Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия

14 қазан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
Атырау қаласы
М. Әуезов атындағы №7 орта мектеп
физика - информатика пәні мұғалімі
Аманиязова Замзагуль Токтабаевна

Физика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия.
Сабақтың мақсаты:
1. Молекулалық физика сансыз көп бөлшектерден тұратын жүйе түрлерін қарасытратынын түсіндіру, ұғындыру;
2. Оқушылардың табиғи – ғылыми көзқарастарын қалыптастыру және дамыту. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;
3. Бақыланып отырған құбылыс бөліктерінің арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерді табуға үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа ұғымды игеру сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілі: әңгімелеу, баяндау, ой қозғау, сұрақ - жауап, тәжірибе, пікірлесу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, марганцовка, су, стакан, оқулық, суретті иллюстрация

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу;
2. Сабаққа дайындықты тексеру;

ІІ. Өткенді еске түсіру
1. «Ой қозғау» Сұрақ - жауап
● Атом – химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтаған ең кіші бөлшегі
● Молекула – химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі
1. Барлық денелер молекулалардан (атомдардан) тұрады;
2. Молекулалар үздіксіз бей - берекет қозғалыста болады,
3. Молекулалардың(атомдардың) арасында тартылыс күші және тебу күші әрекет етеді

ІІІ. Жаңа сабақ а) Кіріспе. /Оқулықпен танысу/
- Балалар, міне, сендер 7 - сыныпта "Физика және астрономия" пәнінен қоршаған орта, табиғат құбылыстары және олардың заңдылықтары т. б. қызықты әрі жаңа дүниені, оқып үйрендіңдер.
- Ал, енді бұл оқу жылы сіздер жылу, электр, магнит және жарық сияқты табиғат құбылыстарын сипаттайтын ұғымдар мен шамаларды оқып - үйреніп, олардың өзара байланыстарын және физикалық заңдылықтарын зерделейсіздер.

ә) Жылу құбылыстары
Денелер үнемі қозғалып тұратын молекулалардан құралады. Ал, әрбір жеке молекулалардың қозғалысын – механикалық қозғалыс деп атаймыз.
Механикалық қозғалыста жеке молекуланың жүрген жолын және қозғалыстың υорт орташа жылдамдығын анықтап, сол молекуланың дененің басқа молекулаларымен соқтығысуын да көз алдымызға елестетуге болады.
Барлық молекулалардың тұтас алғандағы қозғалысы бұдан да күрделірек (1см3 суда - 3, 34*1028 молекула бар)
Механикалық құбылыстардан кейінгі құбылыстар – жылу құбылыстары.
Олар денелерді қыздыру немесе суыту, яғни олардың температурасын өзгертумен байланысты. Бұл процестер денелердің кейбір қасиеттерін өзгертеді. Жылулық процестердің жүруі заттың құрылысымен тығыз байланысты.
Газ, сұйық және қатты тәрізді кез келген дене қарқындылығы температураға байланысты болатын ретсіз (хаосты) қозғалыстағы сансыз көп молекулалардан тұрады. Кей жағдайда дененің молекулалық құрылысы ескерілмей термодинамикалық әдіс арқылы зерттеледі(жылу+күш).
б) Жылулық қозғалыс
Жылулық құбылыстарын түсіндіру үшін ғалымдар ұзақ уақыт бойы еңбек етті (М. Ломоносов, Р. Джоуль, Дж. Максвелл, Л. Больцмандар).
Молекулалардың ретсіз қозғалысын жылулық қозғалыс деп атайды. (Желсіз тынық ауадағы түйдектелген шіркей).

в) Броундық қозғалыс
Молекулалардың ретсіз қозғалысының нәтижесі броундық қозғалыс болып табылады.
Суда қалқыған өсімдік спорасының қозғалысын бақылаған ағылшын ботанигі Р. Броунның құрметіне осылай аталған. Спораның бөлшектері ұсақ болған сайын жылдамырақ қозғалған. Оларды көзге көрінбейтін қандай да бір күштер үнемі қозғап тұрғандай болады. Ал температура артқан сайын олардың қозғалысы үдей түседі.

Толық нұсқасын жүктеу
16 853
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия
Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия
Молекула - кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау.
Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия
Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия
Молекулалық физика сансыз көп бөлшектерден тұратын жүйе түрлерін қарастыратынын түсіндіру, ұғындыру;
Физикадан күнделікті сабақ жоспарлар
Физикадан күнделікті сабақ жоспарлар
Физикадан күнделікті сабақ жоспарлар (Физика 9 сынып)
Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол
Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол
Қозғалыс траекториясы. Материялық нүкте жүйесі, жол жайлы мағлұмат алады. Оқушылардың басым бөлігі кластер құрады, формуланы есеп шығаруда қолданады.
Қайталау - оқу анасы
Қайталау - оқу анасы
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық селосы, Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің математика және физика пәні мұғалімі Сатбергенова Сара Батырбекқызы
Температура және оны өлшеу тәсілдері
Температура және оны өлшеу тәсілдері
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Кинорежиссер аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің физика пәні мұғалімі Мустафина Балжан Әбдімәлікқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×