Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Механикалық жұмыс

03 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: механикалық жұмыс ұғымымен таныстыру, оның қасиеттерін жан - жақты аша отырып, мазмұнды есептер шығаруға пайдалана алу іскерлігін жетілдіру.
Дамытушылық: алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алу дағдысын қалыптастыру, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету.
Тәрбиелік: еңбекке баулу, өз ойын ортаға сала алатын батылдыққа ұжымшылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: «жұмыс» жайлы өздерінің бұрыннан білетін түсініктерін тереңдету, оны басқа да физикалық ұғымдармен байланыстыра отырып, есептер шығару, әр түрлі жаттығу жұмыстарын орындау.
Оқыту технологиясы: сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Оқытудың формалары: бірлескен ұжымдық іс - әрекет.
Оқу әдістері: ұғымдарды, ережелерді қорыту, талдау, жинақтау, өзін - өзі бақылау, өзін - өзі бағалау.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, әдебиет пәндерімен байланыстыра оқыту.
Сабақтың жабдығы, көрнекіліктер: компьютер, мензурка, термометр, динамометр, таразы, формулалар, физикалық шамалар, сурет, есептер жазылған кеспелер, слайд, кітапша, интерактивті тақта, сөзжұмбақ, кесте.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі – оқушылармен сәлемдесу; сабақтың мақсат - міндетімен таныстыру; топқа бөлу.
2. Сабақ кезеңдері – қызығушылықты ояту кезеңі; жаңа сабақты түсіндіру; ойындар; есептер шығару; шығармашылық жұмыс; ой - толғаныс кезеңі; сөзжұмбақ шешу; кесте толтыру; мақал – мәтелдер айту; үйге тапсырма беру; бағалау.
Денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы механикалық жұмыс деп аталады. Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің механикалық жұмысы күшке де, жүрілген жолға да тура пропорционал өзгеретінін көрсетеді. Бұл қорытынды қысқаша мына өрнек түрінде беріледі.
A = F*S жұмыс = күш * жол
Жұмыстың өлшем бірлігіне 1 Ньютон күштің денені 1 метрге жылжытқандағы жұмысы алынады. Жұмыстың мұндай халықаралық бірлігі XIX ғасырдағы ағылшын ғалымы Д. Джоульдің құрметіне Джоуль деп аталады. (қысқаша Дж. деп белгіленеді).
1 Джоуль = 1 Ньютон*1 м қысқаша 1 Дж = 1Н*1м
Жұмыстың Джоульден үлкен де, кіші де бірліктері бар:
1 килоджоуль (1кДж) = 1000 Дж = 103 Дж
1 миллиджоуль (1мДж) = 0, 001 Дж = 10 - 3 Дж
1 микроджоуль(1мкДж) = 0, 000001 Дж = 10 - 6 Дж
Жұмыстың сипаттамасы:
скаляр шама
A = F*S
1 Дж = 1Н*1м

А динамометр, сызғыш(метр)

Жұмыспен байланысты физикалық шамалар:
A=F*S
S = υ*t
F = m*g
m = ρ*V
V = a*b*c

Есеп шығару мысалы:
Ұзындығы 12 см, ені 30 см, қалыңдығы 10 см алюминий кесегін 60 см биіктікке көтергенде істелетін жұмысты есептеңдер. Алюминийдің тығыздығы: 2700 кг/м3

Берілгені: ---- ХЖ: ------- Шешуі: ----------- Есептеу:
a=12см ------- 0, 12м ------ A=F*S ------------ A=2700кг/м3*0, 12м*0, 3м*
b=30см ------- 0, 3м ------- F = m*g ---------- 0, 1м*9, 8Н/кг*0, 6м =
c=10см ------- 0, 1м ------- V = a*b*c -------- = 57, 15 Дж
h=60см ------- 0, 6м
ρ=2700кг/м3
A =?
Жауабы: A = 57, 15 Дж

Есте сақта:
1. Егер күш бар болып, орын ауыстыру жоқ болса, онда жұмыс та болмайды.
2. Егер денеге күш әсер етпесе, бірақ дене инерциясымен қозғалатын болса, мұндай жағдайда да жұмыс істелмейді.
Топпен жұмыс. /Әр оқушыға таратылған кітапшамен жұмыс./

«Жолаушылар»тобының тапсырмалары: /слайд бойынша көрсету/
1. Зертхана қаласы /құралдарды анықтау – 5/
2. Формулалар қаласы /ρ; υ; P; F; A - формуласын жазу/
3. Есептер қаласы /28 жаттығу №1/
4. Ғалымдар қаласы /суреттері бойынша аттарын айту/
5. Кім жылдам /кесте толтыру /

A (Дж) 75 120
F (Н) 3 6
S (м) 12 15

« Жастар» тобының тапсырмалары: /слайд бойынша көрсету/
1. Кім алғыр /Ж - дан басталатын физикаға байланысты 5 сөз айту/
2. Есеп шығару /28 - жаттығу №2/
3. «Жұмыс» сөзжұмбақ шешу.
Ж
Ұ
М
Ы
С
Сұрақтары:
1. Жолдың уақытқа қатынасына тең шама /жылдамдық/
2. Метрмен өлшенетін физикалық шама /ұзындық/
3. Кез келген заттың ең ұсақ бөлшегі /молекула/
4. Архимед күшінің басқаша атауы /ығыстырушы/
5. Уақыттың өлшем бірлігі /секунд /

4. «Сыр сандықтың» ішіндегі затты анықтау.
Массасы 3кг, мықты болып өсу үшін жаттығуға қажетті сайман /гантель/
5. Физикалық шамаларды анықтау /m, μ; A; g; ρ; F; S; t; V; P/

«Бизнесмендер» тобының тапсырмалары: /слайд бойынша көрсету/
1. Курс қанша /өлшем бірліктерді байланыстыру/
1 км =..... мм 1 т =..... кг
1 л =..... м3 1 сағат =..... с
1 мм =..... м 1 г =..... кг
2. Шығармашылық есеп /массасы 3 кг гантельді көтергізу, өлшеуіш құралы – сызғыш/
3. « Алтын балық» аулау /сурет бойынша сұрақ/

4. Ақша санау /еселік, үлестік бірліктерді анықтау/
3 МДж =..... Дж ----------- 2 мкН =..... Н
5 кН =..... Н ---------------- 6 мДж =..... Дж
7 мкПа =..... Па ------------ 4 МПа =..... Па

5. Сөз тізбегі /Жұмыс – келесі сөз бастапқы сөздің соңғы әрпінен басталуы керек – 5 сөз физикаға байланысты/

Мақал – мәтелдер айту.
Адам бұл өмірде ең басты үш жұмыс атқару керек:
1. Үй тұрғызу /отбасы, жанұя туралы 2 мақал/
2. Ағаш отырғызу /табиғат туралы 2 мақал/
3. Бала тәрбиелеу /мінез - құлық жайлы 2 мақал/

Қорытындылау: /тақырып бойынша және логикалық сұрақтарға жауап беру/
1. Жұмысты қандай әріппен белгілейді.
2. 1 кДж - да қанша Джоуль бар.
3. Еркін түсу үдеуі неге тең?
4. Күшті қандай әріппен белгілейді.
5. Жолдың белгіленуі.
6. 5 тоннада неше килограмм бар.
7. Қаз бір аяғымен тұрғанда 5 кг, ал екі аяғымен тұрғанда неше килограмм.
8. Жұмыс скаляр шама ма, әлде векторлық шама ма?
9. Ұшақ Петропавлдан Алматыға дейін 90 минут, ал кейін қарай дәл осы жолды 1, 5 сағат ұшып келді. Бұл қалай?
10. Жұмыстың өлшем бірлігі.
11. Күшті өлшейтін құрал.
12. Жұмыстың формуласы.
13. Күштің өлшем бірлігі.
14. Үш пар ат 30 км шапса, әр ат неше километр шапқан.
15. Жолдың өлшем бірлігі.
16. «Эврика, Эврика» деп кім айтқан?
17. Бір жұмыртқа 3 минут піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі?
Шешуші сұрақ: Сонымен, балалар, біз бір сабақ бойы есептер шығарып, әр түрлі жаттығулар орындап, жұмыс істедік. Осы істеген жұмысымыз механикалық жұмысқа жата ма?
/жатпайды, себебі орын ауыстыру болған жоқ/
Бағалау.
Үй тапсырмасы: §51 /жұмысқа байланысты өздері ойдан есеп құрастыру/
32 873
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
Оқушыларға қозғалысқа арналған есептер және сол есептерге кері есептер шығару жолдарын меңгерту. Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептерді шешуді үйрету. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Механикалық жұмыс
Механикалық жұмыс
Жұмыс күштің және жүрілген жолдың көбейтіндісіне тең деп айта аламыз. Жұмыстың бірлігі XIX ғасырда өмір сүрген ағылшын ғалымы Д. Джоульдің құрметіне Джоуль деп аталады.
Нақты санның п - ші дәрежелі түбірі және оның қасиеттері тақырыбына есептер шығару
Нақты санның п - ші дәрежелі түбірі және оның қасиеттері тақырыбына есептер шығару
Нақты сандардан алынған түбірлер мен оның қасиеттері туралы білімдерін тереңдету және жүйелеу, осы қасиеттерді есеп шығаруда қолдана білуге үйрету, есептеу дағдыларын арттыру, математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Туындыны табу ережелері
Туындыны табу ережелері
Арал қаласы, «№19 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі математика пәні мұғалімі Құттымұратова Гүлнар Әмитқызы
Туынды тарауына есептер шығару
Туынды тарауына есептер шығару
Туынды тақырыбы бойынша теориялық қайталау, дифференциялдау ережелерін қолдануға, жанама теңдеуін жазуға, күрделі функцияның туындысын табуға деңгейлік есептер шығару, тақырып бойынша білімдерін тексеру.
Туындыны есептеу ережелері
Туындыны есептеу ережелері
Туынды жайлы меңгерген білімдерін одан әрі тереңдету, толықтыру Оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктерін дамыту, алған білімдерін практикада пайдалана білу дағдысын қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×