
Сабақтың мазмұны
Тұлғааралық байланысты орнату. Уақыты: 3 - минут
Мұғалімнің іс - әрекеті
Амандасу «Достық торы» жаттығу Оқушыларды «шаттық шеңберіне» шақырып ойынның нұсқауымен таныстыру
Оқушының іс – әрекеті

Оқушылар «шаттық шеңберіне» жиналады. Бір - біріне жіпті ұсынып, тілектер айтып «достық торын құрастырады
Ресурстар: Ойынның шартына нұсқау, жіп
Топқа бөлінуге ықпал ету. Уақыты 5 - минут
Оқушының іс – әрекеті
Мозайка әдісімен топқа бөлінуге ықпал ету

Топ «дос» туралы өлең шумақтар арқылы топқа бөлінеді
1 - топ
Дос жүрегі шар айна,
Сылтауыңа қарай ма,
Бүлдіріп алма қалайда,
Кір шалдырма жарай ма!
Шимайланса шар айна,
Жанарды тартар жалтырап
Дос жүрегі - бал бұлақ
2 - топ
Сырлары жатар сылдырап
Былғама оны сен бірақ
Кәусарымен қандырар
Келгеніңде қалжырап
Шексіз ғой деп ойлама
Дос жүрегі кең дала
3 - топ
Дос жүрегі балапан
Алақан керек алақан
Жылылық керек және оған
Жүрегіңнен тараған
Қырандар салар ұясын
Дос жүрегі қия шың
Мұғалімнің іс - әрекеті уақыты 2 - минут
Мағынаны тану кезі.
- Достық пен жолдастықтың айырмашылығы неде?
- Досыңмен мақсатың, талап, талғамың үйлеспесе не істер едің?
- Досыңның ортақ мүдде мен бір көзқараста болуы міндетті ме?
Оқушының іс - әрекеті
Ресурстар: Слайд, сұрақтар желісі
Мұғалімнің іс - әрекеті
Слайд бойынша «жадынама» презентациясы көрсетіліп ой тасталады.

Әр топ берілген сұрақтарға өз жауаптарын беріп, пікірлерін ортаға салады
Нұсқау бойынша берілген жаттығу арқылы топқа бөлуге ықпал ету
Оқушының іс - әрекеті
Оқушылар нұсқау бойынша «пантомимо» аңдардың жүрістерін сала отырып топқа бөлінеді.
1 - топ (аюдың жүрісі)
2 - топ (кенгуру жүрісі)
3 - топ (қоянның жүрісі)
Ресурс:
Интерактивті тақта, жаттығуға берілген нұсқау, аюдың, кенгурудың, қоянның суреттері
Мұғалімнің іс - әрекеті уақыты 12 - минут
Джиксо әдісі Топтық жұмысты ұйымдастыру.
Оқушының іс - әрекеті
«Джиксо» әдісі бойынша берілген мәтінді әр топ талдап, негізгі түйінін айтады.
1 - топ Ел аузынан (Әйтімбет шешеннің сөздері)
флипчартқа өз ойларын суреттеп бейнелеу
2 - топ
«Курд ертегісі» Жаднама құрастыру
3 - топ Бауыржан Момышұлының даналық сөздері
Жағдаяттарды талдау
Ресурстар: Интерактивті тақтада жазылған сұрақтар
Мәтіннің кесілген бөліктері, флипчарт
Мұғалімнің іс - әрекеті
«Жан досым» тренингіне нұсқау беру
Уақыты 8 - минут
Оқушының іс - әрекеті
Оқушылар нұсқау бойынша « Жан досым» Кластан бір бірімізбен мықты доспыз дейтін Әр топтан 2 достан шығады. Тақтада қойылған сұрақтарға досы туралы ақпаратты ақ параққа жазады. Тренинг соңында жазылған жауаптардың досының пікірімен қаншалықты сәйкес келетіндігі анықталады. Егер досының ойымен сәйкес келсе, бір қадам алдыға жылжиды.
Жауап дұрыс болмаса орнынан қозғалмайды. Бер. Кері байланыс орнатып, тақырыппен жаттығуды байланыстырады.
Ресурс: Интерактивті тақтада берілген тренинг нұсқауы
Ой - толғау 10 - минут
Мұғалімнің іс - әрекеті
«Дос іздеу» жарнама ұйымдастыруға ықпал ету
Ой қорытуға ықпал ету
Оқушының іс - әрекеті
Оқушылар бойындағы қасиеттерді, өздері туралы мағлұмат бере отырып, өздерін жарнамалап іледі.
Ресурс: Интерактивті тақта, нұсқау, жапсырма қағаздар, смайлик суреттері
Үйге тапсырма:
Дос жүрегі шар айна» тақырыбында эссе жазу
9 750
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ашу – дұшпан, ақыл - дос
Ашу – дұшпан, ақыл - дос
- Достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру; - Айнала қоршаған адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту;
Дос және достық әңгімесі
Дос және достық әңгімесі
Оқушылардың арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір - бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативтік өрісті дамыту. Оқушыларды Отанына, туған жеріне, анаға, досына деген сүйіспеншілікті арттыру, дамыту.
Достық торы тренингі
Достық торы тренингі
«Достық» торы тренингі
Алынбайтын асу жоқ
Алынбайтын асу жоқ
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебі өзін - өзі тану пәні мұғалімі Музеева Асемгүл Өмірзаққызы
Қанағат рақым ойлап қой
Қанағат рақым ойлап қой
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Музеева Асемгүл Өмірзаққызы
Мектепте өзін-өзі тану сабағын жүргізу әдістемесі
Мектепте өзін-өзі тану сабағын жүргізу әдістемесі
Тауекелова Сандуғаш Рымбековна Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті, Абай атындағы мектеп - гимназияның өзін - өзі тану пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×