Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысым тарауын қайталау

13 маусым 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Физика пәні мұғалімі: Бәтімова Қаламқас Аманкелдіқызы
7 - сынып
Сабақ тақырыбы: «Қысым» тарауын қайталау
Білімділік: Оқушылардың білімін тексеру, белсенділігін арттыру, өз жетістіктерін сезінуге, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету.
Дамытушылық: Осы тарауда нені білді, қандай шамалармен танысты, алған білімдерін есте сақтау мақсатында оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушылардың дербестігін, пікір алмасуға, шығармашылыққа, өздігінен білім алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді тиянақтау.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, анықтамалық кітапша
Пәнаралық байланыс: Математика, информатика, биология.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Өткен тақырыпты қайталау.
IV Сәйкесін тап?(топтық тапсырма)
V. Физикалық аспаптар
VI. Эстафеталық білім картасы (Картаны толтыру)
VII. Сапалық есептер:
VIII. “Теру” стратегиясы
IХ. Есептер шығарайық
X. Бекіту(сөзжұмбақ)
2 Топқа бөлу: 1 топ Паскаль 2 топ Архимед

Блез Паскаль: Француз философы, жазушы, математик және физик. Жазған еңбектері:”Арифметикалық үшбұрыштар туралы трактат”, “Сұйықтардың тепе - теңдігі жайында трактат”, “Ауа массасының салмағы туралы трактат” және т. б.

Архимед: Көне грек ғалымы, өнертапқыш. Астроном және математик. Жазған еңбектері:”Шар және цилиндр”, “Жүзетін денелер туралы” және т. б.

Үй тапсырмасын сұрау
Өткен тақырыпты қайталау...(Бос орындарға тиісті сөз қою керек)
1. Сұйыққа (газға) батырылған денелерге АРХИМЕД КҮШІ әсер етеді.
2. Архимед күші ЖОҒАРЫ бағытталған.
3. Архимед күші дененің ауадағы және сұйықтағы САЛМАҚТАРЫНЫҢ айырмасына тең.
4. Архимед күші дененің ығыстырып шығарған СҰЙЫҚТЫҢ салмағына тең.
5. Архимед заңы мына түрде жазылады: FА= ρc*g*Vд
6. Архимед заңы арқылы суда кемелер ЖҮЗЕДІ.

Сапалық есептер: 2 топқа 2 есептен беріледі
I – ТОПҚА
1 Неге өзен суына қарағанда, теңіз суына жүзген жеңілірек?
Жауабы: теңіз суы тұзды, тұзы неғұрлым көп болған сайын тығызырақ келеді. Архимед күші көбірек болады.

2 Сүңгуір үйрек су бетінде қамыстың сабағынан ұя жасайды. Ұя су бетінде жел қалай соқса, солай қарай жүзеді. Құстың ұясын су бетінде қандай күш ұстап тұрады. Ұяның пішіні мен көлемі туралы не айтуға болады?
Жауабы: судың бетінде ұяға Архимед күші әсер етеді. Ұя пішіні ұяның салмағымен оған әсер ететін ығыстырушы күштен бірнеше есе аз болуы керек.

II ТОПҚА
3. Сүңгуір үйрек суда жақсы сүңгиді. Судың тарапынан әсер ететін ығыстырушы күшті ол қалай азайтады?
Жауабы: Сүңгуір үйрек өзінің көлемін азайтуға тырысады, яғни қанаттарын денесіне қысып алады.
4. Арқаңмен жүзгенде суда өзіңді жеңіл ұстайсың. Неге?
Жауабы: Арқаңмен жүзген жеңіл, өйткені арқаның көп бөлігі суға батады да кері итеруші күшті көбейтеді.

“Теру” стратегиясы ( 2 топқа дұрыс бұрысын бөліп жазу)
Бұрыс:
2. Манометр – Қан айналым жүйесіндегі қысымды өлшеуге арналған
3. Атмосфераның ең төменгі қабаты - Мезосфера
5. Архимед заңы арқылы суда кемелер ұшады.
Дұрыс:
1. Архимед заңы мына түрде жазылады: FА= ρc*g*Vд
4. Барометр - атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал
6. Қысымның негізгі өлшем бірлігі: Паскаль.

Есептер шығару (кітаппен жұмыс 29 - жаттығу: №1, №3)
3. Кім жүйрік.
1 - есеп

Толық нұсқасын жүктеу
3 488
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздері тарауын қайталау арқылы, 9 сынып оқушыларының алған білімдерін, икемділіктерін тексеру, пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыру.
«Масса және күш» қорытынды
«Масса және күш» қорытынды
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 ЖББ орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Құрманбаева Клара Ізтілеуовна
Қысым қызықтары
Қысым қызықтары
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Муканов Жумабек Нагимович
Туынды тарауына есептер шығару
Туынды тарауына есептер шығару
Туынды тақырыбы бойынша теориялық қайталау, дифференциялдау ережелерін қолдануға, жанама теңдеуін жазуға, күрделі функцияның туындысын табуға деңгейлік есептер шығару, тақырып бойынша білімдерін тексеру.
Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру тарауын қайталау
Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру тарауын қайталау
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі Туребекова Жаңылсын Барсаевна
Қысым және атмосфералық қысым
Қысым және атмосфералық қысым
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, КММ Крупская атындағы орта мектеп-балабақшасы информатика пәні мұғалімі: Рахимова Майра Жексембайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×