Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрақты электр тогы

04 наурыз 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
Физика 8 класс
Сабақтың тақырыбы: «Тұрақты электр тогы» тарауына қайталау.
Сабақтың білімдік мақсаты: Пиза бағдарламасы бойынша берілген мәтін арқылы кездесетін тақырыпқа байланысты ситуацияларды шешуге қатысты пәндік білімін, біліктілігін, дағдысын жинақтап көрсету. Нарықтық заманымызға сәйкес үнемділікке үйрету.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау
• Оқушы мақсат қоюға үйренеді;
• есте сақтау қабілеттері дамиды;
• басқалармен бірігіп жұмыс жасайды;
• кітаппен жұмыс жасауға үйренеді;
• қатарынан қалмауға тырысады;
.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу. Оқушының дүниетанымы кеңейту, зерттеушілік, ізденушілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: білімді қалыптастыру, жалпылау.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: дискуссия, мәтінмен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық тақта, слайд - шоу, тақырыптық тест.
Қолданылатын технологиялар: ақпараттық технология.
Пәнаралық байланыс:
әдебиет, биология, химия, математика, география, математика, өмірмен байланыс.

Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: (2/ )
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Негізгі бөлім:
Сабақтың жоспарымен таныстыру
Білімді тиянақта. Деңгейлік тапсырма орындау
Тізбекте. Логикалық және ситуациялық сұрақтар
Не? қайда? қашан? Мәтінмен жұмыс

1. мәтін (өмірден алынған қандай да бір ситуацияның жазбасы;)
2 Мәтінді талдау (Блум жүйесі бойынша талдау, қарапайымнан күрделіге қарай) және бағалау түсіндіріп кету
Мәтін
Тұрғын үйге берілетін кернеу U=220 В болғанда, онда тұтынатын ток күші I=10 А - ден аспауы тиіс. Үйдегі тұтынушылардың бір мезгілде пайдалану қуатының шекті мәні: P=10 A * 220 B= 2200 Bт=2, 2 кВт. 1 кВт *сағ электр энергиясының құны тариф (В) деп аталады. Мысалы, Аягөз тұрғындары үшін 2015 жылғы күндізгі тариф 1кВт*сағ =8, 36 теңге, яғни В=тенге/кВт сағат

Өткізгіш боймен ток өткенде, өткізгіш қызады, яғни электр энергиясы ішкі энергияға айналады. Бұл металдардағы еркін электрондар электр өрісі әрекетінен орын ауыстырғанда, кристалдық тор түйіндерінде орналасқан иондармен соқтығысып және оларға өз энергиясының бір бөлігін беруімен түсіндіріледі. Соның нәтижесінде иондар үлкен жылдамдықпен тербеле бастайды, өткізгіштің ішкі энергиясы артады және оның температурасы көтеріледі.

Өткізгіштердің қызуы тек ток күшіне ғана байланысты ма? Мынадай тәжірбие жасайық. Кедергілерді әр түрлі мыс, болат және никелиннен жасалған үш өткізгішті бірінен соң бірін тізбектей жалғайық. Тізбекті тұйықтап, ондағы ток күшін біртіндеп арттырамыз. Тізбектей жалғанған өткізгіштердегі ток бірдей болады. Өткізгіштерде бөлінетін жылу мөлшері әр түрлі: алғашында никелин өткізгіш сондай - ақ токты арттырғанда никелин және темір өткізгіштер қыза бастайды, ал мыс сым білінер - білінбес қана жылынады.

Қазіргі кездегі техникада электр тогының жылулық әрекеті үлкен рөл атқарады. Әр түрлі типтегі электрқыздырғыш құралдар практикада жиі пайдаланылады. Үй тұрмысында электр пеші, электр үтігі, электр шәугім, шаш кептіруге арналған фендер және т. б. қыздырғыш құралдар кеңінен қолданылады. Өндірісте никель, танталь, молибден тәрізді меншікті кедергісі жоғары металдарды дәнекерлеу үшін контактілі электр дәнекерлеуші тетіктердің электрқыздырғыштары қолданылады. Ауыл шаруашылығының әртурлі салаларында жоғарғы температура алу үшін қуатты электр пештері пайдалынады.

Табиғатта тірі организмдердің тіршілік әрекетіндегі электролилиздің рөліне баға жетпейді. Қан плазмасы, барлық тірі клеткалардың плазмасы күрделі электролиттер болып табылады. Организмінің барлық ұлпарлары осы электролиттермен өзара белсенді әрекеттеседі. Сонымен қоса, олармен ас қорыту, тыныс алу, сүйек түзілу, жүйке тітіркеністерін беру, клеткаішілік қысымды реттеу процестері де байланысты. Медицинада қазіргі заманға сай физикалық аппараттар кеңінен қолданылуда.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 199
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Күн - күндізгі жұлдыз. Күннің құрылысы және негізгі сипаттамалары. Күн - Жер байланысы.
Күн - күндізгі жұлдыз. Күннің құрылысы және негізгі сипаттамалары. Күн - Жер байланысы.
Күннің құрылысы және негізгі сипаттамаларымен таныстырып солар туралы түсінік қалыптастыру.
Линзалар. Жұқа линзаның формуласы. Линзадағы сәуле жолдары. Линзада кескін алу. Оптикалық аспаптар
Линзалар. Жұқа линзаның формуласы. Линзадағы сәуле жолдары. Линзада кескін алу. Оптикалық аспаптар
Линзаның үлкейтуі. Линза шығаратын кескіннің шамасы әдетте нәрсенің өлшемінен басқаша болады. Бұл үлкейту деген шамамен сипатталады. Сызықтық үлкейту деп кескіннің сызықтық өлшемінің нәрсенің сызықтық өлшеміне қатынасын айтады.
Ауаның ылғалдылығын анықтау
Ауаның ылғалдылығын анықтау
Ақтөбе қаласы, Благодар орта мектебінің Физика пәні мұғалім Қоянбаева Асылгүл Жайылханқызы
Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері
Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы М.П.Окороков атындағы жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Колдасова Яхшигул Османовна
Тұрақты электр тогы
Тұрақты электр тогы
тұрақты электр тогы» тарауындағы негізгі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды қайталау және бекіту. Өлшем бірліктерді, формулаларды түрлендіруге, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №9 жалпы білім беру орта мектебінің физика пәні мұғалімі Нурмаганбетова Култе Якудаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×