Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлттық Бірыңғай Тест - білім сапасының негізі

18 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Психология
Тренинг тақырыбы: «Ұлттық Бірыңғай Тест - білім сапасының негізі»
Тренинг мақсаты: Мектеп түлектерінің ҰБТ - ға дайындығын тексере отырып, қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерден құтылуға, адал болуға психологиялық көмек көрсете отырып, бойларына сенімділік ұялату.
Шағын топтардағы дискуссия.

Мақсаты: Қатысушыларға өздерін жақсы түсінуге көмектесу, сезімдерден, көзқарастарын қарастыру.
Уақыты: 25 минут.
Құрылымы: 4 шағын топқа бөліңдер. Мына принцип бойынша: - теңіз, өзен, көл.
Таймерді, хатшыны спикерді таңдаңдар. Қазір сендерге талқылайтын сұрақтар таратамын. Жұмысты орындауға сендерге 2 минут беремін.
1- топқа тапсырма: өз - өзіне сенетін, өз күшіне сенетін адам суретін сал.
2 - топқа тапсырма: өз көңіл - күйіңді көтеру жолдары.
3- топқа тапсырма: Емтиханда пайда болған қысымнан қалай арылуға болады?
4 - топқа тапсырма: Классқа кіріп келе жатқанда дайындалу кезінде және емтиханға жауап беру алдында қобалжу сезімінен арылу.

Ал енді мен спикерлерден талқылау барысындаға топтық идеяларды баяндау.
Тақырыбы: Емтихан уақытындағы көңіл - күй.
Материалдар: Магнитофон, ватман, А - 4 форматтары, тесттер мен әдістемелерге арналған бланкілер, қалам.

1. «Сәлемдемелік хат» жаттығуы.
Мақсаты: Эмпатия сезімдерінің дамуы, топтық бірігудің жоғарылауы.
Құрылымы: Мен сізге өзіңіздің сәлемдемеңізді қағаз бетіне түсіріп, оны ларецке салуыңызды ұсынамын. Ал енді оны араластырамын. Қазір сіз топқа оқып беретін және бүгінгі кездесуден өзіңізге естелікке қалатын басқа сәлемдеме аласыз.

Анализ:
1. Сізге сәлемдеме жазу қиындық келтірді ме?
2. Сіздің сәлемдемеңізді оқығанда сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз?
3. Бүгінгі тренингтің тапсырмасын әрі қарай жалғастыруға дайынсыз ба?
2. «Өз жұлдызыңды тап» (арт терапиялық жаттығу)-

Нұсқау: Шеңбер бойында отырып көзіңізді жұмыңыз. Үш рет демалып, үш рет дем шығарыңыз... (баяу музыка ойналып тұрады)
- Ал енді көз алдыңызға жұлдызды түнгі аспанды елестетіңіз. Жұлдыздардың бірі сізге жақын болса, ал кейбір жұлдыздарды тек нүкте кейпінде ғана елестетіңіз.
- Сол жұлдыздардың ішінен өз жаныңызға жақынын, яғни сізге қарап тұрғанын таңдап алыңыз. Мүмкін осы жұлдыз сіздің арманыңызға ұқсайтын шығар, осы жұлдызға тура қолыңызды созып ұстауға тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз! Сіз оны қалайда алдыңыз, оны ақырын ұстап алдыңызға қойыңыз, оған жақсылап қарап, оның қандай екеніне қарап жарықтығын еске сақтап қалыңыз.
Ал енді өз еркілеріңізбен төмен еңкейіп тізелеріңізді ұстап, кейін қарай шалқайып көздеріңізді ашыңыздар. Қолыңызға түрлі - түсті қарындаштарды, қағазды алып, өзіңіз таңдаған жұлдызыңыздың суретін салыңыз. Салған жұлдыздарымыз осы тренинг бойына өзінің шуағын шашып, достығымызды нығайтып отырады. Тренингтен оны өздеріңмен бірге алып кетесіңдер. Олар сендерге білім жолында, барлық емтихандарда және өмір бойы көмектеседі. Жұлдыздарға мұқият қараңыздар, олардың барлығы әр түрлі сіздер мен біздер сияқты бір - біріне ұқсамайды. Осы жұлдыздардың бес тармағы секілді, ҰБТ - ның бес пәнінен де 5 деген баға алып шығуларыңызға тілектеспін!
6 132
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқушыларды ҰБТ мен ОЖСБ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Оқушыларды ҰБТ мен ОЖСБ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Ұлттық бірыңғай тестілеу - жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттауының бір түрі.
Сенімділік күш береді
Сенімділік күш береді
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ақбұлақ орта мектебінің педагог - психологы Темкенева Толқын Алпыспаевна
11-сыныпқа арналған психологиялық тренинг-сабақ
11-сыныпқа арналған психологиялық тренинг-сабақ
ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, «Әуезов атындағы орта мектебі»КММ мектеп психологы Азимбаева Ғалия Қажиевна
ҰБТ-ға дайындау жолдары
ҰБТ-ға дайындау жолдары
ҰБТ дегеніміз не? Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың
Өнеге отбасынан
Өнеге отбасынан
ШҚО, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы, Благодарное орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Саметекова Жанар Бейсенқызы
Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал- мәтелдер
Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал- мәтелдер
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Күншығарова Сәния Капизуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×