Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дененің салмағы. Салмақсыздық

08 сәуір 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
Атырау облысы, Құлсары қаласы, Жылыой ауданы,
№1 жалпы орта білім беретін мектептің физика пәні мұғалімі
Боранбаева Камила

Физика 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Дененің салмағы. Салмақсыздық
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға салмақ, ауырлық күші мен салмақ арасындағы айырмашылық, салмақсыздық, асқын салмақ туралы түсінік беру, оқушылардың өз бетімен білім алуына жағдай жасап, таным белсенділігін арттыра отырып, тақырыптың мазмұнын ашу
2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу, алған білімдерін сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білуге дағдыландыру.
3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: баяндау, лекция, сұрақ - жауап.
Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: электронды оқулық, диномометр, құм салынған қапшық, компьютер слайдтар, плакаттар, суреттер.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап»
1. Сұрақтарға интерактивті тақта арқылы жауап беру
1. Бүкіл әлемдік тартылыс дегеніміз не?
2. Қандай күш ауырлық күші деп аталады?
3. Денеге әрекет ететін ауырлық күші мен оның массасының арасындағы қатынасы қандай?
4. Дененің массасын динамометр көмегімен анықтауға бола ма?
5. Күн жүйесінің қай планетасында денеге әрекет ететін ауырлық
6. күшінің шамасы көбірек?
7. Неліктен денелердің Айға тартылуы Жердегіге қарағанда аз?
2. Үйге берілген есепті тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Ауырлық күші. Дененің салмағы (Лекция)
2. Дене салмағының денеге әсер ететін ауырлық күшінен айырмашылығы (электрондық оқулық арқылы түсіндіру), құралдарды пайдаланып тәжірибе жасап көрсету
3. Салмақсыздық. Асқын салмақ
4. Денелердің жерге тартылу күшін ауырлық күші деп атаймыз. Ауырлық күшімен катар салмақ ұғымы да жиі қолданылады. «Салмақ» сөзі бәрімізге жақсы таныс. Алайда көп жағдайда ауырлық күші мен салмақты жиі шатастырады. Салмақ дегеніміз не?
5. Тірек үстінде тұрған денені қарастырайық. Денеге бұл жағдайда да ауырлық күші әрекет етеді, ал оның құлауына тірек кедергі жасайды. Бұл кезде дене мен тірек өзара әрекеттеседі. Дене өзі жатқан тіректі қысып басады. Бұл күш дененің салмағы болып табылады. Әдетте салмақты Р әрпімен белгілейді. Дене жіпке, аспаға, жалпы. Ілініп қойылса да дәл солай болады. Сонымен, дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші дененің салмағы деп аталады. Егер дене горизонталь орналасқан, әрі жерге қатысты қозғалмайтын тірек үстінде жатса, онда дененің салмағы оған әрекет ететін ауырлық күшіне дәлме - дәл келеді. Сонда Р=Ғ, яғни P=mg, сондықтан ауырлық күші мен салмақты жиі шатастырады. Алайда Бұл әртүрлі күштер екенін және әртүрлі денеге түсірілетіндігін ескеру қажет: ауырлық күші қарастырылатын денеге, ал салмақ дене орналасқан ірекке түседі.
• Дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші дененің салмағы деп аталды.
• Ауырлық күші қарастыратын денеге, ал салмақ дене орналасқан тірекке түсіріледі.
• Егер дене горизонталь орналасқан, әрі жерге қатысты қозғалмайтын тірек үстінде жатса, ондадене салмағы әрекет ететін ауырлық күшіне дәлме - дәл келеді.
P=FA= mg

IV. Жаңа сабақты бекіту
І. Бақылау сұрақтары
1. Дененің салмағы дегеніміз не?
2. Дененің салмағы мен ауырлық күшінің арасындағы қандай айырмашылық бар?
3. Қандай жағдайда дене салмақсыздық күйде болады?
4. Салмақсыздық себебі неде?
ІІ. Венн диаграммасы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 342
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Импульстің сақталу заңы
Импульстің сақталу заңы
Оқушылардың «Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы» тарауы бойынша алған білімдерін практикада қолдана білу іскерліктері мен дағдысын қалыптастыру. Өткен материалды қайталап, қорытындылау.
Физикадан қысқа мерзімді жоспарлар
Физикадан қысқа мерзімді жоспарлар
Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы. Деформацияланған серіппенің потенциялдық энергиясы туралы түсінік қалыптастыру. Серпімділік күшінің жұмысы мен серіппенің потениялдық
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Физика пәні мұғалімі Аксыргаевна Бибигул
Үйкеліс күші
Үйкеліс күші
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бірлік ауылындағы №102 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Жанназарова Салтанат Нурадиновна
Қысым тарауына есептер шығару
Қысым тарауына есептер шығару
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, №1Зеренді орта мектебінің физика және математика пәні мұғалімі Шарипбаева Айнұр Амангелдіқызы
Тартылысы құбылысы. Ауырлық күші
Тартылысы құбылысы. Ауырлық күші
Семей қаласы № 8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім мен тәрбие беру мектеп кешені Елеусізова Жания
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×