Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тапқыр достар

05 наурыз 2015, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Физика заңдылықтары мен информатика негіздері (Сайыс сабақ)
Тақырыбы: «Тапқыр достар»
Сайыс мақсаты: Екі пәнді біріктіре отырып, оқушылардың тез ойлауын және осы кезге дейін өткен тақырыптарына байланысты ой шерту. Еске түсіру барысында сұраққа жауап алу. Пәнаралық байланысты нығайту.
Әдісі: талдау, сұрақ – жауап, ой қозғау.
Көрнекілігі: слайд,

Сайыстың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Әр турлар бойынша сұрақ – жауап.
ІІІ. Сайысты қорытындылау.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлеметсіздер ме? Бүгін өткелі отырған «Тапқыр достар» атты кешке баршаңызда қош келдіңіздер!!! Бүгінгі ойынға екі топ қатысады. Олар: «Тапқырлар» мен « Алғырлар» тобы. Ойынды бастау үшін екі ұяшық беріледі, соны топ басшылары таңдау керек. 1 номері шыққан топ бірінші бастайды.

Мұғалім сөзі: Халыққа жар салайық,
Физиканы түсініп бір алайық,
Информатика тілінде
Бүгінгі кеш төрінде
Сұрақ – жауап айтысып,
Шабыт тасып, шалқысып,
Көңілді кеш жасайық,
Мәреден бір асайық!

Ендігі кезек алдарымызда тұрған 7абвг класс оқушыларына өз командаларының аттарын таңдауға және капитан сайлауына ерік берейік.
Командалар өз аттарын сайласа, кезекті бүгінгі кешті шешетін әділқазы алқаларын сайлап алайық.
Ендеше бәрі дайын болса, бүгінгі кештің жоспарымен таныстырып кетейін!
І тур.
«Білгір болсаң, тауып көр» деп аталады. (Мұнда 1 - ші командаға 5 сұрақ физикадан, 2 - ші командаға 5 сұрақ информатикадан қойылады, ұпайды әділқазылар шешеді).
ІІ тур.
«Жүйрік болсаң, шауып көр» деп аталады. (Мұнда әр командаға екі сұрақтан беріледі, 1 сұрақ физикадан, 1 сұрақ информатикадан. 5 минут ішінде командалар өз жауаптарын беруге команда капитаны шығып айтады. Ұпайды әділқазылар шешеді).
ІІІ тур.
«Ойлы болсаң, озып көр» деп аталады. (Мұнда әр командаға физикадан 3 жұмбақ, информатикадан 3 жұмбақ жасырылады. Тапқан жауаптары бойынша анықтамасын немесе түсіндіріп беруі тиіс. Ұпайды әділқазылар шешеді).
IV тур.
«Мықты болсаң, жеңіп көр» деп аталады. (Мұнда 20, 30, 40 ұпайдан тұратын сұрақтар қойылады, ұпай сәйкесті қойылады, оны әділқазылар қадағалап отырады).
Y тур
« Біле білсең айтып көр» деп аталады. Тақтада сегіз ұяшық берілген. Ұяшықтардың санының өсуіне қарай тапсырмалар да күрделене береді. Тапсырманы орындаған оқушы сол ұяшық баллын өз тобына қосады. Бір ұяшықта тосын сый бар.
YІ тур
«сұрағыма жауап бер» деп аталады (екі топқа да бес сұрақтан қойылады)

Бәрі түсінікті болса, бастайық! Іске сәт!!!

І тур. «Білгір болсаң, тауып көр» сұрақтары:
1 топқа физикадан:
1. Табиғат құбылыстарына мысал келтір? (Мұздың еруі, судың қайнауы, жылу, жарық т. б.).
2. Физика нені зерттейді? (Табиғаттағы құбылыстардың өзара байланыстарын зерттейді. «Фюзис» - табиғат).
3. Астрономия нені зерттейді? (Аспан денелері туралы ғылым. «Астрон» - жұлдыз, «номос» - заң).
4. Табиғатты зерттеудің қандай тәсілдері бар? (Бақылау, эксперимент, физикалық теория).
5. Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз не? (Оны өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру).

2топқа информатикадан:
1. Компьютер дегеніміз не? (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал).
2. Ақпарат сөзі нені білдіреді? (латынның information сөзінен – түсіндіру, баяндау, білу).
3. Ақпарат мүмкіндіктері? (алу, жіберу, өңдеу, сақтау).
4. Компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларын атаңыздар? (жүйелік блок, монитор, пернетақта; колонка, микрофон, принтер, сканер, веб - камера және т. б.).
5. Сканер дегеніміз не? (қағаздағы кескінді түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрал).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 680
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тапқыр достар!
Тапқыр достар!
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Гулнара
Тапқыр достар (сайыс сабақ)
Тапқыр достар (сайыс сабақ)
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, "№13 орта мектеп гимназиясы" ММ информатика пәні мұғалімі Сагиндикова Сандугаш Кадиргалиевна
Тапқыр достар
Тапқыр достар
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Ақтоғай орта мектебінің физика пәні мұғалімі Жанаманова Нұргүл Мұхтарқызы
Тапқыр достар
Тапқыр достар
Ақтөбе қаласы, №53 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ермагамбетова Бакытгуль Токтаровна
Тапқыр достар (сайыс)
Тапқыр достар (сайыс)
Қарағанды қаласы, Ғабиден Мұстафин атындағы №83 ЖББОМ мұғалімі Искакова Назира Сайлаухановна
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×