Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Айналамыз физика

25 желтоқсан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Физика
Қарағанды облысы,
Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ
физика пәнінің мұғалімі: Жунусова Айгуль Дуйсекеевна

Айналамыз физика
(Сыныптан тыс іс-шара)

Білімдіден шығады алғыр шешен
Шешендік пен болған ғой барлық көсем
Сайра шәкірт, бұлбұлдай шарықташы

Мақсты: Физика пәніне деген қызығушылықтарын дамыту арқылы іскерлі, ізденгіш, шығармашыл, интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қойылатын талаптар:
Әр мектептен 7-8 сыныптардан құрамы 4-оқушыдан тұратын топ қатысады. (7сыныптан-2оқушы, 8 сыныптан -2 оқушы)

Сайыс кезеңдері:
ІІ бөлім. Теориялық (тест) әр дұрыс жауап 1 ұпай
ІІІ бөлім. Практикалық (есептер шығару)
1-есеп А деңгейі -2 ұпай
2-есеп В деңгейі -4 ұпай
3-есеп С деңгейі -6 ұпай
VІ бөлім.Құпиялы сандық (1-5 ұпай)
V бөлім. Шығармашылық (1-5 ұпай)
(әрбір топ өздерінің шығармашылық жұмысын жасап алып келу керек, жұмысына сипаттама және презентациясымен бірге модель, макет, прибор т.б жасау керек)

І бөлім. Топтың атын табу
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хаям, Әл Фараби жолын қуса
Елімнің болашағы гүлденеді
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса
Алдарыңызда: топты толық бір рет қайта таныстыру

ІІ бөлім. Теориялық (тест) әр дұрыс жауап
Аcтiv vot арқылы иеси алу Әр дұрыс сұраққа 1 ұпайдан
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшы
Қиындықтан өткізер.

ІІІ бөлім. Практикалық (есептер шығару)
1-есеп А деңгейі -2 ұпай
2-есеп В деңгейі -4 ұпай
3-есеп С деңгейі -6 ұпай

ІV Айналамыз физика (өмірмен байланысты сұрақ)
Жастықтың оты қайдасың
Жүректе түртіп қозғамай
Ғалымның білім пайдасын
Дүниенің көркін болжамай
«Физика. ..- тек қана техникаға алғашқы қадам емес, сондай-ақ адамзат ойының түкпіріне жол» (М.Борн)

1.Сұрақ: Шөпті басып, жапырып кетіп едіңдер, ол қайта көтеріліп кетіпті, неге?
Жауап: Серпімділік құбылысы

2.Биология пәнінің мұғалімі Адамьянова Шолпан Советовна
Сұрақ: Судан шыққанда жануарлар сілкінеді. Олардың судан сілкініп құрғатылуы физиканың қандай заңына негізделген
Жауабы: Инерция заңы
Биология пәнінің мұғалімі Адамьянова Шолпан Советовна

3.Сұрақ: Неге судан шыққан балықты қолда ұстау қиын?
Жауап: Өйткені балықтың денесі үйкелісті азайтатын сілекейлі қабықшамен қапталған. Сыртқы шырыш қабығы үйкелісті азайтады да, балықты қолға ұстап тұру қиын болады

4. Қазақ тілі пәні Мұғалімі Икешова Әсел Амангельдиевна
Cұрақ: Басқан жерде із қалар
Айтқан жерде сөз қалар
Жауап: Қысым заңдылығы

5.Еңбек пәнінің мұғалімі Сұңғат
Сұрақ: Оқу шеберханасында саймандарды қайрау кезінде қандай физикалық құбылыс пен заңдылық қолданылады?
Жауап: Қысым және қатты денелер арасындағы үйкеліс

6.Қалалық білім бөлімінің бас маманы Айжанова Салтанат
Сұрақ: Адамның шашын, қасын мұртын қырау шалатыны неліктен?
Жауап: Тыныс алғанда шыққан бу суық нәрсемен кездескенде конденсаяцияланады.

7.Аринова Бағдат Аманбаевна
Сұрақ: Сорпа ыстық екен, ағаш қасықтарының бар ма, ауыз күймегенге сол жақсы, неге?
Жауап: Ағаш жылуды нашар өткізеді.

8.Қарағанда облысындағы мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының аға оқытушысы Абдикаримова Қаламқас Еренғайыповна:
Сұрақ: Балалар, міне орманды аралап келесіңдер, айнала жайқалған гүлдер, гүлден –гүлге қонған көбелек, ызылдаған ара, масалар ұшып жүр. Гүлдердің жұпар иісі аңқып тұр.Бұл не құбылыс?
Жауап: Диффузия.

9.Сұрақ: Саусақ бірікпей, ине бірікпейді
Жауап: Үйкеліс құбылысы

10.Сұрақ: Терлеп, ыстықтап кетіп едім, суу үшін қолымды бетімен желпіп едім, суынып қалдым ғой, неге?
Жауап: Бетімізді желпігенде ауаның қозғалысы терді кептіру процесін жылдамдатады да кебу үшін энергия бет терісінен алынатындықтан, беттің ішкі энергиясы азайып суынады.

11.Сұрақ Төбесіне жүк қойып көтеріп келе жатқан адамның пішіні сымбатты болып көрінеді. Неліктен?
Жауап: Ауырлық центріне сәйкес тепе-теңдік сақталады

12 сұрақ.Тау жыныстарының қуысына жиналған су тауды жарады. Бұл неліктен? Жауабы: Түнде қуысқа жиналған су қатып, көлемі үлкен мұзға айналады. Ол мұз қуыс қабырғаларын зор күшпен сыға отырып, жынысты жарады).

13. сұрақ
Суда бағдарын жоғалтқан жүзгіш төмен мен жоғарыны қалай ажыратады? (Жауабы: ауа көпіршіктерінің қозғалысын байқау арқылы).

Жүргізуші
Жас дос! Табиғаттың таңғажайып құбылыстарын ұғынып, білім нәрімен сусындауда Физика пәні өздеріңе ақылшы әрі сенімді серік болады деп сенемін.

Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесерміз біздер әлі
Әділ қазы, көрермен сау тұрыңдар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 882
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Физика есептері мен шешу жолдары
Физика есептері мен шешу жолдары
Физика есептерін шығарудың негізгі талаптары, оларды шығару жолдары.
Қысқаша көбейту формулалары
Қысқаша көбейту формулалары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ – нің математика пәні мұғалімі Жанибекова Алия
Теңсіздіктер әлемі (сайыс сабақ)
Теңсіздіктер әлемі (сайыс сабақ)
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, №1 Зеренді орта мектебінің физика және математика пәні мұғалімі Шарипбаева Айнұр Амангелдіқызы
Жылу құбылыстары тарауын қорытындылау
Жылу құбылыстары тарауын қорытындылау
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі: Жунусова Айгуль Дуйсекеевна
Интеллектуалды ізденімпаз
Интеллектуалды ізденімпаз
Қарағанды облысы Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі: Жунусова Айгуль Дуйсекеевна
Дененің электрленуі. Электр заряды
Дененің электрленуі. Электр заряды
Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі: Жунусова А.Д
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×