Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің эмоциям мінез - құлық жаттығуы

19 ақпан 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Психология
Өкпе, реніш, оларды білдіру жолдары» тақырыбында жүргізілетін психологиялық жаттығу

Сабақтың тақырыбы: Менің эмоциям. мінез - құлық жаттығуы
Мақсаты:
▪ Жасөспірімдердің коммуникативтік мәдениетін дамыта отырып, оларға қарым - қатынас жасау тәсілін үйрету.
▪ Жанжал жағдайларда конструктивті әрекет жасай білуді қалыптастыру..
Күтілетін нәтиже:
 Жасөспірімдердің коммуникативтік мәдениеті дамиды, қарым - қатынас жасау тәсілін үйренеді.
Жанжал жағдайларда конструктивті мәдениеті дамиды, қарым - қатынас жасай біледі.
Көрнекілігі: Жаттығуларға қажетті материалдар.
Түрі: слайд - презентация

1. «Менің эмоциям» жаттығуы
Мақсаты: артистік қабілетті белсенді ету, өзін еркін сезінуге жету, эмоциясын ситуацияларға пара - пар етіп көрсете білу іскерлігін қалыптастыру.
Уақыты: 10 минут.
Материал: Адам тәнінің мүшелері және эмоциясы белгіленген түрлі эмоция топтамалары. Топтамаларда түрлі эмоциялар берілген, олар: «Қайғы бет», «Қуаныш ерін», «Ренжу оң қол», «Көкіректік арқа», «Қорқыныш аяқтар», «Таңқалу Қастар».
Нұсқау: Мен қазір сіздерге адам тәні мен эмоциялық жағдайы белгіленген топтамалар таратамын. Сіздер оны мұқият қарап, эмоцияны бейнелеңіздер. Мысалы «Қайғы қолдар» топтамасы нені білдіреді соны қолдың көмегімен көрсету қажет. Топтың міндеті – сол эмоцияны анықтап табу.
Талдау:
Эмоцияның сіздер үшін қандай маңызы бар?
Адам өмірінде ол қандай роль атқарады?
Ол қандай өмірлік ситуацияларда туындауы мүмкін?

2. «Өз эмоцияңды қалай басқару керек» мини - лекция
Мақсаты: эмоцияны басқаруға үйрету.
Уақыты: 10 минут.
Жағымсыз эмоцияны қалай кетіруге болады?
Сізді түсінетін достарыңыздың арасында жағымсыз эмоцияңыздан арылу. Егер сіз бір жағымсыз эмоцияңыздан арылғыңыз келсе, онда жастықты ұрыңыз, бет орамалды құрғақ болса да сығыңыз. Ашу энергиясы иық, қолдың жоғарғы бөлігінде және саусақтарда жиналады. Кез келген дыбыс шығарыңыз, ашу күші мойныңызға тығылып қалуы мүмкін. Толыққанды арылу қандай да бір спорт түрімен айналысуда шығады. Сондықтан да нағыз спортшылар дене және жан саулығына ие. Адамға табиғаттың жақсы әсері мол. Қиын жағдайда серуен жасау, өзен ағысынан және көлдің мөлдірлігіне қарау, таза ауамен тыныстау көп көмектеседі. Тыныс алу арқылы эмоцияны реттеу. 3 - 4 қысқа тыныс алу мен оны шығару миға баратын импульстер ағыны жақсарып, стреске әсер етеді. Сосын терең тыныс алу қажет.
Табиғат біздің миымызға түсетін психикалық ауырлықтан қорғанудың тамаша құралы жылау мен күлкіні берген. Күлкі жүйке жүйесінің ерекше қорғанышы. Ол қауіпті импульс ағымдарынан құтқарады. Осы жаттығуда жылау мен күлкінің, емдік қасиеттері бірігеді. Ал енді эмоцияны реттейтін бірнеше жаттығулар жасаймыз.
1. Бас бармақты ішіне қаратып, жұдырықтаңыз. Тынысыңызды жаймен ішке жинап, жұдырығыңызды қысыңыз. Сосын жұдырығыңызды біртіндеп босатып, тынысыңызды шығарыңыз. 5 рет қайталаңыз. Енді осы жаттығуды көзді жұмып жасаймыз. Бұл тиімділігін арттырады.
2. Екі грек жаңғағын алақанда айналдырыңыз. Екі алақанға кезекпен жасаңыз.
3. Кішкентай бөбек саусағыңыздың басына массаж жасаңыз.
4. Жаңғақты кішкентай бөбек саусағыңызға жақын орналастырып, екінші алақанмен 3 минуттай айналдырып қимыл жасаңыз.
3. «Бұзық телефон» жаттығуы
Мақсаты: Зейінді дамыту, эмоциялық қатаюдан арылту, көңіл - күйді көтеру.
Уақыты: 10 минут.
Нұсқау: Сіздер аспан және жер принципі бойынша екі топқа бөлінесіздер. Ең соңында тұрған адам алдағы тұрған адамның иығынан түртіп қаратып алып, би қимылын көрсетеді. Қайырылып қараған адам би қимылын есіне сақтап, келесі адамға адамды қаратып, осылайша жаттығу жалғасады. Сосын топ аяқталғанда, бидің алғашқы нұсқасы мен соңғысы салыстырылады. Сөйтіп, алғаш би қимылын көрсеткен адам топтың бас жағына барады.
Талдау: Көңіл - күйіңізбен бөлісіңіз. Қимылды ойлап тауып, оны қайталау қиын болды ма? Ойынның мағынасы не?

Менің эмоциям мінез - құлық жаттығуы. жүктеу
9 264
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
Адам өзін - өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез - құлқын танып, өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы керектігін біледі.
Жағымды мектеп мәдениетін қалыптастыру үшін біз не істей аламыз?
Жағымды мектеп мәдениетін қалыптастыру үшін біз не істей аламыз?
Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым - қатынасы.
Тіл дамытуда саусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасының маңызы. Әдістемелік құрал
Тіл дамытуда саусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасының маңызы. Әдістемелік құрал
Ұсынылып отырған нұсқауда мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ән ырғағымен саусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
ШҚО,"Зырян қаласы, №9 орта мектеп"КММ өзін - өзі тану пәні мұғалімі Тандыбаева Гульмира Толкуновна
Ұжымдағы адам
Ұжымдағы адам
Адамдардың қарым - қатынасы дегеніміз - өз ара пікірлесу ақпарат алмасу идея бөлісу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×