Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің ең қиын оқушым

18 қараша 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Психология
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Атамекен орта мектебінде мектеп психологы
Абитова Камшат

«Ой шақыру»
«Тағдыр таразысының қайда қарап ауатыны, бесіктің қалай тербетілетініне байланысты»
Станислав Ежи Лец

«Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын»
Халық мақалы

Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын көкейкесті мәселелері болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Тәрбие ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Бала тәрбиесі – салғырттыққа, себеп - сылтау іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік білгірлігі, ата - аналардың саналық көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп және отбасы арасындағы тығыз байланысқан одақ, нәтижелі жұмыс қажет. Соңғы кезде жасөспірімдер, жеткіншектер арасында мектеп қабырғасында жүріп - ақ кейбір келеңсіз оқиғаларға оқушыларымыздың көп ұрынуы, «қиын» бала есебін толықтыруы, сөз жоқ, мұғалімдер мен мектеп ұжымын ойландырады.

«Қиын оқушы» ұғымын тудырушы факторлар
Біріншіден, бұған қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады;
екіншіден, балалардың мінез - құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан немесе қалыпты нормадан ауытқуы;
үшіншіден, педагогикалық тәрбиесінің дұрыс болмауы

4. Әлеуметтік жағдай:
- бақылаусыздық;
- назардан тыс қалуы;
- бос уақытының болмауы;
- отбасының толық болмауы.

5. Психологиялық жағдай:
- балалардың жас кезінде педагогикалық тәрбиемен жете қамтылмауы;
- оларды қайта тәрбиелеудегі асығыстық;
- балаға балдырған кезінде қатал болып, ал жеткіншек кезінде айтқанын орындата алмау;
балаға жасынан толық еркіндік беру,

6. Ата - аналардың отбасындағы
- келіспеушілігі, кикілжің
- өз жауапкершілігін терең сезінбеуі,
- бала қабілетімен санаспау,
- баласына сенім білдірмеу,
- мінез - құлық ерекшелігін ескермеу,
- ұлттық тәрбиенің болмауы баланың бұзылуына әсер етеді.
А. С. Макаренко: «Тәрбие – баламен сөйлесумен, оған ақыл - кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие - тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі - өнеге көрсетуінде»,- дейді. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір - қасиетін, ар - намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым - қатынас жасаған абзал.
Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата - анасы тыңдап, ақыл - кеңес беруі керек.
Ата - ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.
Қиын оқушы туралы қысқаша мәліметтерді қорытындылап, алдағы уақытта қиын оқушымен жұмысыңызда қажетіңізге жарайды деген үмітте бірнеше жаттығулар жүргізуді жоспарладым. Ендеше сол жаттығуларды бірге жүргізсек.

«Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» жаттығу
Ойынның шарты:
Қатысушылар арасынан 6 адам шығып, 3-3-тен екі топқа бөлініп тұрайық. Бірінші топтағы қатысушылар «Оқушы мені жақсы көрмейді, себебі...» деп әңгіме бастайды.
Екінші топтағы қатысушылар тыңдап болып, « Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» деп жалғастырады.

Талдау:
* Сіз серіктесіңіздің әңгімесіне түгелдей лайықты жауап бере алдыңыз ба?
* Жауап беру қиын болған жоқ па?
* Қиындық не нәрсеге байланысты болды деп ойлайсың?
* Қолдау тапқан кезіңізде қандай сезімде болдыңыз?

«ЭМОЦИЯ» жаттығуы
Мақсаты: Мұғалім бойында әртістік, эмоционалдылық, иілгіштік, оқушылармен қарым қатынаста образдық пен тірлік техникаларын дамыту.

ТАПСЫРМАЛАР
1. Үзіліс кезінде шулап жатқан балалар қоңыраудың, соғылғанын, сіздің сыныпқа кіргеніңізді байқамады. Бір оқушының лақтырған бас киімі сіздің бетіңізге тиіп кетті. Сіз не істейсіз?
2. Сіз сабақ өткізудесіз. Мектепке сирек келетін ата - ананың бірі есік қақпастан кіріп келіп, әй - шай жоқ, партада отырған қызының жанына жүгіріп барып, айналып - толғанып ертіп әкете жөнелді. Сіздің әрекетіңіз?
3. «Тез келсін!» деп сізді директор шақыртыпты. Кабинетіне кіріп келсеңіз ашуланып тұрған директор сіздің еш қатысыңыз жоқ оқиға жөнінде ұрса жөнелді. Сіз ештеңе түсінбей, аңырап қалдыңыз. Не істейсіз?
4. Сыныбыңда бір оқушының темекі тартып жүргенін байқадыңыз. Баланың өзіне ескерткеніңізде мойындамады. Сіздің әрекетіңіз қандай?
5. Сыныбыңызда ұлдар өте тентек. Сыныбыңыз үшін үнемі ескерту аласыз. Шаштары өскен, үнемі ескертесіз. Бірақ орындалмайды. Ата - анаға барсаңыз «жалғыз сол ма?» деген сияқты дәлел айтады. Сіздің әрекетіңіз?

АУТОТРЕНИНГ
Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.
- Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.
- Ал, бастаймыз. (музыка қосылады)
- Соқпақ жолмен жүріп келесіз …
- Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз …
- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді …
- Алма бағы …
- Қып-қызыл алмалар қол созым жерде …
- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз …
- Дәмі керемет …
- Жеген сайын жегіңіз келеді …
- Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз …
- Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз …Иығыңызда дорба.
- Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді …
- Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз …
- Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты …
- Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз …
- Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма?
Сізге балалар да, олардың ата-аналары да дән риза …
- Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді!

«МЕНІҢ ЕҢ ҚИЫН ОҚУШЫМ» ЖАТТЫҒУ
МАҚСАТЫ: мұғалім бойында балаға деген жағымды эмоциялы қатынасын дамыту, қиын балалармен қарым - қатынас жасау жолдарын бөлісу
ШАРТЫ: Сынып жетекші өз сыныбындағы бір қиын оқушы жайлы, оның түр әлпеті, өзін сабақта қалай ұстайтындығы, оның үлгерімі туралы айтып береді немесе соған байланысты болған ситуацияны баяндап беруі тиіс.

Талдау
Жаттығуды орындау қиын болды ма?
Қиын оқушының эмоциясын салу барсында қандай ойда болдың?
Не қиындық келтірді?
Сонымен тренинг сабағымызды қорытындылай келе, тәрбиесі «қиын» жасөспірімдерді тәрбиелеу проблемасын ата - аналар, психологтар, педагогтар болып бірігіп қолға алуымыз қажет. Өйткені, тәрбие саласында жүрген кемшіліктерді уақыт өткен соң қайыра қалпына келтіру қиын.
Жас шыбықтың шорт сынбай, қайырылса да қайта орнына келгенінің жақсы болатыны секілді, қиюы келіспесе де қиын баланы тәрбиелеу қажырлы, қайратты еңбекті талап етеді.
Ұрпағымыздың жұмсақ мінезді, мейірімді, байланыс жасауда қиындық тудырмауы үшін, өмірдің қатал сынына төзбей «қиын бала» атанған бауыр етіміз балалардың тәрбиесіне бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып іске кірісуіміз қажет.
36 783
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі
Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі
Оқушылармен ата-аналарға жан-жақты талдау жасай отырып, мектеп, ұстаз, ата - ана қарым-қатынасын нығайту.
Отбасы мен балабақша арасындағы бала тәрбиесі педагогикалық мақсаттар арқылы жүзеге асады
Отбасы мен балабақша арасындағы бала тәрбиесі педагогикалық мақсаттар арқылы жүзеге асады
Мұханбетқалиева Бибігүл Қыдырғалиқызы Ақтөбе қаласындағы №3 «Ертегі» МДҰ меңгерушісі А.Байтұрсынов атындағы медаль иегері
Сынып жетекшілерге арналған психологиялық сауалнама
Сынып жетекшілерге арналған психологиялық сауалнама
Сынып жетекшілерге арналған психологиялық сауалнама
Отбасы мен балабақшының сабақтастығы және серіктестігі
Отбасы мен балабақшының сабақтастығы және серіктестігі
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып,
Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі
Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.
Отбасы тәрбиесі
Отбасы тәрбиесі
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты математика-информатика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×