Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Беттік керілу. Жұғу. Қылтүтіктік құбылыстар.

14 наурыз 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Беттік керілу. Жұғу. Қылтүтіктік құбылыстар.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, ғылыми жүзінде түсіндіру.
2. Дамытушылық мақсаты: таныс нәрседен жаңа проблема тудырып оны шеше білу.
3. Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакат

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
а) теориялық білімдерін тексеру.
ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
б) есептерін тексеру.

ІІІ. Білімді жан - жақты тексеру.

ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша беттік керілу, жұғу, қылтүтіктік құбылыстарымен танысу.

V. Жаңа материалды меңгерту:
Жұққыштық және капиллярлық.
Әр түрлі заттардың молекулалары бір - бірімен әр түрлі күшпен тартылады. Осы жағдайды тәжірибе арқылы бақылайық.

Жіңішке серіппеге шыны пластинаны іліп, оған төменгі жағынан суы бар ыдысты жақындатайық (75, a - сурет). Пластина суға тиген кезде, оны серіппемен бірге жоғары көтерейік. Пластина суға жабысып қалғандай болғанын көреміз. Серіппе бара - бара қатты созыла береді де пластина орнында қалады (75, б - сурет). Серіппенің серпімділік күші, пластинаны су бетінде ұстап тұрған молекулалардың тартылыс күшінен артық болғанда, пластина судан үзіледі (75, в - сурет). Бұл кезде пластинаның төменгі бетінде судың жұқа қабықшасы пайда болады. Бұл қабықшаның болуы — су молекулаларының шыны молекулаларымен беттескен жерде емес, су молекулаларының беттескен жерінде үзілгенін көрсетеді. Бұдан су молекулаларының өзара тартылыс күші шыны молекулаларының өзара тартылыс күшінен кем екендігін көрсетеді.

Сұйық молекулаларының қатты дене молекулаларына тартылуы, сұйықтың өз молекулаларымен тартылыс күшінен артық болғанда сұйық қатты дененің бетіне жағылып, оның бетінде жұқа қабат түзеді. Қатты дене бетінен сұйықтың ағуы бұл дененің жұғуы не сулануы деп аталады.
Мысалы, су шыны, ағашты, теріні және басқа көптеген заттарды сулайды.

Ал, егер, суға шыныдан емес, мысалға, парафин немесе балауыздан жасалған пластинаны батырсақ, оны судан суырып алғанда оның құрғақ екенін байқаймыз. Яғни, су балауыз бен парафинге жұқпайды. Су сонымен қатар, майлы беттерге де жұқпайды.

Жұқпайтын сұйықтарда сұйық молекулаларының өзара тартылыс көші, қатты дене молекулаларының тартылыс күшінен артық болатындығымен түсіндіріледі.

Егер сұйық қатты денеге жұқпайтын болса, ол жұқа қабатпен жайылмай, жиырылып шар формасына енеді. Мұндай тамшыларды (немесе шариктерді) шыныдағы сынап түзеді. Шойынға да сынап жұқпайды. Ал, алтын мен цинкке сынап жұғады.

Беттік керілу. Жұғу. Қылтүтіктік құбылыстар. жүктеу
3 610
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күн - күндізгі жұлдыз. Күннің құрылысы және негізгі сипаттамалары. Күн - Жер байланысы.
Күн - күндізгі жұлдыз. Күннің құрылысы және негізгі сипаттамалары. Күн - Жер байланысы.
Күннің құрылысы және негізгі сипаттамаларымен таныстырып солар туралы түсінік қалыптастыру.
Линзалар. Жұқа линзаның формуласы. Линзадағы сәуле жолдары. Линзада кескін алу. Оптикалық аспаптар
Линзалар. Жұқа линзаның формуласы. Линзадағы сәуле жолдары. Линзада кескін алу. Оптикалық аспаптар
Линзаның үлкейтуі. Линза шығаратын кескіннің шамасы әдетте нәрсенің өлшемінен басқаша болады. Бұл үлкейту деген шамамен сипатталады. Сызықтық үлкейту деп кескіннің сызықтық өлшемінің нәрсенің сызықтық өлшеміне қатынасын айтады.
Ауаның ылғалдылығы
Ауаның ылғалдылығы
Ауаның ылғалдылығы ұғымын енгізе отырып, күнделікті өмірде және адам өміріндегі ылғалдылықтың маңызын көрсету, ауаның ылғалдылығын өлшеу құралдарымен және олардың жұмыс істеу принциптерімен таныстыру
Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері
Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы М.П.Окороков атындағы жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Колдасова Яхшигул Османовна
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Физика пәні мұғалімі Аксыргаевна Бибигул
Беттік керілу. Жұғу. Қылтүтік құбылыстар
Беттік керілу. Жұғу. Қылтүтік құбылыстар
Семей қаласы № 8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім мен тәрбие беру мектеп кешені Елеусізова Жания
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×