Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүректен – жүрекке (педагогтармен өткізілген тренинг)

27 мам 2018, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тақырыбы: Жүректен – жүрекке (педагогтармен өткізілген тренинг).
Мақсаты: педагогтар арсында сезімнің сыртқы көріністерін көрсете білу. Топта эмоциялық жайлылық қалыптастыру, жағымды қарым - қатынас орнату, көңіл - күйлерін көтеру, бір - біріне жүректен шыққан жылы лебіздерін сыйлауға жағдай жасау.
Көрнекіліктер: слайд, майшам

І. Кіріспе сөз
Психолог: сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! Бүгін сіздермен кездескеніме өте ерекше қуанып тұрмын. Бүгін біз бір – бірімізге жылулығымызды сыйлаймыз, бір – біріміздің көңіл – күйлерімізді көтеруге тырысамыз. Ендеше барлығымыз келіп шеңбер құрып тұрайық.
1 жаттығу «Сәлеметсіңдер ме?»
Мақсаты: эмоционалдық қарым - қатынас және эмоционалдық комфорт орнату.
Балаларға 3 түрлі әдіспен амандасу ұсынылады:
- Қол алысу;
- Мұрындарын түйістіру арқылы;
- Құшақтасу;
Қазір біз бір - бірімізбен амандасамыз, бірақ амандасу әртүлі. Бірінші бір - бірімізбен қол алысайықшы. Ал енді мұрнымызбен амандасамыз. Соңында бір - бірімізбен құшақтасамыз.

2 жаттығу «Бір затқа дейін қолыңды тигіз» ойыны.
Басқарушы. Біз бүгін бір - бірімізбен жақынырақ таныстық, ал енді кім қандай киім кигенін және ол қандай түсті екенін мұқият қарап алыңдар. Мен «бір затқа қолыңды тигіз» дегенде, сендер көршіңе немесе басқа қатысушыға қолыңды тигізуің қажет.
Мыс. «Көк түске қолыңды тигіз!» Бастаймыз!

3 жаттығу«Лимон және марғау»
Мақсаты: эмоциялық қысымды босаңсытуға арналған жаттығу
Басқарушы: көз алдарыңа елестетіңдер, оң қолымызға лимонды ұстап, оның шырыны шыққандай қатты сығуға тырысамыз. Жұдырығымызды түйіп қатты - қатты қысамыз. Шырынды шығардық! Ал енді бәріміз мысықтың баласы марғау сияқты боламыз, олар енді ғана оянды және керіліп жатыр. Жақсылап керіліп - созылды! Қолымызды жоғары көтеріп, оңға, солға, жоғары қарай тартыламыз, мойнымызды бұрып, арқамызды созамыз! Ал енді қолымыздағы лимон шырынын жалаймыз. (қышқыл дәмді татқанда, бет - әлпеттеріңіз қандай болады?)

4 жаттығу. «Тікұшақпен саяхатқа шығу даярлығы»
Психолог: қазір біз тікұшақпен саяхатқа шығамыз, саяхатқа шығар алдында өзімізді тексеріп алайық. Менімен бірге қайталайсыздар.

1. Саяхатқа дайындалыңдар. (йә!)
2. Контакт. (қолды созу)
3. Педальді тексер. (аяқты тарсылдату)
4. Локаторды тексер. (құлақты уқалау)
5. Желкенді тексер. (екі қолды көтеру)
6. Дүрбіні тексер. (көзді уқалау)
7. Экипаж мүшелерін тексер. (бірін - бірі құшақтау)
8. 1 - ден, 5 - ке дейін санағанда у - у - у деңдер. 6 - дан 10 - ға дейін санағанда «ура!» деңдер.

5 жаттығу.«Жүректен - жүрекке»
Педагогтар майшамды алып бір – біріне жүрек жылуын сыйлап, мейірімді, қайырымды, махаббатқа толы жақсылықтың бәрі жүректен шығатынын жеткізейік.

Өткізген балабақша психологы: Каменова Ж. З.

Жүректен – жүрекке (педагогтармен өткізілген тренинг). жүктеу
6 129
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен ғажаппын тренинг сабақ
Мен ғажаппын тренинг сабақ
Педагогтардың эмоцияналды және көңіл - күйлерін көтеруге, кәсіби жанудың алдын алу, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Педагогтарға арналған психологиялық жаттығу
Педагогтарға арналған психологиялық жаттығу
Бұл тренинг педагогтардың, тәрбиешілердің педагогикалық ұжымдастықты қалыптастыру. Педагогтардың бір - біріне деген қарым-қатынасты жақсарту, коммуникативтік дағдылану, эмоционалды тұрақтылық, өз-өзіне деген сенімділікті нығайту.
Жақсы көңіл-күй – жан шуағы
Жақсы көңіл-күй – жан шуағы
Ұжымдағы қызметкерлердің көңіл - күйлерін көтеру, ұжымда сыйластық қарым - қатынас орнату, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өздеріне құрметпен қарауға, жаңашылдық пен ізденімпаздыққа баулу.
Тәрбиешілерге арналған психологиялық жаттығулар
Тәрбиешілерге арналған психологиялық жаттығулар
Тәрбиешілердің психикалық көңіл – күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымдық сыйластық қарым – қатынас орнату.
Біз - біргеміз, берік іргеміз
Біз - біргеміз, берік іргеміз
Тренинг тақырыбы: Біз - біргеміз, берік іргеміз
Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиядан тренинг сабақтар
Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиядан тренинг сабақтар
Ақтөбе қаласы, №32мектеп - гимназия психологі Исаева Гульнар Мирамбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×