Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Баланың өтірік айту себептері және оның алдын алу

03 маусым 2016, Жұма
Категориясы: Психология
Баланың өтірік айту себептері және оның алдын алу.
Біз әдетте балалардың өтірік айта салуын көптеп кезіктіреміз. Тіпті оған қызықтап қарайтындарымыз да жоқ емес. Сонымен, баланың өтірік айтуының себептері не, түрлері қандай, зардаптары ше, қайткенде алдын алуға болады?
Психологтар бастауыш сынып оқушыларының өтірік айту әдеттерін СЕБЕПТЕН ҚҰТЫЛУ (амалсыздықтан) үшін өтірік айту, МАҚСАТТЫ ТҮРДЕ (әдейі) өтірік айту деп екі түрге бөледі.
Себептен құтылу үшін өтірік айту әдеті көбінесе балабақша жасындағы балалар мен бастауыш сыныптың төменгі жылдықтарындағы балаларда кездеседі. Отбасында әке - шешесінің ұрыс - кикілжіңі көп балалар кейде ата - анасын қуанту үшін, аңсары ауған нәрсесіне қол жеткізу үшін де өтірік айта салады. Бұл түрдегі өтірік айту мақсатты өтірік айтудан ауыр емес, бірақ ұлғая берсе зардабы болатынын анық.

Өтірік айтудың себептері
Зерттеу нәтижелеріне қарағанда әдетте төрт жастан төменгі балалар ата - анасын көңілдендіре алу - алмауды өзінің іс - әрекетінің негізгі өлшемі қылады екен. Әке - шешесі көңілденсе болды жақсы іс, олай болмаса жаман іс деп қарайды. Бұл бастауыш сыныптың 1 - 2 сынып оқушыларында көптеп кездеседі. Бұл жастағы балалардың мәселеге қарата түсінуі кемшіл болғандықтан олар жақсы мен жаман, дұрыс пен қатені өзінің сынға ұшырауы мен мадақ есту арқылы біле алады екен. Сондықтан әке - шешесінің қабағына қарап, солардың ыңғайына қарай өтірік айтады.
Кейбір ата - аналар қателік өткізген баланы ұру, ұрсу арқылы тәртіпке салады. Бұл әдіс көп қайталанса және мөлшерінен асып кетсе баланың уайымшылдығын тудырып, тағы бір реткі қателікте өтірік айту арқылы жазадан құтылудың жолын іздейді.
Тағы бір ата - аналар баласының сабақ үйренуіне, тағы да басқа жоспарлы істеріне кесірі тиеді деп ойын ойнаудан көп шектейді. Ал баланың табиғаты, өсуі табиғи қажеттілік болғандықтан қалыпты ойын ойнау шектемеге ұшырағаннан кейін бала түрлі жолмен өтірік айтып өз қажетін қандырады. Ата - анасынан жасырынып құмардан шыққанша ойнайды.
Баланың ысырапшылдығы, анау - мынау жемектіктерге әуес болмасын деп кей ата - аналар балаға ұсақ ақша да ұстатпайды. Өкінішке қарай, кейде ол кері нәтиже береді. Ол өзге балалардың жемектік алғанын көріп өзі де солай істегісі келеді. Сөйтіп, өтірік айтып өзгеден немесе ұрлап ақша тауып жемектік алады. Оған әуесі тіпті арта түседі. Болмаса мектеп ақша сұрап жатыр деген сылтау айтады.
Кей ата - аналар өзі біліп, білмей баланың алдында өтірік айтады. Бұл балаға өз тәсірін тигізбей қоймайды. Сыйлық алып беруге берілген уәденің уақытылы орындалмауы, «мен қазір келем» деп алдап алысқа кету дегендей.

Өтірік айтудың алдын алу
Біраз ата - аналар баланың өтірік айтуын үлкен мәселе емес деп сәл қараса, тағы бір ата - аналар оны өте жаман қасиет деп танып, қатаң шектеуге әрекет жасайды. Шынығында ол қаса қатты алаңдап немесе елемей қоятын шаруа емес. Маңыздысы баланың өтірік айту себебін дұрыс түсініп, ата - ана мен мұғалім сәйкесе отырып біртіндеп жою.
Ата - ана сөзсіз баланың өзінің сезінген, түйсінген нәрселерін мейлі жақсы, мейлі жаман нәрсе болсын өз сөзінде тұрып ашық ортаға қоя алуына мүмкіндік беруі керек.
Ата - ана баланың алдында өздері өтірік айтудан сақ болғаны жөн. Мысалы, «мына дәрі ащы емес», «мына әпке уколды ауыртпай салады» деген секілді. Бұл дұрыс тәсіл емес. Мейлі, қандай істе болсын ата - ана балаға оның ақиқи мәнін анық, дұрысын айту қажет.

БҰЛ АСА МАҢЫЗДЫ.
Кей ата - ана балаға сөйлеген кезде оның өтірік айтуына мүмкіндік бере сөйлейді. Мысалы, бала таңертең ұйқысын аша алмай, ерініп жатқанда «не болды, ішің ауырып жатыр ма?», «басың ауырып тұр ма?» деп олардың ыңғайына келетін өтірікті аузына салып береді. «Иә» деп бастайды бала. Сосын оны әдетке айналдырады. Тағы бір мысал: біреумен төбелесіп жылап келген баласына «алдымен өзі тиісті ме?, сен өзің тұрғанда ұрып кетті ме?» деген секілді сөздерді айтудан сақ болыңыз.
Ата - ананың балаға сыйлау, жазалауды үйлесімді болу. Көптеген балалар қателік өткізіп қойғаннан кейін жазадан құтылу үшін өтірік айтуға әдеттенеді. Қателік немесе дұрыс ісіне жазалау мен сыйлауды үйлесімді орналастыру керек.

ҚЫСҚАСЫ: Балада өтірік айту ахуалы болғанда ата - ана мен ұстаздар мәселені нақты талдап үйлесімді тәрбие әдісін қолдану негізінде олардағы жағымсыз әдеттерді жоғалту тиіс. Оларға амалы бар сындарды азырақ қолдану, өз әрекетін өзіне мойындату жағында ұтымды тәсілдер қолдана отырып дұрыс азамат болып жетілуіне күш салу керек.
Егер оған салғырт қарасаңыз: Бүгін сені бала болып алдап отырған адам, ертең сені азамат болып алдайды. Біреуді алдап жүріп өзі торға түседі. Ондай баланың азабы мен күйігін тартудан басқа жол жоқ. Солай болып та жатыр.
4 843
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Өтірік өрге баспайды
Өтірік өрге баспайды
Оқушыларға мәтінді оқыта отырып, түсініп оқу дағдысын жетілдіру, дам бойындағы жат қылықтар туралы түсінік беру. Өтірік, өсек, мақтаншақтық сияқты жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.
Қырық өтірік ертегісі (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Қырық өтірік ертегісі (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып. Тақырыптар: 11. «Қырық өтірік» ертегісі 12. Аңыз – әңгімелер, Асан Қайғы 13. Ақсақ құлан, Жошы хан 14. Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу 15. Жиреншенің хан сынағына түскені
Қысқа мерзімді жоспар
Қысқа мерзімді жоспар
Ертегі мазмұнын сұрау, басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білуге үйрету
Әмірдің қулығы
Әмірдің қулығы
Шалқар қаласы, № 3 мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Батырова Назгуль Шахматовна
Ана тілім ата-бабам мұрасы
Ана тілім ата-бабам мұрасы
Исина Сара.Қартабайқызы № 3 мектеп-гимназия бастауыш сынып мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×