Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы

15 қаңтар 2015, Бейсенбі
Категориясы: Физика
І. Сабақтың тақырыбы: Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы
ІІ Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Оқушыларға дененің өзара әрекеттесуі дене массасы және оның өлшем бірліктері, дененің массасын анықтау тәсілдері туралы түсінік беру.
ә) Дамытушылығы: Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу. еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
б) Тәрбиелілігі: еңбекке баулу, оқушыларды ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
ІІІ. Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
ІV Сабақ әдісі:
V Құрал – жабдықтар: Инт. Тақта, таразы, электрондық оқулықтар.
VІ Пәнаралық байланыс: Тарих

VІІ Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру
2) Үй тапсырмасын тексеру « ІІ тарау қорытындысы»
3) Жаңа тақырыпты баяндау
4) Есептер шығару
5) Бекіту
6) Бағалау
7) Қорытынды
8) Үйге тапсырма беру

1) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын қарап шығару: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын сұрау:
Қойылатын сұрақтар

1) Механикалық қозғалыс дегеніміз не?
2) Материалдық нүкте дегеніміз не?
3) Қозғалыс траекториясы
4) Орын ауыстыру
5) Бірқалыпты қозғалыс д/з не?
6) Бірқалыпты емес қозғалыс д/з не?
7) Жылдамдық
8) Инерция
Инерцияны қимылмен көрсету
Оқушылар көздері жұмулы, еркін отырады.
Менің айтқанымды мұқият тыңдап, қимылмен көрсетіп отырыңдар. Ол сендердің сұраққа жауаптарың болады.
1). Бәріміз автобус ішінде отырмыз. Автобус орнынан жұлқына тартылып қалды, тепе - теңдік бұзылды. Сонда қалай қимылдаймыз. Қай жаққа қисайдық?
2). Ұзын жолмен автобус зулап келеді. Ол бірқалыпты қозғалады. Кенет тежелді қалай қимылдаймыз?
3). Бірқалыпты келе жатқан автобус оңға қарай тез бұрылды, қалай қимылдаймыз?

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту:
Суреттермен жұмыс.
Өткен сабақта біз денелердің өзара әрекеттесуі туралы айтқан болатынбыз.
Міне осы суретте денелер бір - бірімен әрекет еткенде олардың қозғалыс жылдамдықтары өзгереді.
Мысалдар 64 - шы сурет
Денелердің өзара әрекеттесуін бақылай отырып, әрекеттесу кезінде бір дененің жылдамдығы көбірек, 2 - ші дененің жылдамдығы аз өзгеретінін көруге болады. Мысалы: роликті коньки киіп тұрған кішірек және әрекетеу екі бала бірін – бірі итеріп жібергенде, яғни әрекеттескенде кішірек бала ересектеу балаға соғылғанда едәуір тез қозғалады. Осы мысалдардан жылдамдықтың өзгерту қабілетін сипатайтын физикалық шаманы енгізу қажет болады.

І. Дененің өзара әрекеттеу кезінде жылдамдықтардың өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шамаға масса жатады. Оны m әрпімен белгілейді.
Мысалдар келтіру
Кітапта 65 а, ә, б сурет және инт. тақтадан демонстрация көрсету.

S1=2S2
V_1=S_1/t
V_1=〖2S〗_2/t t=S_2/V_2
v_1=〖2S〗_2*v_2/S_2 =2v_2
Тәжірибелерден мынадай қорытынды:
Екі дененің массасының қатынасы олардың өзара әрекеттесуі кезінде тыныштық күйінен шыққанда алатын жылдамдық қатынасына кері пропорционал болады.

m_1/m_2 =v_2/v_1
Массаның өлшем бірлігі ретінде ( SІ) жүйесінде килограмм (кг) алынған
Бұл – платина мен иридийдің қорытпасынан құйып жасалған цилиндр эталондық (үлгі) гірдің массасы. Бұл үлгі Париж қаласының жанындағы Севр қаласындағы эталондық мұражайда сақтаулы (66 сурет)

ІІ. Дене массасын дененің әрекеттесуі арқылы емес таразыға тартып өлшеуге де болады.
Таразымен танысу. Таразының бірнеше түрлері болады. Таразының түрлерімен, қай жерде қандай таразы қолданылатыны туралы айтып кету.
Массаның өлшем бірліктері
1г =0, 001 кг 1 кг =1000 г 1 кг =1000000 мг
1 т = 1000 кг 1 кг =0, 01 ц
Байырғы салмақтың өлшем бірліктері туралы мәлімет беру.
Титімдей, титтей.
Тинақтай, тырнақтай.
Оймақтай.
Шүйкедей – ұршыққа ыңғайланып шиыршықталған жүндей.
Бір жапырақ – бір жұлым.
Бір жұтым – ауыз толтырып бір ішерлік (су, сүт, т. б.).
Бір шайнам – ауызға бір салар (тағам).
Қадақ – 200 грамм (кейбір әдебиетте 400 гр.).
Бір қап (ұн, қант) – 50 - 60 кг.
Бір арқа (жүк) – 45 - 50 кг.
Найза қап, қанар – 70 - 80 кг.
Пұт – 16 кг, жуық.
Масса – едәуір күрделі физикалық шама.
Сонымен оны бір тақырыпта толық қарастырып шығу қиын.

ІІІ. Денелердің массасын формула арқылы анықтау.
Мысалы: Планета жұлдыз сияқты алып дененің немесе өте кішкентай бөлшектердің массасын таразыға тартып өлшей алмаймыз.
Бірақ олардың массасы анықталған
Мк=1, 99·1030 кг m=9, 1093897·10 - 31 кг
Мұндай дененің массасын қалай анықталғанын физиканы әрі қарай оқығанда танысасыңдар.
Есептер шығару
1. Шыбын қанатының массасы 0, 00005 г=0, 00000000 5 кг
2. Теннис добының массасы 2, 5 г=0, 0025 кг
3. Футбол добының массасы 400 г=0, 4 кг
4. Автомобильдің массасы 1, 45 т=1450 кг
Үйге тапсырма
Бағалау
Қорытынды
11 757
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Масса және күш. § 30. Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы.
Масса және күш. § 30. Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы.
Денелердің өзара әрекеттесуін, дененің массасы оның өлшеміне байланысты болатынын түсіндіру. Масса ұғымын енгізу. 2. Дамытушылық: Танымдық қабілетін, формулаларды қолдана отырып есептер шығаруға, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы
Мақсаты: Денелердің өзара әрекеттесуі және дененің массасы туралы түсінік қалыптастыру, үйлесімділікпен әрекеттесуге баулу. Міндеттері: Денелердің өзара әрекеттесуін, масса ұғымын, массаның формуласын білу.
Дененің массасы. Заттың тығыздығы
Дененің массасы. Заттың тығыздығы
Денелердің өзара әрекеттесуі кезінде әр түрлі дененің инерттілігінің өлшемі, 1 см3 заттың массасын көрсететін шамалар туралы түсінік беру. Осы физикалық шамалардың формуласын және өлшем бірліктерін меңгертіп, өз бетімен жұмыстануға дағдыландыру.
Дененің салмағы. Салмақсыздық
Дененің салмағы. Салмақсыздық
Атырау облысы, Құлсары қаласы, Жылыой ауданы, №1 жалпы орта білім беретін мектептің физика пәні мұғалімі Боранбаева Камила
Заттың тығыздығы
Заттың тығыздығы
Мұғалжар ауданы, Қ.Жұбанов атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі: Мустакова Динара Жомартовна
Күш. Деформация. Гук заңы. Динамометр. Бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу
Күш. Деформация. Гук заңы. Динамометр. Бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің физика пәні мұғалімі Жиембаева Гулмира Искендировна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×