Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Электростатиканың негізгі заңы – Кулон заңы

21 наурыз 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Айымжан орта мектебінің физика пәні мұғалімі Хабаева Г. С.

Тақырып: Электростатиканың негізгі заңы – Кулон заңы
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін қайталау.
2. Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, ой - өрісін дамытуға, қорытынды жасауға үйрету.
3. Тәрбиелік: Іскерлікке, топпен жұмыс жасауға үйрету. Венн диаграммасын қолдана отырып, Ньютондық және Кулондық күштердің арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарын табу арқылы оқушылардың дүниенің біртұтастығына көздерін жеткізу.
Әдісі: Әңгімелеу, демонстрация, есеп шығару.
Көрнекіліктер: Компьютер, интерактивті тақта, электрометр, зарядталған денелер, кесте, кеспелер.

І. Сабақ барысы.
Жаңа тақырыпқа кіріспестен бұрын «Электр» бөлімі бойынша сұрақтарға жауап беру (сұрақ саны – 30). Жасыл, қызыл, сары, көк, қоңыр, қара түсті қағаздарға 1 – 5 дейінгі сандар жазылған кеспелер ілінген. Сұраққа оқушы дұрыс жауап берсе, осы кеспелер ашылып, Кулон заңының формуласы шығады.

Сұрақтары:
Жасыл (электр)
1. Дененің электрленгенін анықтайтын құрал? (электроскоп)
2. Бір немесе бірнеше электронынан айырылған атом. (оң ион)
3. Электрон зарядының сан мәнін анықтаған ғалым. (Милликен)
4. Зарядтардың қанша тегі бар? (екі тегі бар: оң және теріс)
5. Ядроның құрамында қандай бөлшектер бар? (протон мен нейтрон)

Сары (электр)
1. Электрон зарядының өлшем бірлігі. (Кулон – Кл)
2. Электрді өткізбейтін денелер. (диэлектриктер)
3. Бірдей таңбалы денелердің әсерлері қандай? (тебіледі)
4. Атом құрылысын зерттеген ғалым. (Резерфорд)
5. Ток күшін өлшейтін құрал. (амперметр)

Көк (электр)
1. Кернеудің өлшем бірлігі. (Вольт – В)
2. Өткізгіштерді тізбектей қосқанда қай шама бірдей болады? (ток күші)
3. Теріс зарядты ең кіші бөлшек? (электрон)
4. Ток күшінің неше полюсі бар? (екі полюсі бар: оң полюсі – анод, теріс полюсі – катод)
5. Суреттегі кемшілікті тап. (Ом заңы бойынша жапсырылған ғалымдардың суреті) Ғалымның фамилиясы Вольта, ал өлшем бірлік Вольт.

Қызыл (электр)
1. Өзара әсерлесуді сипаттайтын ғалым ашқан 4 түрлі күшті ата. (гравитациялық, электромагниттік, күшті, әлсіз)
2. Бейтарап атомға артық электрон келіп қосылса, ол неге айналады? (теріс ионға)
3. Электрон зарядының сан мәні. (1, 6*10 - ¹⁹Кл)
4. Молекуланың құрылысын схема түрінде сызып көрсет.
5. Кернеуді өлшейтін құрал не деп аталады? (Вольтметр)

Қара (электр)
1. Ток күшінің өлшем бірлігі. (Ампер – А)
2. «Электрон» деген сөз қайдан шыққан? (Грек тілінде янтарь – электрон, міне осыдан «Электр» атауы шыққан. Ертедегі грек ғалымдары янтарьды жүнге үйкегенде оның әр түрлі денелерді өзіне тартатынын байқаған.)
3. Өткізгіштің кедергісін қандай формуламен анықтаймыз?
4. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы. (Электр тогы)
5. Меншікті кедергісі өте аз металл. (Күміс)

Қоңыр (электр)
1. Электр заряды жоқ бөлшектер бола ма? (болады, мысалы нейтрон)
2. Ом заңының формуласын жаз. (I = U/R)
3. Әр түрлі электр зарядтары бар денелердің әсерлері. (тартылады)
4. Электр өрісінің таралу жылдамдығы. (300 000 км/с)
5. Өткізгіштерді параллель қосқанда қай шама бірдей болады? (кернеу – U)

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Электростатиканың негізгі заңын 1785 жылы тәжірибе жүзінде француз ғалымы Шарль Огюстен Кулон тағайындады.

Кулон заңының анықтамасы:
Қозғалмайтын зарядталған екі нүктелік дененің вакуумдағы өзара әсерлесу күші олардың зарядтарның модульдерінің көбейтіндісіне тура пропорционал және ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал болады. Осы анықтаманы оқушылардың өзіне қысқаша тұжырымдату, яғни анықтаманың мағынасын өзгертпей одан кейбір сөздерді алып тастату: (қозғалмайтын, нүктесін, вакуум, модульдерінің.)
Сонда анықтама мына түрге келеді. Зарядталған екі дененің өзара әсерлесу күші олардың зарядтарының көбейтіндісіне тура пропорционал және ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал.
Оқушылардан бұл формуланың бұрын өткен қандай формулаға ұқсас екенін сұраймын.
«Механика» бөлімі бойынша сұрақтарға жауап бергізем (сұрақтарға жауап дұрыс берілсе, Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңының формуласы шығады).

Көк (механика)
1. Ньютонның бірінші заңының анықтамасын айтыңыз. (Егер денеге ешқандай күш әсер етпесе немесе әсер ететін күштер бір - біріне тең болса, онда дене түзу сызықты бір қалыпты қозғалады немесе өзінің тұрақты жылдамдығын сақтайды).

Толық нұсқасын жүктеу
8 940
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі
Жiпке зарядталған гильзаны iлiп, оған электрленген шыны таяқшаны жақындатайық. Олар бiр - бiрiне тiкелей тиіспесе де жiпке iлiнген гильза өзiнiң вертикаль қалпынан ауытқып, шыны таяқшаға тартылады Осыдан зарядталған денелер бiр - бiрiмен тiкелей
Кулон заңы. Жұмыс, қуaт, энeргия тaқырытaрынa eсeптeр шығaру
Кулон заңы. Жұмыс, қуaт, энeргия тaқырытaрынa eсeптeр шығaру
Тыныштықтағы екі нүктелік зарядталған денелердің немесе бөлшектердің өзара әсерлесу заңы тұжырымдау, Бүкіләлемдік тартылыс заңына ұқсастығымен айырмашылықтары түсіну
Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы
Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың электростатиканың негізгі заңдары тұйықталған жүйеде зарядтың сақталу заңы мен Кулон заңының маңызы мен мазмұнын түсініп есеп шығаруға дағдыландыру.
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, «Благодарное орта мектебі» КММ физика пәні мұғалімі Баелова Салтанат Адыкановна
Электростатиканың негізгі заңы - Кулон заңы
Электростатиканың негізгі заңы - Кулон заңы
Ақтөбе қаласы, Благодар орта мектебінің физика пәні мұғалімі Қоянбаева Асылгүл Жайылханқызы
Мелликен - Иоффе тәжірибесі
Мелликен - Иоффе тәжірибесі
Шымкент қаласы, ХГТУ Шымкент колледжі физика пәні мұғалімі магистр Исмагулова Айгүл Жамалқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×