Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Заттың меншікті жылусыйымдылығы

15 қаңтар 2013, Сейсенбі
Категориясы: Физика
Қызылорда қаласы,
Талдыарал елді мекені №215 орта мектебінің
физика пәні мұғалімі Бекетова Ғалия
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы:§10. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы.
Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу
Мақсаты:
Білімділік:
Заттың меншікті жылусыйымдылығы нені көрсететінін және бірлігі не екенін білу. Денені қыздыру үшін қажетті жылу мөлшерін қандай формуламен есептеуге болатынын және c, m, t әріптерімен қандай физикалық шамалар белгіленгенін білу. Есептер шығаруда 1-кестені және формулаларды дұрыс қолдана білу
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге қызығушылығын арттыру.Іскерліктеріне, өз бетімен еңбектену сезімдерін, жеке оқушылардың білім дағдыларын дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, дәлдікке, ұқыптылыққа, нақтылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Дәстүрден тыс
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту
Пайдаланылатын педагогикалық технология: Ақпараттық технология
Әдіс-тәсілдері: Топтастыру; Түсіндірмелі – иллюстративті көрнекілік әдіс
Құрал-жабдықтар мен көрнекілігі: Компьютер, Интерактивті тақта жабдықтары, Компьютер слайды, топтама қағаздар, электронды оқулық
Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Тақырып бойынша оқулық Б.М.Дүйсембаев «Мектеп» 2004;2008 жыл
2. Пәннің әдістемелік-дидактикалық құралы
Б.М.Дүйсембаев Оқыту әдістемесі «Мектеп»2008 жыл
3. Ақпараттық қызмет: газет, журнал
«Математика және физика» №1 2005 жыл
«Математика және физика» №2 2011 жыл
4. Пәнаралық байланыстағы оқулық Жаратылыстану 7-сынып

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
1. Қызығушылықты ояту
а) Сабаққа керекті құрал-жабдықтарды дайындау, оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу, белсене араласуын, зейін қойып тыңдауларын талап ету.
ә) Сынып оқушыларын І, ІІ, ІІІ топқа бөліп отырғызу

ІІ.Мағынаны тану
1)Топтастыру стратегиясын пайдаланып «Жылу берілуінің түрлері» тақырыбынан өткенді қайталау
2) І топ «Жылуөткізгіштік» тобы
ІІ топ «Конвекция» тобы
ІІІ топ «Сәулелену» тобы
Әр топ оқушылары өз топтарының аттарына байланысты анықтама беріп, мысалдар келтіріп түсінік жасайды.

3) Компьютерлік слайд арқылы §9. Жылу мөлшері. Жылу мөлшерінің бірліктері тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беру
1.Жылу берілу кезінде ішкі энергияның өзгеруінің өлшемін не деп атаймыз?
Жылу мөлшері
2. Жылу мөлшерінің белгіленуі – Q
3.1г суды 1°С- қа қыздыру үшін берілетін жылу мөлшері - калория
4.1 калорияда қанша жылу мөлшері бар? 1кал = 4, 19Дж
5.25 килоджоуль -? джоуль 25кДж = 25000Дж
6. «калория» сөзінің мағынасы – латын сөзінен «жылу», «қызу»

ІІІ. Жаңа сабақ §10. Заттың меншікті жылусыйымдылығы.
Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу
Кіріспе:
Сонымен, сендер жылу берілу жолымен дене қызғанда берілетін (немесе суығанда олар шығаратын) жылу мөлшері дененің температурасының өзгеруі мен массасына қалай тәуелді болса, дене жасалған заттың тегіне де солай тәуелді болатынын білдіңдер.
Массалары бірдей су мен сүтке бірдей градусқа қыздыру үшін суға-көп, сүтке-аз жылу мөлшері қажеттігі тәжірибелер негізінде дәлелденген.

ІУ. Жаңа сабақты түсіндіру
Есіңе сақта!
Массасы 1 кг заттың температурасының 1°С – қа өзгерту үшін қанша мөлшерде жылу қажет екендігін көрсететін физикалық шаманы
заттың меншікті жылусыйымдылығы деп атайды.
заттың меншікті жылусыйымдылығы – с әрпімен белгіленеді.
Әр заттың меншікті жылусыйымдылығы тәжірибе жүзінде анықталған және кестеге енгізілген.

Назар аудар!
Меншікті жылусыйымдылығы 1 кг затты 1°С –қа қыздырғанда немесе салқындатқанда, ішкі энергиясы қандай шамаға өзгеретінін көрсетеді. Заттың меншікті жылусыйымдылығы әр түрлі агрегаттық күйінде - қатты, сұйық, газ тәрізді күйінде түрліше болады.
Мысалы: Басқа заттармен салыстырғанда, судың меншікті жылусыйымдылығы көп.
Тұрғын үйді жылыту жүйесінде суды пайдалану ыңғайлы, тиімді.
Құрлықтардың климатына қарағанда, теңіз, аралдардың климаты қоңыржай салқын келеді.
Назар аудар!
Денені қыздыру үшін берілген немесе салқындағанда одан бөлінетін жылу мөлшерін есептеу үшін заттың меншікті жылусыйымдылығын дененің массасына және жоғарғы температурасы мен төменгі температураларының айырымына көбейту керек.
Q = cm (t2 - t1) мұндағы Q-жылу мөлшері
с- заттың меншікті жылусйымдылығы
m – дененің массасы
t1- дененің бастапқы температурасы
t2 - дененің соңғы температурасы

У. Жаңа сабақты бекіту
Тәжірибе жасау Электронды оқулықпен жұмыс
Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу
Есептер шығару 6-жаттығу Оқулықпен жұмыс

І топ «Жылуөткізгіштік» тобы 6-жаттығу №1 есеп
Бер: Су -------------------------------Q = cm (t2 - t1)
c= 4200 Дж/кг* °С ---------------Q = 4200 Дж/кг* °С • 0, 25кг • 5 °С =5250Дж
m =250г=0, 25кг
t1= 5 °С
т/к Q-? Дж

ІІ топ «Конвекция» тобы 6-жаттығу №2 есеп
Бер: Жез -----------------------------Q = cm (t2 - t1)
c= 400Дж/кг* °С ------------------Q = 400 Дж/кг* °С • 0, 2кг (365 °С- 15 °С) =28000Дж
m =0, 2кг
t2= 365 °С
t1= 15 °С
т/к Q-? Дж

ІІІ топ «Сәулелену» тобы 6-жаттығу №3 есеп
Бер: Су ---------------------------------Q = cm (t2 - t1)
Q =84 кДж=84000Дж ---------------m = Q /ct
c= 4200Дж/кг* °С --------------------m =84000 Дж/4200Дж/кг* °С • 10 °С =2 кг
t1= 10 °С
т/к m -? кг

VІ.Қорытындылау «Физика халық ауыз әдебиетінде»
1-оқушы
Бір күні аты әлемге әйгілі Алдар көсе Шық бермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Алдар көсе ұзақ әңгіме айтып отырып қалады да, бай оны шайға шақырады. Шайға байдың қызы Бикеш темірден өріліп жасалған ыдысқа бауырсақты салып әкеліп дастарханға қойып жатып былай дейді:
Бауырсақты ыстық кезінде жеген дәмдірек, сондықтан да бауырсақ тез суып қалмас үшін мына темірден өріп жасалған ыдысқа әдейі салып әкелдім.
Дәмнен ауыз тиіңіздер.
Сонда көпті көрген қу Алдар былай деп жауап қайтарады;
Жоқ, қарындасым, сіз қателесесіз. Темір ыдыста бауырсақ тез суиды, ал бауырсақ тез суымасын десеңіз, бауырсақты ағаштан өріліп жасалған ыдысқа салғаныңыз жөн болар еді.

Сұрақ Алдардың дастархан басында берген кеңесі дұрыс па?
2-оқушы Ертегі «Күн астындағы Күнекей қыз»
«Байқаса екі ұртында кішігірім бір көлдің суындай су қалған екен, бүркіп-бүркіп жіберіп еді, қызыл жалын демде басылып, темір үй лезде суына қалды»
Сұрақ Ертегі үзіндісінен нені байқадыңдар?
Судың меншікті жылусыйымдылығын темірдің меншікті жылусыйымдылығымен салыстырайық

VІІ. Үйге тапсырма:
§10. Заттың меншікті жылусыйымдылығы.
Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу
І топ «Жылуөткізгіштік» тобына 6-жаттығу №4
ІІ топ «Конвекция» тобына 6-жаттығу №9
ІІІ топ «Сәулелену» тобына 6-жаттығу №10
VІ. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
37 647
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы
Отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерінің, отынның меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсінуі, формуласын қолданып есептер шығара алуы.
Физика пәнінен орта мерзімдік жоспар
Физика пәнінен орта мерзімдік жоспар
Физика пәнінен орта мерзімдік жоспар
Физикадан практикалық жұмыс
Физикадан практикалық жұмыс
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Исабекова Бибинур
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Исабекова Бибинур
Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі тарауын қорытындылау.
Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі тарауын қорытындылау.
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Б. Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп – гимназияның физика пәні мұғалімі Тулеушова Асел Бақытжанқызы
Жылу берілу мен заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі бойынша қайталау
Жылу берілу мен заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі бойынша қайталау
Жылу құбылыстары, Заттың агрегаттық күйлері тараулары бойынша алған білімдерін анықтау. Теориялық білімді практикада және есеп шығаруда қолдана алу дағдыларын арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×