Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жылу құбылыстары Шық бермес Шығай байдың үйінде

15 мам 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
«Жылу құбылыстары Шық бермес Шығайбайдың үйінде»
1 – көрініс.
Автор:
Ерте заманда, құйрығы келте заманда Шық бермес Шығайбай дейтін бай болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Тіпті тастан да сараң, өзі тойса да, көзі тоймайтын адам болған. Үйіне кісі келсе: - Шық - әй! – дейді. Осыдан жұрт оны «Шығайбай» атап кеткен. Ел арасында Алдар көсе қанша қу болса да, Шығайбайды алдай алмас, - дейтін сөз тарайды. Сол сөз бір күні Алдардың құлағына да келеді. Бұл сөз әрине Алдардың намысына тиеді. Сөйтіп, Шығайбайдың ауылын іздеп, жолға шығады.
Алдар көсе:
Шық бермес Шығайбайды, Мырзабай етпесем, Алдар деген атым құрысын.
Автор:
Алдар күні - түні жүреді. Ақырында Шығайбайдың үйіне келеді. Үй жақтауынан Алдар сығалап, үйдегі болып жатқан жайттарды бақылап отырады.
Бай қазы айналдырып отырады, бәйбіше нан илеп отырады, қызы қаздың жүнін жұлып отырады.
Қызы:
Апа, мына үйдің ішін неге киізбен жапқансыңдар, жай ғана матамен жабуға болатын еді ғой?
Бәйбіше:
Қызым, үй ішін киізбен жапқан себебіміз, әр заттың жылу өткізгіштігі әр түрлі гой. Киіздің өткізгіштік қасиеті жай матаға қарағанда аз. Киіз жүннен жасалады, жүн ылғал мен температура әсерінен (киіз басу) және механикалық әрекет нәтижесінде ширайды да, көлемі кішірейіп, тығыздығы артады. Киіз басудағы ең жоғарғы тығыздық 0, 55 г/см3.
Енді киіздің жылу өткізгіштігіне тоқталайық. Жылуды нашар өткізетін заттар денені салқындаудан немесе қызып кетуден сақтау қажет болатын жерлерде пайдаланылады. Ал киіздің жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан оның осы қасиеті киіз үйдің аптап шілдеде сая, ызғырықта жылы баспана болуын қамтамасыз етеді.
Сол сияқты қандай ыстық болса да киіз үйдің ауасы таза, салқын болуы конвенсияға байланысты. Конвенсияда жылы ауа жоғары көтеріліп, салқын ауа оның орнын басады. Киіз үйдің салқын болуы оның түндігіне байланысты. Түндік қазіргі кездегі үйдегі терезенің ашпалы көзінің және мұржаның рөлін атқарады. Түндіктен кірген салқын ауа төмен түсіп, жылы ауа мен суықта от қаққандағы түтін ол арқылы сыртқа шығады.
Әдетте киіз үйге ақ шаңқандай киіз жабады.
Қызы:
Киіз не себепті ақ болуы керек?
Бәйбіше:
Ақ киіз өзіне түсетін әр түрлі сәулелердің барлығын шағылдырады да жылуды аз сіңіреді, бұл да жазда киіз үйдің салқын болуына әсерін тигізеді.
Қызы:
А – а – а солай ма? Ту – у, мен жаман терлеп кеттім. Әкемде терлеп кеткен, мұның себебін түсіндірші.
Бәйбіше:
Біз жұмыс істеп отырмыз ғой. Жұмыс істегенде ішкі энергиямыз артып терлейміз, яғни ішкі энергияны жұмыс істеу арқылы өзгертуге болады.
Қызы:
Мұның сыры осында екен ғой. Енді білетін боламын, рахмет апа!
Автор:
Осыдан кейін Алдар ішке кіріп амандасады.
Алдар көсе:
Кеш жарық басеке!
Автор:
Үйдегілердің қолындағы барлық тағамдары бір - ақ сәтте жоғалып кетті.
Бай:
Қайдан келдің, қалай келдің, көрген, білгенің бар ма?
Автор:
Алдар көсе байдың сөзін аяқтамай жатып, жаңағы үйден көргенін желдірте жөнелді.
Алдар көсе:
Артық кем қып асырмай,
Шын айтқанда жасырмай.
Былш ете түсті иленіп
Бәйбіше астындағы нанындай
Өтірік болса сақалым жұлынсын
Қыз астындағы тырнадай
Бәрінде осының көріп келдім,
Асыңды асшы ұрламай.
Бай:
Шоқ түссін тіліңе! Әй бәйбіше, асыңды аса бер.
Бәйбіше:
Піс қазаным бес ай!
Алдар көсе:
Отырайын он ай!
Бәйбіше:
Менің темір қазанымның массасы 8 кг, оған 10 кг су құйылған. Неде болса, Алдакеңе бұл етті жегізбеуіміз керек. Олардың температураларын тек 10 градустан 40 градусқа шейін ғана қыздыру үшін су құйылған қазанға қанша жылу мөлшері берілуге тиіс. Қанеки қызым жылдамдатып есептеп жіберші.
Автор:
Қызы есептеп шығарады.
Шығайбай от басында қалғып отыр,
Алдар көсе көзін жұмып аңдып отыр.
Қызуы шым тезектің екі жанға
Қандай тәсіл түрімен жетіп отыр.
Алдар көсе:
Қызуы шым тезектің екі жанға
Сәуле шығару түрімен жетіп отыр.

2 – көрініс.
Автор:
Алдардың сұмдық қылықтарына шыдамай, келесі күні жолға шықпақ болады да бәйбішесіне:
Бай:
Қонаққа көрсетпей маған нан алып беріп жібер.
Автор:
Әйелі жерошақта пісіп жатқан нанды оттан ала салып, байдың қойнына тыға қояды. Мұны көрген Алдар жүгіріп шығып:
Алдар көсе:
Е, байеке бұдан былай жолығамыз ба, жоқ па? Ақтық рет достарша көрісіп, төс қағысып айырылайық.
Бай:
Ау, жарайды енді.
Автор:
Нанның ыссылығы байдың жанына батқан сайын Алдар қаттырақ қыса береді.
Бай:
Мына ит жегірді ит жесін...
Алдар көсе:
О, бай – ау, ит жегенше, мен жейін.
Автор:
Шық бермес Шығайбай кетпек болды,
Қызуы қарма нанның шыдаттырмай
Шығайбай безек қағып айқай салды.
Бұл жерде жылу берілуінің қанда түрі арқылы беріледі?
Алдар көсе:
Нанның қызуы Шығайбайға жылу берілудің жылу өткізгіштік арқылы беріледі.

3 – көрініс.
Автор:
Бай сол күні аш кетеді. Бай екінші күні тағы жолға шығарда бәйбішесіне бір торсық айран құйғызып, оны көрсетпей ішіне байлап алады. Бай енді шығуға ыңғайланғанда.
Алдар көсе:
Байеке, мен сіз келгенше жүретін шығармын, қоштасып алайын.
Автор:
Құшақтасқан күйі торсықтың тұсынан қысады. Торсықтағы айран төгіліп, байдың мазасын келтіреді. Торсықты амалсыздан Алдарға беріп, Шығайбай бұл жолы да аш кетеді.

4 – көрініс.
Автор:
Алдар көседен құтыла алмаған соң бай Алдардың атын сойып алмақ болады. Атының қасында байдың да аты тұрады. Өз атының маңдайындағы қасқасы болмаса, екеуінің ешбір айырмашылығы жоқ екен. Өз атының қасқасына сиырдың жас жапасын жағып жоғалтады да, бай атының басына бор жағып қара қасқа ат етіп қояды. Сөйтіп, орнына келіп жата қалады. Алғашқы күні етті жеп қойған Алдар екенін біліп бай ішінен:
Бай:
- Тұра – тұр, бәлем!
Автор:
Бай Алдарға ыза болып жүр еді. Алдар ұйықтайды - ау дегенде сыртқа шығып, Алдардың атын жарып тастайды.
Бай:
Міне, жігітім, сазайың!
Автор:
Деп өзінің істеген ісіне көңілі толып, қуанып, төсегіне жатып ұйқыға кетеді. Таңертең бай тұрып Алдарға:
Бай:
Мына кемпір қасқа ат өліп жатыр дейді. Жарылып қалған сенің атың болуы керек. Сорлы атыңды бақпай, қазан бағып жүрген не қылған адамсың.
Автор:
Деп, қарқ - қарқ күледі. Сонда Алдар тұрып.
Алдар көсе:
Қандай қасқа екен? Боқ қасқа болса, менікі, бор қасқа болса, сіздікі.
Автор:
Бай сонда құдайдың ұрғанын бір - ақ біледі де, орнынан тұра жүгіреді. Жүгіріп барса, айтқанындай өліп жатқан байдың бор қасқасы екен. Бай күліп кетіп, Алдарға келіп:
Бай:
Жоғалт қараңды, сұм! Мен сені енді көрмейін.
Автор:
Деп шығып кетеді. Сыртқа шығысымен әйеліне:
Бай:
Мына итті тез жөнелт.

5 – көрініс.
Автор:
Бай үйден ұзай бергенде Алдар жақындап барып:
Алдар көсе:
Етігім жыртылып, шылғауым шығып жүр. Бізіңді беріп кет.
Автор:
Байдың бергісі келмейді. Алдар жабысып жібермейжді. Ақыры болмаған соң:
Бай:
Әй, алсаң алшы, антұрған! Алда қараңды жоғалтшы, кәпір!
Автор:
Алдар алғысты жаудыратып, күліп қала берді. Бай кетісімен Алдар оның бәйбішесіне жүгіріп келіп:
Алдар көсе:
Ал, бәйбіше, қызыңыз Бізбекені киіндіріңіз.
Бәйбіше:
Е, не үшін.
Алдар көсе:
Баймен келісіп, мен қызыңызды алып кетемін, болды.
Бәйбіше:
Жоғал әрі сұм неме! Саған қыз беретін бе еді бай!
Алдар көсе:
Әйтпесе өз құлағыңмен естіп қал.
Автор:
Сыртқа шығып, недәуір жерге ұзап кеткен байдың артынан айғайлайды.
Алдар көсе:
Әй, бай! Бізбикені бермей жатыр мына бәйбішең.
Автор:
«Біз» деген сөзін созыңқырап.
Бай:
Әй, бәйбіше! Бер бізді! Жоғалт сол кәпірдің көзін.
Алдар көсе:
Әне, естідің бе?
Бәйбіше:
Мына кәрі қақпас алжыған ба өзі? Елді құртқан бір қуаяққа қыз беріп құтылған ба?
Автор:
Деп таңқалады әйелі. Анау - мынау дегенге көнбестен жасауын буып, қызды атқа мінгізеді.
Алдар көсе:
«Шық бермес Шығайбайды Мырзабай еткен Алдардың ойыны осылай болады».
Автор:
Деп еліне тартып отырады.
7 665
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай
Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай
Ерте - ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде Шықбермес Шығайбай дейтін бай болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Шықбермес Шығайбай үйіне ешкімді қондырмайды екен, қондырса, дәм бермейді екен.
Алдар Көсенің сиқырлы тоны
Алдар Көсенің сиқырлы тоны
Мұндай сақылдаған сары аязда тоңбаса, түлкі тоны немесе қасқыр ішігі бар адамның ғана тоңбауы мүмкін. Ал Алдар көсе жарықтық шұрық тесік жаман тонмен күн сайын үсіп өле жаздайтын.
Алдар Көсе және мақтаншақ бай сахналық көрініс (қазақ ертегілерінен)
Алдар Көсе және мақтаншақ бай сахналық көрініс (қазақ ертегілерінен)
Алдар Көсе және мақтаншақ бай қазақ ертегісін сахналық көрініске айналдырып, Өзін - өзі тану пәнінде, тәрбие шараларда рөлдік және сахналық көрініс.
Аңыздар. Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай
Аңыздар. Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай
Аңыз жанры туралы түсінік қалыптастыру; сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, адалдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауға баулу.
Алдар көсе Шықбермес Шығайбай
Алдар көсе Шықбермес Шығайбай
Ертегі әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру. Ертегілердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтау. Ым - ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау. Ертегі кейіпкерлердің сипаты
Алдар Көсе және мақтаншақ бай
Алдар Көсе және мақтаншақ бай
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Ерғалиев ауылы, Ғибатолла Мәсәлімов орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Рахметова Батима
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×