Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия

22 наурыз 2019, Жұма
Категориясы: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 8. 3. 1. 1 – Молекула - кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау.
Сабақ мақсаттары Оқушылар білуі тиіс:
• Броун тәжірибесін сипаттау;
• молекулардың үздіксіз қозғалыста болуының дәлелі броундық қозғалыс екенін түсіндіре білу;
• диффузия құбылысын МКТ қағидалары негізінде түсіндіру.
Бағалау критерийлері 1. Броун тәжірибесін сипаттайды;
2. молекулардың үздіксіз қозғалыста болуының дәлелі броундық қозғалыс екенін түсіндіре алады;
3. диффузия құбылысын МКТ қағидалары негізінде түсіндіре алады.

Сабақтың басы
1. 7. 4. 1. 2 "Заттар атомдар мен молекулалардан түзілетінін білу" оқу мақсаты бойынша 7 сыныпта химия пәнінен алған білімдерін еске түсіреді. Заттың құрылысын еске түсіру мақсатында видео көрсетіледі.
Оқушылар МКТ негізгі үш қағидасын тұжырымдайды:
• Барлық денелер микробөлшектерден (атомдардан немесе молекулалардан) тұрады.
• Дене бөлшектері үздіксіз бей - берекет қозғалыста болады.
• Ол бөлшектер өзара әрекеттеседі, бір - біріне тартылады немесе бір - бірінен тебіледі.
Бағалау критерийлері:
Заттың құрылысын дұрыс сипаттайды.
МКТ негізгі үш қағидасын дұрыс тұжырымдайды.
Мұғалім кері байланыс жасай отырып, толықтырулар енгізеді.
2. Ой қозғау.
Неліктен әтір иісі бөлмеге тез тарайды? Оқушылар бірнеше себеп айтуы мүмкін. Әтір немесе басқа заттардың иісінің таралуы зат бөлшектерінің қозғалыста болуының бірден - бір дәлелі екенін мұғалім түсіндіреді.
3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:
• Броун тәжірибесін сипаттау;
• молекулалардың үздіксіз қозғалыста болуының дәлелі броундық қозғалыс екенін түсіндіре білу;
• диффузия құбылысын МКТ қағидалары негізінде түсіндіру.

Сабақтың ортасы
4. Түсіндіру.
а) Мұғалім Броундық қозғалысқа
видео фрагмент көрсетеді, содан соң оқушыларға сұрақтар жазылған парақшалар беріледі.
1. Зат бөлшектерінің қозғалысы неден тәуелді?
2. Броундық қозғалыстың себептері қандай?
3. Броундық қозғалыс теориясын қашан және кім құрды?
Мұғалім кері байланыс жасай отырып, броундық қозғалысты түсіндіреді.
b) Мұғалім Диффузия құбылысына видео фрагмент көрсетеді. Оқушылар диффузия құбылысы қандай ортада жүретінін және неліктен жылдам немесе баяу жүретіні жайлы ақпарат алады.
Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия жүктеу
4 010
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия
Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия
Молекулалық физика сансыз көп бөлшектерден тұратын жүйе түрлерін қарастыратынын түсіндіру, ұғындыру;
Физика пәнінен орта мерзімдік жоспар
Физика пәнінен орта мерзімдік жоспар
Физика пәнінен орта мерзімдік жоспар
Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол
Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол
Қозғалыс траекториясы. Материялық нүкте жүйесі, жол жайлы мағлұмат алады. Оқушылардың басым бөлігі кластер құрады, формуланы есеп шығаруда қолданады.
Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия
Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия
Молекулалық физика сансыз көп бөлшектерден тұратын жүйе түрлерін қарасытратынын түсіндіру, ұғындыру;
Қайталау - оқу анасы
Қайталау - оқу анасы
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық селосы, Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің математика және физика пәні мұғалімі Сатбергенова Сара Батырбекқызы
Температура және оны өлшеу тәсілдері
Температура және оны өлшеу тәсілдері
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Кинорежиссер аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің физика пәні мұғалімі Мустафина Балжан Әбдімәлікқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×