Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұжымдағы қарым - қатынас

31 қазан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Психология
Ұжымдағы қарым - қатынас
Педагог ұжыммен тренинг
Мақсаты: топ ішінде байланыс орнату, мәселелермен жұмыс барысында пайдаланылатын ақпарат жинауға және талқылауға мүмкіндік беру, педагогтық әдебін ұстануға, ұжымның жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру

Тренинг құрылымы:
І. Сәлемдесу
ІІ. Постермен жұмыс
ІІІ. Айдахар ойыны
ІҮ. Жағдаяттар жинағы
Ү. Сіз қандай жұмысшысыз?
ҮІ. Рефлексия

І. Сәлемдесу
Барысы: Мұғалімдерді топқа бөліп, топтарға әр ұлттың «Қазақ», «Өзбек», «Қытай», «Француз» есімдерін беріп, әр топ сол елдердің сәлемдесу рәсімін көрсету

ІІ. Постермен жұмыс
1 – топқа: Неліктен сынып жетекшілер оқушыларына жанашырлықпен емес, немқұрайлы қарайды?
2 – топқа: Неліктен ата – аналардың мұғалімдерге деген жағымсыз көзқарасы ұлғайып барады? Бұл мәселенің шешімі не деп ойлайсыздар?
3 – топқа: Мектебімізде жалпы 400 – ден аса оқушы бар, соның % оқушының сабақ үлгерімі жақсы. Неліктен 3 – тік оқушылар саны көп? Білім сапасын өте жақсы деңгейде көрсеткіш көрсетуге не кедергі?
4 – топқа: Неліктен 100% мұғалімнің 50 – 55 % өз жұмысына деген жауапкершілік қасиеті аз?

ІІІ. Айдахар ойыны
Барысы: Тренинг қатысушыларды 2 топқа бөліп, екі топты параллель бір – біріне қарама – қарсы тұрады. Топ мүшелеріне «Айдахар», «Ханшайым», «Ханзада» сөздері беріледі. Топ мүшелері өздері топпен ойласып осы сөздердің біреуін таңдап, бір мезетте бір – бірлеріне көрсетеді. Онда Айдахар – Ханшайымды, Ханшайым – Ханзаданы, Ханзада – Айдахарды жеңеді

ІҮ. Жағдаяттар жинағы (топ мүшелері ауысады)
Барысы: Әр топқа 1 жағдаяттан беріледі.
1. Ерлан сабаққа үйге берілген тапсырманы орындамай келген. Сіз Ерланға неге үй тапсырмасын орындамадың, Серік (сыныптағы үлгерімі жақсы оқушы) секілді болсаңдар болады ғой, үнемі үйге берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарап орындап келеді, бірақ сендерге Серіктей болу қайдааа деп сөгіп жатқаныңызда Ерлан ашуланып апай неліктен бізді басқа оқушылармен салыстырып, төмендете бересіз деп қалды. Сіздің жауабыңыз?
2. Сабақ барысында оқушыларыңыз сізді тыңдамай шулап кетті, сіздің ашуыңыз шығып оқушыларға қатты дауыс көтеріп балағат сөздер айтып, ұрысып жатқаныңызда ата – ана келіп қалды. Ата – ана сізге қанша ашуыңыз шықса да педагогтық әдептен озбаңыз деп ескертті. Сіздің іс – әрекетіңіз?
3. Сіздің сыныбыңызда тәртібі қиын оқушыңыз бар, ол оқушы мектепшілік есепте тұрады. Мектеп әкімшілігі сізден ол оқушымен жүргізіп жатқан жұмысыңыз жайлы сұрамағандықтан сіз ол оқушымен ешқандай жұмыс жүргізбедіңіз. Ойламаған жерден мектепке комиссия келіп, сынып жетекшілерден қиын оқушылармен жұмыс құжаттарын сұратып қалды. Сізде қиын оқушылармен жүргізілген құжаттар жоқ не істейсіз?
4. Маринаның анасы мұғалімнен кеңес сұрауға келді. Олардың 13 жасар қызы өте көп оқиды, үлгерімі жақсы, соңғы кезде қыз бен ата - ана арасында кейбір мәселелер туындап жүр. Ескертулерге қыз: - сендер мені жақсы көрмейсіңдер, үйден кетемін, - дейді. Ата - ана бұдан қорқып, қыздың барлық жағдайын жасайды. Ол жиі қайталанып жүр. Ата - анаға қандай кеңес берер едіңіз?

Ү. «Сіз» қандай жұмысшысыз?
Суретте жылқының силуэты бейнеленген. Сіздің міндетіңіз – осы картинаны аяқтау, оның сырт келбетін бейнелеу арқылы және оның жанына қажет фонды салу. Атқа жағымды жағдай жасаңыз. Бұл тестте жылқы – бұл өзіңізсіз. Бұл түсінікті де, өйткені көп жұмыс істейтін адамдарды, жұмысшы жылқылар деп атайды. Сіздің жылқының сырт келбетін қалай бейнелегеніңізден, сіздің қандай жұмысшы екеніңізді көруге болады.
- Егер, сіз жылқының сырт келбетіне басты назар аударсаңыз (тұяғын, жалын және құйрығын салсаңыз), онда сіз еңбектене білесіз, бірақ жұмысты бір арнада істемейсіз. Енді сіз жылқының бет әлпетіне басты назар аударсаңыз (көзін, тұмсығын, аузын, кекілін т. б салсаңыз) онда сіз жұмысқа романтикалық қатынасыңыз басым, сізде иллюзиялар мен үміттер толы. Сіз бұрын еш жерде жұмыс істемеген өте жас маман болуыңыз да ықтимал. Егер сіздің жасыңыз үлкен болса, онда шаттану, қуану сізге тән.
- Егер сіз жылқының әрбір қылын салсаңыз, ұсақ - түйек нәрсеге көп уақыт жұмсасаңыз, бұл сіздің тер төгуді қажет ететін еңбектерді атқаруды ұнататындығыңызды білдіреді. Барлық нәрсені дер кезінде орындайсыз. өзіңізге және басқаларға сын көзбен қарайсыз. Сізге кез келген жұмысты сеніп тапсыруға болады, сіз бастаған жұмысыңызды соңына дейін жеткізетін өте еңбекқор адамсыз. Бірақ та сізбен бірге жұмыс істеу қиын, өзіңіздің бірбеткейлігіңізбен адамды шаршатасыз!
- Егер сіз жылқыны шөпке немесе алаңға қойсаңыз, бұл жақсы жағдай жасалынған жерде жұмыс істегіңіз келетіндігіңіздің белгісі, сіз тұйықтарды, шектеу қоятын жұмыстарды ұнатпайсыз. Тәуекел болғанды қалайсыз.
- Егер жылқыға жүген салсаңыз немесе қамыт кигізсеңіз, онда сізге қысыммен жұмыс істеген ұнайды.

Рефлексия:
Мұғалімдер шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді:
- Тренингте ең бірінші не ұнады?
- Не ұнаған жоқ?
- Өзің жаңадан не білдің?
б) "Алған әсеріңіз қандай?"- үлестірмелі карточкалар /смайликтер/ арқылы анықтау.
в) тренингке қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтау.
11 299
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ата - аналар жиналысының жоспары: Табысты мектеп – мінсіз оқушы
Ата - аналар жиналысының жоспары: Табысты мектеп – мінсіз оқушы
Оқытудың жаңа әдістеріне және олардың оқушы дербестігін, жауапкершілігін, өзін - өзі реттеудің, ізденушілік қабілетін дамытудағы маңыздылығын түсіндіру.
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Ана мен бала, адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынастың жырдағы көркемдік шешімін таба білуге үйрету.
Көшбасшылық - тәжірибені жетілдірудің басты құралы
Көшбасшылық - тәжірибені жетілдірудің басты құралы
Көшбасшылық сөзінің негізгі мағынасы мен ролін түсіне отырып, мұғалім - көшбасшы, көшбасшы - оқушы қарым-қатынас тәжірибесін арттыру.
Программалау тілдері
Программалау тілдері
Оқушылар программалау тілдерін біледі. Программамен жұмыс жасауды біледі
Ұжымдағы адам
Ұжымдағы адам
Адамдардың қарым - қатынасы дегеніміз - өз ара пікірлесу ақпарат алмасу идея бөлісу.
Қарым - қатынас жарастығы
Қарым - қатынас жарастығы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Сейітова Гүлзада
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×