Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест физика 7 сынып

06 маусым 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
Тест физика 7 сынып І тоқсан
І нұсқа
1. Физикада зерттелетін табиғат құбылыстарының атауы.
а). Физикалық аспаптар
б). Физикалық құбылыстар
в). Физикалық заңдар
г). Физикалық шамалар
д). Физикалық тәжірибелер
2. Табиғатты бақылау барысында жинақталған ғылыми деректер бойынша ұсынылған тұжырымдардың атауы.
а). Физикалық шама
б). Тәжірибе
в). Гипотеза
г). Физикалық өлшеу
д). Физикалық эксперимент
3. Физикалық теорияның негізгі мәселесі
а). Құбылысты түсіндіру
б). Физикалық эксперимент
в). Физикалық өлшеу
г). Болжау ұсыну
д). Физикалық шаманы есептеу
4. Физиканың ғылыми тілін игеру кезінде пайдаланылатын арнайы тірек сөздің атауы
а). Физикалық аспаптар
б). Физикалық терминдер
в). Физикалық заңдар
г). Физикалық шамалар
д). Физикалық тәжірибелер
5. Физика сөзін ғылымға енгізген ғалым
а). Галилей
б). Декарт
в). Аристотель
г). Ньютон
д). Демокрит
6. Уақытты өлшейтін аспап
а). Барометр
б). Сызғыш
в). Секундомер
г). Спидометр
д). Манометр
7. Ұзындықты өлшейтін аспап
а). Барометр
б). Сызғыш
в). Секундомер
г). Спидометр
д). Манометр
8. Халықаралық бірліктер жүйесіндегі ұзындықтың негізгі бірлігі
а). Миллиметр
б). Сантиметр
в). Метр
г). Спидометр
д). Километр
9. Қандай шама миллиметрмен өлшенеді?
а). Аудан
б). Ұзындық
в). Жылдамдық
г). Уақыт
д). Көлем
10. Қайсы сөз физикалық дене ұғымына жатпайды?
а). Парта
б). Қалам
в). Бор
г). Қарындаш
д). Кемпірқосақ

11. Табиғаттағы барлық физикалық денелер... құралады
а). Өте кішкентай шаралардан (металл, пластмасса немесе шыны)
б). Тек протондардан
в). Атомдардан немесе молекулалардан
г). Тек ғана электрондардан
д). Тек ғана нейтрондардан
12. Диффузия құбылысы нені дәлелдейді?
а). Тек молекулалардың бар екенін
б). Тек молекулалардың қозғалыста болатынын
в). Молекулалардың бар екендігін, қозғалыста болатынын және олардың арасында бос орын болатынын
г). Молекулалардың өзара әсерлесетіні
д). Ештеңені дәлелдемейді
13. Затты құрайтын бөлшектер
а). Егер денені жоғары лақтырса, қозғала бастайды
б). Егер денені 1000С – қа дейін қыздырса, тыныштықта болады
в). 00С – та тыныштықта болады.
г). Кез келген температурада үздіксіз және бейберекет қозғалады
д). Абсолют тыныштықта болады
14. Темір кесекті сығу мүмкін емес. Өйткені қысқан кезде темір бөлшектері...
а). Үздіксіз, бейберекет қозғала бастайды
б). Бір – біріне күштірек тартыла бастайды
в). Бірдей массада және бірдей өлшемде болады
г). Бір – бірінен күштірек тебіле бастайды
д). Массасы көбейе бастайды
15. Дене өз көлемін сақтамайды және берілген көлемді толық иелене алады. Денені құрайтын зат қандай күйде болады?
а). Газ тәрізді
б). Сұйық
в). Қатты
г). Газ тәрізді немесе сұйық
д). Тура жауап беру мүмкін емес

ІІ нұсқа
1. Зат ұғымына тиісті емес сөзді атаңдар?
а). Қарындаш
б). Бор
в). Су
г). Ағаш
д). Темір
2. Физикалық құбылыс ұғымына тиісті емес сөзді атаңдар?
а). Мұздың еруі
б). Найзағайдың жарқылы
в). Сынып
г). Жанартаудың атқылауы
д). Жаңбырдың жаууы
3. Төмендегі сөздердің қайсысы механикалық құбылысқа тиісті?
а). Тамшының тамуы
б). Жұлдыздардың жымыңдауы
в). Мұздың еруі
г). Сіріңкенің жануы
д). Судың қайнауы
4. Төмендегі сөздердің қайсысы физикалық аспаптарға тиісті?
а). Градус
б). Температура
в). Термометр
г). Килограмм
д). Метр
5. Миллиметр – бұл
а). Физикалық шама
б). Физикалық дене
в). Физикалық аспап
г). Физикалық құбылыс
д). Өлшем бірлігі
6. Астрономияда арақашықтықты анықтауда астрономиялық бірлік (а. б.) қолданылады. Жерден Күнге дейінгі орташа қашықтық 150 млн км – ге тең. Төмендегі нұсқалардың қайсысында 1 а. б. сндарт түрге енгізілген?
а). 0, 15 • 1012 м
б). 150 • 106 м
в). 15 • 1010 м
г). 1, 5 • 1011 м
д). 1, 5 • 1012 м
7. Жарықтық 300 000 км/с жылдамдықпен 1 жылда жүріп өттін аралығын жарық жылы деп атайды. Осы аралықты есептеп, стандарт түрде көрсетіңдер. Қай нұсқаға сай келетінін көрсетіңдер
а). 946 • 1013 м
б). 9, 46 • 1013 м
в). 9, 46 • 1014 м
г). 9, 46 • 1017 м
д). Жауаптардың ішінде дұрысы жоқ
8. Өлшеудің ең үлкен қателігі
а). Шкаланың екі құнына тең
б). Шкаланың бір бөлігінің төрт құнына тең
в). Шкаланың бір бөлігінің төрттен бір құнына тең
г). Шкаланың бір бөлігінің құнының жартысына тең
д). Шкаланың бір бөлігінің құнына тең.
9. Микро тіркесі неге тең?
а). 10 - 3
б). 106
в). 10 - 9
г). 103
д). 10 - 6
10. Арақашықтықтың төмендегі өлшем бірліктерінің ішіндегі ең үлкені
а). Миллиметр
б). Километр
в). Метр
г). Сантиметр
д). Нанометр

11. Дұрыс тұжырымды таңда
а). Бір заттың молекулалары әртүрлі болады
б). Бір заттың молекулалары бірдей болады
в). Дене қызғанда молекулалардың өлшемі ұлғаяды
г). Дене қызғанда молекуланың массасы артады
д). Дене қызған кезде молекула массасы азаяды
12. Дуффузия... жүреді
а). Тек газда
б). Тек сұйықта
в). Тек қатты денелерде
г). Газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде
д). Тек плазмада
13. Төменде аталған құбылыстардың қайсысы зат бөлшектерінің арасында тартылыс күші бар екенін дәлелдейді?
а). Егер қорғасын цилиндрдің жаңа кесілген қималарын өзара түйістіріп, қатты сығып ұстаса, олар жабысып қалады
б). Гүлдің иісі ауада таралады.
в). Мұз жылы жерде ериді
г). Ток жүрген кезде электр шамы жарқырайды
д). Өзен суы қыста қатады
14. Дене өз пішіні мен көлемін сақтайды. Денені құрайтын зат қандай күйде болады?
а). Газ тәрізді
б). Сұйық
в). Қатты
г). Газ тәрізді немесе сұйық
д). Тура жауап беру мүмкін емес
15. Газдағы немесе сұйықтағы ұсақ бөлшектердің ретсіз қозғалысы қалай аталады?
а). Қысым
б). Атомдардың қозғалысы
в). Броундық қозғалыс
г). Уақытша қозғалыс
д). Булану.

----------1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
І нұсқа Б В А Б В В Б В Б Д В В Г В А
ІІ нұсқа В В А В Д В А Г Д Б Б Г А В В

Тест физика 7 сынып. жүктеу
144 494
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР география 8 сынып
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР география 8 сынып
Әдістемелік ұсыныстар 8-сынып «География» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Физикалық шамалар. Шамаларды өлшеу. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі
Физикалық шамалар. Шамаларды өлшеу. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі
Физикалық шаманы өлшеу туралы, физикалық шаманың мәні туралы түсініктің қалыптасуы, бөліктің құнын анықтауды үйрену.
Физикалық және химиялық құбылыстар
Физикалық және химиялық құбылыстар
Физикалық және хим. құбылыстар туралы түсініктерін кеңейту. Тәжірибе арқылы білім берін толықтырып, өмірмен ұштастыру. Құбылыстарды ажырата біледі. Өмірмен байланыстыра алады.
Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым
Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым
Физика ұғымын, физикалық терминдер мен ұғымдарды түсіндіру. Пәнге қызығушылығын арттыру Өмірдегі өзгерістерге ойлы көзқараспен қарауға, пайымдауға тәрбиелеу
Физикадан тест тапсырмасы
Физикадан тест тапсырмасы
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласының М. О. Әуезов атындағы мектепте физика пәні мұғалімі Тулегеновна Казипа Абдираманова
Физика есептерінің түрлері және шығарылу тәсілдері
Физика есептерінің түрлері және шығарылу тәсілдері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Бегимбаева Жумагуль Купжасаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×