Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жарықтың интерференциясы, дисперсиясы, дифракциясы

14 ақпан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың мақсаты:
Білімділік; Оқушылардың жарықтың табиғаты, жарық толқындарының қасиеттерін, олардың нақты тұжырымдамасын, қандай ғалымдар анықтағанын, қолданылатын жерлерін білу. Өтілген оқу материалын қайта жаңғыртып сапалы ұғыну. Алған білімдерін тереңдету, бір жүйеге келтіру, негізгі ұғымды бекіту.
Тәрбиелік: Сабаққа оқушылардың өз еркімен белсене араласуы, білімдерін көрсете алуы, көпшіл болуға үйрету, топпен ұйымдасып жұмыс істеуге, өзін өзі басқаруына тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамыту, жылдам әрі нақты ойлауға үйрету. Жеке тұлғаның бойындағы қабілеті мен дарынның көзін ашып, белсенділігін арттыру.

Кәсіби: Математика пәнінің физикамен тығыз байланысын түсіндіру, физикадағы кейбір проблемаларды математикалық заңдылықтарымен шешімін табуға болатынын жеткізу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Практикалық
Сабақтың әдісі: ДСОТ кейбір элементтері, МОТ элементтері
Пәнаралық байланыс: Математика, химия
Құрал жабдықтар: алмас, шыны, ғалымдардың портреттері, жарық көзі
Пайдаланылатын әдебиеттері:
«Физика» 11 сынып М Я Мякишев
“Физика» оқулығы Б С Арызханов
«Физика есептерінің жинағы» Рымкевич
«Физикадан демонстрациялық тәжірибелер» В А Буров, А Г Дубов...

Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгелдеу
ә) Топты үшке бөлу «Дисперсия», «Интерференция», «Дифракция»
б) Сабақтың мақсаты, жоспарымен таныстыру

1. Теориялық бөлімі «Қайталау – оқу анасы»
Теориялық бөлім үш негізден Топты таныстыру, «Миға - шабуыл», «Ғалымдар аты өшпейді» деген сайыстардан құралған.
2. Практикалық бөлімі «Физиканың көзі математика»
Бұл бөлімде «Формулаларды білеміз бе?» және «Деңгейлік есептер» деген турлардан құралған
3. Тәжірибелік бөлімі «Іздеген жетер мұратқа»
Жарық қасиеттеріне байланысты оқушыларға тәжірибе, эксперименттік жұмыстар ұй жұмысына берілген, көрнекі түрде көрсету

Топты бағалау үшін жауаптары нақты әрі дұрыс жауап бергенге транспортир, екінші жауап берген топқа сызғыш, соңғы жауап берген топқа сия қалам беру арқылы жүзеге асады.
«Үздік» транспортир
«жақсы»сызғыш
«орта»қалам

1. Теориялық бөлімі «Қайталау – оқу анасы»
1. 1 Әрбір топ өз атауларына түсінік беріп өтеді
1 топ: «Дисперсия»- толқын ұзындығының жарықтың сыну көрсеткішіне тәуелділігі. Ньютон ең алғаш тәжірибе жасаған.
2 топ: «Интерференция» - екі не оданда көп толқындардың қосылуы.
3 топ: «Дифракция»- жарық толқындарының бөгеттерді орағытып өтуі.

1. 2 «Миға - шабуыл» әрбір топ жасырылған сұрақтарды таңдап 1 - 2, 2 - 3, 3 - 1 реттілікпен сұрақтарды қояды.
«Дисперсия» тобы
1. Жарық жылдамдығын ашқан француз физигі
2. Айнымалы электр тогы
3. Тербелмелі контур
4. Жарықтың сыну заңы
5. Электромагниттік индукция құбылысы

«Интерференция» тобы
1. Жарық жылдамдығының сан мәні
2. Ленц ережесі
3. Толық шағылу
4. Электромагниттік өріс
5. Өздік индукция

«Дифракция» тобы
1. Жарық дисперсиясын ашқан ғалым
2. Жарық дегеніміз не
3. Индуктивтіліктің өлшем бірлігі
4. Жарықтың шағылу заңы
5. Жарық жылдамдығын өлшеудің неше әдісі бар

1. 3 «Ғалымдар аты өшпейді» тақтаға цифрларды таңдап жасырылған физикадағы ғұламалардың еңбектері жөнінде түсінік береді. Жасырылған физиктер:
- Архимед
- Г Галилей
- Герц
- Максвелл
- Ньютон
- Попов
- Резерфорд
- Эйнштейн
2. Практикалық бөлімі «Физиканың көзі математика»
2. 1 «Формулаларды білеміз бе?»
Бір парақ қағаз беріледі әр топ оқушылары өздері білетін формулаларды жазады, уақыт белгіленеді. Көп және дұрыс жазған топ жеңімпаз атанады.
2. 2 «Деңгейлік есептер» а, в, с деңгейінде есептер беріледі. Дұрыс әрі жылдам шығарған топ жеңімпаз атанады.

А деңгейлі есептер
1) Күн сәулесі су бетіне 25°пен түскенде шағылу бұрышы қаншаға тең?
19°- 0, 3177
2) Сыйымдылығы 50мкФ индуктивтігі 50Гн болатын контурда еркін электромагниттік тербелісінің периодын анықта?
Т - 0, 31с
3) Өткізгіштің орамында ток күші 6 А, магнит ағыны 12мВб тең болғанда индуктивтілігі неге тең?
2мГн

В деңгейдегі есептер
1) Судағы қызыл сәуленің сыну көрсеткіші 1, 331, ал күлгін сәуленің 1, 343. Екі сәуленің де судағы жылдамдығын анықта? (225400км/с, 223400км/с)
2) Ортаның сыну көрсеткіші 2-ге тең Осы ортада жарық жылдамдығы нешеге тең? (1, 5*10*8)
3) Плутон планетасы күннен қандай қашықтықта орналасқан, егер күннен түскен сәуле Плутонға 5, 5 сағатта жетсе? (5, 9*10*9)

С деңгейдегі есептер
1) Неліктен транспорт қозғалысы кезінде тыйым салынатын белгіге қызыл түс алынған, басқа түс неге алынбаған? (Қызыл сәуленің толқын ұзындығы үлкен, атмосферада аз шашырайды)
2) Жарық сәулесінің судағы толқын ұзындығы 435нм Осы сәуленің ауадағы толқын ұзындығы неге тең? (579нм)
3. Тәжірибелік бөлімі «Іздеген жетер мұратқа»
Жарықтың қасиеттеріне топ болып оқушылар тәжірибе көрсетеді және оны қорғайды.
- Алмас жүздері арасындағы саңылау арқылы дифракцияны бақылау
- Жұқа қабықшада интерференцияны бақылау
- Қатар қойылған шамдар арқылы дифракцияны бақылау
- Сабын көпіршігіндегі интерференцияны бақылау
- Капрон жолағы арқылы дифракцияны бақылау
Бағалау
Әрбір турда жиналған фишкалардың санына қарай топ оқушылары бағаланады. «Өте жақсы», «Жақсы», «Орта»
Үй тапсырмасы.
- Жарықтың қасиеттері дисперсия, интерференция, дифракция тақырыптарына қоса жарықтың поляризациясын конспектілеп оқып келу.
- Юнг, Гюйгенс өмірлік еңбектерінен қол жазба.
- Тақырыптар бойынша ребус, сөзжұмбақтар дайындау (қалауымыз бойынша)
Қортынды.
22 965
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу
Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу
Оқушылардың ойлау қабілеттерін, таным белсенділігін арттыру, оқушыны ұқыпты тыңдауға, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдай білу мақсатында өз білімін нақты көрсете алуға дағдыландыру.
Заттың тығыздығы
Заттың тығыздығы
Білімділік: Оқушылардың заттың тығыздығы тақырыбын игеру барысында алған білімдеріне тереңдету, бір жүйеге келтіру, негізгі ұғымды бекіту.
Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларына есептер шығару
Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларына есептер шығару
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, №5 жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Тлегенова Алуа Ескалиевна
Жарық дисперсиясы
Жарық дисперсиясы
Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылы Балжан Бөлтірікова атындағы № 4 орта мектептің физика пәні мұғалімі: Керімбаева Ләзат Амангелдіқызы
Сызықты функция және оның графигі
Сызықты функция және оның графигі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы №24 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Баймағанбетова Жанар
Математиканы арнаулы пәндермен байланыстыра оқыту
Математиканы арнаулы пәндермен байланыстыра оқыту
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Архабаева Жұпар Көпбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×