Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ағайын - ер ырысы

31 қазан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Психология
№21 сабақ
Тақырып: Ағайын - ер ырысы
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: мейірімділік, қамқорлық, бауырмалдық
Өзiн - өзi тану сабағының жоспары
11 сынып
Сабақ мақсаты: «Туыстық», «Бауырмалдық» туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеті:
Оқушыларға туыс, жамағат, құда - жегжат, нағашы, жиен ұғымын үйрете отырып, мейірімділік қасиеті туралы түсінік беру.
Оқушыларды ағайын арасындағы туыстық қатынас және ынтымақ, береке, бірлікті сақтай білуге баулу.
Оқушыларды мейірімділікке, қамқорлыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Ресурстар: үнтаспа,
суреттер, нақыл сөздер

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Сыныпты 3 топқа бөлу. Ынтымақ, Береке, Бірлік
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
5 Т ережесін еске салу.
1. Тәртіп
2. Талап
3. Тыныштық
4. Тазалық
5. Татулық

2. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап бәрінен жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын"
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

• Қандай сезімде болдыңыздар?

3. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Сұрақтар:
1. Әкенің адам өмірінде алатын орны қандай?
2. Өзің шеше алмаған мәселелерді ата - анаңмен еркін бөлісе аласың ба?
3. Әкең мен анаң қай уақытта саған риза болады? Сабақ барысын талқылау:
Әдістемелік нұсқаулық
4. Дәйексөз.

Тату болса - ағайын жақын,
Ақылшы болса - апайың жақын.
Бауырмал болса - інің жақын,
Инабатты болса - келінің жақын.
Қазыбек би.
Нақыл сөздің мән - мағынасын қалай түсінесіңдер?

Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.
5. Әңгiмелеу.
Мұғалім сыйы. Ағайын (терме )
Сұрақтар:
1. «Ағайын тату болса - ат көп, абысын тату болса - ас көп» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
2. Туыс - туғандардың қадірін алғаш қашан байқадың?
3. Қазақ халқының бауырмалдығы туралы қандай шығармалар оқыдың?

бейнетаспа
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1топ: Шаңырақ жарастығы деген тақырыпқа сюжеттік көрініс.
2 топ: Жеті ата дегеніміз не?
Жеті атаны білуге текті білудің қандай мәні бар?
3 топ: Жігіттің үш жұрты. Әрқайсына жеке тоқталып, біреуіне шағын әңгіме құрастыр.

ІІ. «Жалғасын тап». Мақал мәтелдерді жалғастыру...
• Ағасы ақылдының ауылы азбайды,
...............................................................................................
• Мал қонысын іздейді,
..............................................................................................

• Жақыныңды жат етсең,
...............................................................................................

• Нағашы жұртың жақсылығыңа сүйсінеді,
...............................................................................................

• Ағасы бардың жағасы бар,
...............................................................................................

• Ағайынға қарап мал өсер,
..............................................................................................

• Жалғыздың үні шықпас,
..............................................................................................

• Ағайын жақсы болса - қанатың,
.............................................................................................

• Ағайын тату болса ат көп,
..............................................................................................

• Үйдің жылы - суығын қыс түскенде білерсің,
..............................................................................................

• Бауыр шырын, бас тәтті,
..............................................................................................
• Ағайынға қарап бала өсер,
..............................................................................................

• Ағасы ақылдының ауылы азбайды,
Жеңгесі шебердің тоны тозбайды.

• Мал қонысын іздейді,
Ер туысын іздейді.

• Жақыныңды жат етсең,
Жатқа күлкі боларсың.

• Нағашы жұртың жақсылығыңа сүйсінеді,
Жамандығыңа күйінеді.

• Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.

• Ағайынға қарап мал өсер,
Ағашқа қарап тал өсер.

• Жалғыздың үні шықпас,
Жаяудың шаңы шықпас.

• Ағайын жақсы болса - қанатың,
Ағайын жақсы болса - санатың.

• Ағайын тату болса ат көп,
Абысын тату болса ас көп.

• Үйдің жылы - суығын қыс түскенде білерсің,
Ағайынның алыс жақынын, іс түскенде білерсің.

• Бауыр шырын, бас тәтті,
Ағайынмен ішкен ас тәтті.

• Ағайынға қарап бала өсер,
Қарағайға қарап тал өсер.
ватман, карточка,
фломастер т. б.
7. Топпен ән айту.
"Қайрат Нұртас — Жанұя"
1. Ой ойлатқан талай - талай өтті - ау күндер алыс,
Міне, бүгін бізде үй - жай, ол да біздің парыз.
Өз үйіміз бір Отан береке,
Қандай қызық бір қыдырсақ жанұямен бірге

Қайырмасы:
Аман болсын ата - анамыз бізді өсіріп баптаған,
Аман жүрсін бауырымыз алыстағы аңсаған.
Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,
Ең керегі тату - тәтті болсын менің жанұям.

2. Адал жаным сен қолыма гүл боп біттің менің,
Тосуменен өтті талай күнім менен түнім.
Шаршап келсем жұмыстан мен үйге,
Жадырап сен қарсы аласың нұрын шашқан күнім

Қайырмасы:
Аман болсын ата - анамыз бізді өсіріп баптаған,
Аман жүрсін бауырымыз алыстағы аңсаған.
Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,
Ең керегі тату - тәтті болсын менің жанұям.

3. Жанұяның бір қызығы арадағы бала,
Онсыз үйде болған емес құт - береке сірә?.
Жастайымнан еркелетіп өсірген,
Аман болшы теңдесі жоқ Ата менен Ана!

Қайырмасы:
Аман болсын ата - анамыз бізді өсіріп баптаған,
Аман жүрсін бауырымыз алыстағы аңсаған.
Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,
Ең керегі тату - тәтті болсын менің жанұям.
Бейнетаспа

8. Үй тапсырмасы. «Менің алтын тұғырым» атты тақырыпта шағын әңгіме жазу. Оқулық
9. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.
• Ағайынмен тату болу үшін не істей алар едің?
• Ағайынды өз қалауыңша таңдап алуға бола ма?

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Баяу әуен.

Мектеп № 11 орта мектеп
Мұғалiм: Тойшыбекова Н. Б.
6 365
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мінез - адам көрсеткіші
Мінез - адам көрсеткіші
Оқушылардың мінез - құлық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Тәртіп пен парыз
Тәртіп пен парыз
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары. Тақырып: Тәртіп пен парыз
Әдептен озбайық
Әдептен озбайық
Оқушыларға әдептілік туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мінін ашу.
Сыр мен сымбат
Сыр мен сымбат
№112 орта мектебінің ұстазы: Ташенова Гүлжазира Жалғасбекқызы
Өмір,қымбатсың  маған!
Өмір,қымбатсың маған!
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің өзін - өзі тану мұғалімі Кажгалиева Салтанат Оразовна
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×