Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәрбиешілерге арналған психологиялық жаттығулар

03 маусым 2016, Жұма
Категориясы: Психология
Тәрбиешілерге арналған психологиялық жаттығулар.
Мақсаты: тәрбиешілердің психикалық көңіл – күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымдық сыйластық қарым – қатынас орнату.
Сәлемдесу
Жылы – жылы жүзбенен,
Маңдайынан сипайын
Жылы – жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бір қысайын
Амандасып өзіңмен,
Құшағыма қысайын.
“Жақсы күн дайындау рецептісі”
Әрбір күнге:
12 порциялық ақылдылық
11 порция шыдамдылық
10 порция батылдылық
9 порция жұмысқа қабілеттілік
8 порция белсенділік
7 порция өз ісіне берілушілік
6 порция ойлануды
5 порция мейірімділік
4 порция демалыс пен денсаулық туралы ой
3 порция ұқыптылық
1 порция әр балаға ұқыптылық

“Ара” жаттығуы
Тәрбиешілер шеңбер құрып тұрады, қолды бір рет шапалақтаған кезде көздерін жұмып аралар сияқты ызылдап жүреді, екі рет қол шапалақтаған кезде шеңбер жасауға тырысады. Көзді ашуға болады дегенде ғана ашады. Басталық...
“Еңбек ағашы” жаттығуы
Қазір сіздерге 3 түрлі қағаз қиындылары таратылып беріледі. Сол қағазға өз ойларыңызды жазып, әр қайсысын өз орнына ілесіздер:
1. Бұталарға – мұғалім қандай болу керек:
Жапырақтар – мұғалімнің түпкі мақсат, мұраты.
2. Гүлдер – тәрбиешінің еңбегінің нәтижесі.
3. Жемістер – шәкірт қандай болу керек?
Міне сіздер “Еңбек ағашын” құрастырып шығардыңыздар. Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі осы емес пе?
“Шабадан, қоқыс шелек, еттартқыш” жаттығу
Шабадан – қызыл түс. Яғни осы кездесуде өткізілген жұмыстарды қорытындылай отырып, өзіңізге ұнағанын, өз жұмысыңызға керек деген кеңестерді өзімізбен бірге шабаданға салып алып кетеміз.
Қоқыс шелек – сары түс. Сары дөңгелекшелерге осы кездесуде өз жұмысыңызға керек емес, ұнамаған сәттерді “қоқыс шелекке лақтырасыз”.
Еттартқыш – көк түс. Көк дөңгелекшелерге осы кездесуде қызықты болған, бірақ өз жұмысыңызға әлі қолдануға дайын емес, яғни әлде де ойланып өңдеп, өрнектеп содан соң барып іске асыратынды еттартқышқа жіберу.
(берілген тапсырма жасырын түрде толтырылып, оны плакатқа жеке – жеке жабыстырады).
6 248
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Inkscape векторлық графикасының редакторы
Inkscape векторлық графикасының редакторы
Inkscape бағдарламасының интерфейсін қолданып, бағдарламамен жұмыс жасау тапсырмалары арқылы, құралдармен командаларды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
Тренингтер жинағы
Тренингтер жинағы
мұғалімдердің психикалық көңіл - күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым - қатынас орнату.
Жүректен – жүрекке (педагогтармен өткізілген тренинг)
Жүректен – жүрекке (педагогтармен өткізілген тренинг)
Педагогтар арсында сезімнің сыртқы көріністерін көрсете білу. Топта эмоциялық жайлылық қалыптастыру, жағымды қарым - қатынас орнату, көңіл - күйлерін көтеру, бір - біріне жүректен шыққан жылы лебіздерін сыйлауға жағдай жасау.
Бөлімді қайталау. Тест.
Бөлімді қайталау. Тест.
халық ауыз әдебиеті үлгілерінің түрлерін біледі. атадан қалған сөздердің баға жетпес қазына екенін түсінеді
Ұйқы безінің инсулин гормонының қандағы глюкоза мөлшерін реттеудегі ролі. Қантты диабет
Ұйқы безінің инсулин гормонының қандағы глюкоза мөлшерін реттеудегі ролі. Қантты диабет
Атырау облысы, Атырау қаласы №36 орта мектеп биология пәні мұғалімі Рахимова Альмира
Тез дайындалған тағамдар мен күнделікті қолданысқа келетін тағамдардың құрамы мен адам ағзасына әкелер зияны
Тез дайындалған тағамдар мен күнделікті қолданысқа келетін тағамдардың құрамы мен адам ағзасына әкелер зияны
Қазіргі таңда тез дайындалатын тағамдар өркендеуде. Тез дайындалатын тағам асмәзіріне кіретін тағамдар: гамбургерлер, картопты «фри», картопты чипстер, ход-дог және сусындардың қатарына: «Кока - кола», «Пепси», «Фанта», «Меринда», «Сэвен - Ап»,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×