Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Психология пәні бойынша тест сұрақтары. Психика дамуы. Сана

19 сәуір 2019, Жұма
Категориясы: Психология
Психология пәні бойынша тест сұрақтары
Психика дамуы. Сана

55. Психиканың дамуы жөніндегі жалпы көзқарас байланысты
А) діни ұғымдармен
*В) теориялық заңдылықтармен
С) практикалық қажеттілікпен
D) догмалық түсініктермен
E) жеке пайымдаулармен
56. Антропопсихизм атанған психологиялық бағдарды ғылымға енгізген:
А) Аристотель
*В) Декарт
С) Гербарт
D) Гиппократ
E) Платон
57. Психиканың пайда болуын адамның келіп шығуымен байланыстырған психологиялық бағыт:
А) биопсихизм
В) панпсихизм
*С) антропопсихизм
D) нейропсихизм
E) фрейдизм
58. «Панпсихизм» теориясының мәні:
А) психика барша жанды материяның қасиеті
В) психика жүйке жүйесіне ие болғандарға тән
С) психика адамның келіп шығуымен байланысты
*D) психика бүкіл табиғатқа тән
E) психика табиғаттан тыс құбылыс
59. Тіршілік пайда болуының негізгі шарты:
А) табиғаттан тыс себептер
В) жан мен тән тіршілігі
*С) күрделі белоктық жасушалар
D) ауа, су, от, ағаш, жер байланысы
E) адамның келіп шығуы С
60. Тіршілік негізі - күрделі блоктық молекулалардың ғылыми атамасы
А) синапс
В) нейрон
*С) каоцерват
D) рефлекс E) диффузия
61. Каоцерваттардың зат алмасу процесіне себепші әсерлерді сезу қасиеті
А) сезім
*В) тітіркену
С) қабылдау
D) ойлау
E) диссимиляция
62. Тітіркену бұл -
А) құбылыстарды тұтастай бейнелеу
*В) барша мәнді биологиялық әсерлерге жауап беру
С) барша өлі дүниеге тән құбылыс
D) тек адамға ғана тән құбылыс
E) саналы бейнелеу
63. Тітіркену процестерін негізгі сипат етіп алған өмір кезеңі
А) жәндік - жануарлар дүниесі
*В) өсімдіктер дүниесі
С) жербауырлаушылар дүниесі
D) омыртқалылар дүниесі
E) сүтқоректілер дүниесі
64. Жәндік - жануарлар дүниесі кезеңіне сай психикалық құбылыс
*А) сезім
В) қабылдау
С) тітіркену
D) ойлау
E) сөйлеу
65. Әрекет қылықтың жеке дара өзгермелі ормаларын қалыптастыруға негіз болған психикалық құбылыс:
*А) қабылдау
В) тітіркену
С) сезім
D) ойлау
E) сөйлеу
66. Өзгермелі әрекет - қылықтың қалыптасуын алғашқы зерттеген ғалым:
А) Павлов
В) Сеченов
*С) Брамштедт
D) Декарт
E) Гиппократ
67. Көпжасушалылар деңгейіне көтерілуімен пайда болған жүйке жүйесі
А) орталық жүйке жүйесі
*В) торлы - тармақты жүйке (диффузды)
С) нүктелі жүйке (ганглиозды)
D) ми
E) жұлын
68. Ганглиозды жүйке жүйесінің қызмет принципі:
*А) жүйке тобы бір нүктелі орталыққа байланысты
В) бас миына байланысты
С) жұлынға тәуелді
D) әр жүйке өз алдына (диффузды)
E) жүйкені керек етпейді
69. Ес (жад) қасиетінің белгілері нышан берген тіршілік кезеңі:
А) каоцерваттар
В) өсімдіктер
* С) жәндік - құрт
D) сүтқоректілер
E) приматтар
70. Жәндіктер қылығының тумадан беріліп, ұрпақтан ұрпақа берілу қасиеті
А) сезімдік
* В) инстинкт
С) дағды
D) интеллект
E) саналық
71. Инстинктік деңгейдегі болмысты бейнелеу
*А) тұтастай бейнелеу формасына ие
В) түйсіктік формаға ие
С) саналы қабылдау формасына ие
D) сөздік логикалы формаға ие
E) абстракт ойлау қабілетіне ие
72. Сезімдік психика кезеңіне тән процесс
А) қабылдау
*В) түйсіну
С) саналы ойлау
D) сөзді өрнектеу
E) әрекетпен бейнелеу
73. Жануардың жеке ауыспалы әрекет формаларын қажет еткен өмір кезеңі
А) молекулярлық
В) өсімдік
С) су сферасындағы өмір
*D) құрлықтағы өмір
E) интеллекті дүние
74. Жануардың жеке ауыспалы әрекет формаларын іске асырушы жүйке
А) арқа миы
*В) бас миы
С) диффузды жүйке
D) ганглиозды жүйке
E) торлы - тармақты жүйке
75. Бас миының ең төменгі қабатының қызметі
А) сөйлеуді басқарады
В) жүріс - тұрысты басқарады
С) эмоцияларға ықпал етеді
D) ақыл - ой әрекеттерін реттейді
*E) организмнің ішкі тума қалпын реттейді
76. Төменгі дәрежелі жүйке құрылымдарына жетекшілік ететін ми бөлігі
*А) ми қабығы асты жүйке
В) ежелгі қабық
С) қарақұс
D) еңбек
E) үлкен ми жарты шарлары
77. Жануарлардың өмірге келуімен туындап, әрекеттің қарапайым тума формаларын басқарушы ми тетігі
*А) қабық асты жүйке
В) ежелгі қабық
С) үлкен ми жарты шарлары
D) қарақұс
E) еңбек
78. Жербауырлаушылармен құстарда басымдау ми бөлігі
А) ми қабығы асты
В) ежелгі қабық
С) мишық
*D) үлкен ми жарты шарлары
E) жаңа қабық
79. Ауысқан жағдайда икемді әрекет түрлерін дайындап, оларды жадыда сақтап қалу қызметін атқарушы ми бөлігі:
*А) жаңа қабық
В) ежелгі қабық
С) ми асты қабығы
D) мишық
E) үлкен жарты шарлар
80. Бас миы үлкен жарты шарлары қабығының пайда болу негізі
А) тума
*В) экологиялық жағдайлар
С) жануарлар қалауымен
D) табиғаттан тыс әсер
E) адам араласуымен
81. Бас миы қабығының жәрдемімен іске қосылатын жеке ауыспалы қылық (дағды) механизміне қарағанда инстинктік механизм қарапайым, неліктен?
А) белсенді бағдар таңдаудан
В) өмірлік қажетті шарттардың пайда болуынан
*С) тума белсенділігінен
D) жаңа байланыстар түзе алуынан
E) өмірлік сақтануға қажетті бағдарлама түзе алудан
82. жануардың табиғат аясында белсенді бағыт - бағдар таңдай алу қабілетін экспериментті дәлелдеген ғалымдар:
А) Аристотель, Платон
*В) ПавловСеченов
С) Толмен, Креч
D) Брамштедт, Декарт
E) Торндайк, Кречмер
83. Өмірлік бағдар таңдау қабілеті өте кем, енжар дамыған жануарлар тобы:
А) адам
В) жыртқыштар
С) құстар
*D) қой
E) сиыр
84. Тума әрекет түрлері мен жаңа қалыптасқан ауыспалы әрекет формалары арасындағы тығыз байланыс
*А) жоғары омыртқалыларда
В) жербауырлаушыларда
С) су тіршілігінде
D) өсімдіктерде
E) каоцерваттарда
85. «Интеллектуалды» деп белгіленген жеке ауыспалы қылықтың жаңа формасы тән
А) су тіршілігіне
В) каоцерваттарға
С) өсімдіктерге
D) жербауырлаушыларға
*E) приматтарға
86. Сынама байқау қозғалыстарымен қабаттасып келмей, олардан алдын - алажүргізілетін психикалық әрекет:
А) тітіркену
В) сезім
С) инстинкт
D) дағды
*E) интеллектуалды
87. Кезіккен міндеттердің шешілу жолын тауып беруші зерттестіру, қылық бағдарламасын түзу әрекеті
А) инстинкт
В) дағды
*С) интеллект
D) манипуляция
E) қозғалыс
88. Жануардың зат қозғалысын бақылай отырып, мүмкін болар өзгерісті алдын - ала тану қасиеті
А) тітіркену
В) сезім
С) қиялдау
D) экстраполяциялық рефлекс
*E) перспективтік таным
89. Интеллектік әрекет – қылықтың пайда болуына жағдай жасайтын фактор
А) тітіркену күші
В) сезім аумағының кеңеюі
*С) ес беріктігінің ұлғаюы
D) дағдының қалыптасуы
E) инстинктер бекуі
90. Интеллектуалды әрекеттің негізі
А) тітіркенуде
В) инстинкте
С) дағдылануда
*D) заттар арасындағы күрделі қатынастарды тануда
E) жаттығуда
91. Жануардың табиғат байланыстарын сезе отырып, кезіккен жағдайдың нәтижесін алдн - ала білу қабілетін дәлелдеген ғалым:
А) Сеченов
*В) Павлов
С) Выготский
D) Лернер
E) Рубинштейн
92. Психика дамуының ең жоғарғы шегі – интеллектуалды тіршілік түрі:
А) каоцерваттар
В) өсімдіктер
С) су жануарлары
D) қанатты жануарлар
*E) сүтқоректілер
93. Жануарлар психикасының дамуы тәуелді:
А) қоғамдық - тарихи шарттарға
*В) биологиялық заңдылықтарға
С) табиғаттан тыс күштерге
D) биологиялық заңдар мен қоғамдық шарттарға
E) қоғамдық шарттар мен табиғаттан тыс күштерге
94. Адам психикасының дамуы тәуелді
А) қоғамдық - тарихи шарттарға
В) биологиялық заңдылықтарға
С) табиғаттан тыс күштерге
*D) биологиялық заңдар мен қоғамдық шарттарға
E) қоғамдық шарттар мен табиғаттан тыс күштерге
95. Жеке адам санасының дамуына тәуелді:
*А) қоғамдық - тарихи шарттарға
В) биологиялық заңдылықтарға
С) табиғаттан тыс күштерге
D) биологиялық заңдар мен қоғамдық шарттарға
E) қоғамдық шарттар мен табиғаттан тыс күштерге
96. Психикалық кемелденудің әрбір жаңа басқышы тәуелді
А) инстинкте
В) ауыспалы дағдылық әрекетке
*С) интеллектке
D) тіршіліктің жаңа сыртқы шарттарына
E) табиғаттан тыс күшке
97. Қарапайым сенсорлық психика бұл -
*А) қоршаған ортаның айырым қасиеттерін бейнелеу
В) тұтастай нақты бейнелеу
С) сөзді - логикалы бейнелеу
D) эмоционалды бейнелеу
E) қозғалысты бейнелеу
98. Перцептивті психика бұл -
А) қоршаған ортаның айырым қасиеттерін бейнелеу
*В) тұтастай нақты бейнелеу
С) сөзді - логикалы бейнелеу
D) эмоциональді бейнелеу
E) қозғалысты бейнелеу
99. Жануарлар әрекет қылығының бәрі адам іс - әрекетінен ажыралады
А) қоғамдық - тарихи мәнді
*В) тікелей биологиялық сипатта
С) ойлау арқылы орындалады
D) сөзге негізделген
E) екінші сигналдық жүйеде
100. Жануардың өзі тектестерге қатынасы
*А) инстикті сипатта
В) дағдылық сипатта
С) интеллекті сипатта
D) логикалы - ойлау сипатында
E) эмоционалды сипатында
101. Жануар «тілінің» адам тілінен айырмашылығы
А) мәнге негізделген
В) сөзден құралған
С) ресми кодтармен өрнектеледі
D) объектив мазмұнға ие
*E) биологиялық қажеттіліктің бәріне бірдей
102. Адам санасының жануар психикасынан айырмашылығы:
А) тітіркенуден
В) сезімнен
С) қабылдаудан
D) рефлекс жауап беруден ішкі субъектив бейнелеуден
*E) ішкі субъектив бейнелеуден
103. «Әлемнің субъектив бейнеге енуі – адам психикасының мәңгі зерттелетін сыры», атаған ғалым
А) Выготский
*В) Леонтьев
С) Рубинштейн
D) Сеченов
E) Павлов
104. Сананың пайда болу негізі:
А) тума беріледі
В) табиғаттан
С) табиғаттан тыс күштен
*D) еңбек пен қоғамдық қатынастан
E) адамның өзіндік әрекетінен
105. Ерлік пен жанпидалыққа бару байланысты
А) тума қасиетке
В) инстинкте
С) дағдыға
D) интелектке
*E) жоғары санаға
106. Адам санасының негізгі қызметі
А) тітіркенуге жауап
В) сезімді талдау
С) рефлекстік әсерге ықпал
D) нақты бейнелеу
*E) терең заңдылықтарды тану
107. Адам иелігіндегі әрекет қылық тәсілдері
А) тума беріледі
* В) тәжірибе өнімі
С) игеру - үйренуден
D) болмыстан тыс күш арқылы беріледі
E) биологиялық
108. Аламның саналы іс - әрекетін қалыптастыратын шарт
А) биологиялық
*В) өз тәжірибесі
С) болмыстан тыс күш
D) тіл қатынасынан
E) дағдыланудан
109. Адамның жануардан түпкі ерекшелігі -
*А) еңбек қаруын дайындау
В) қару пайдалану
С) әрекет тәсілін білу
D) биологиялық қажетті сезу
E) объектті тану
110. Саналы іс - әрекеттің бірінші формасы
*А) болжастыру
В) тану
С) қабылдау
D) сезу
E) көру
111. Жануарлар қылығының түпкі мақсаты
А) болжастыру
В) қару дайындау
С) мән білдіру
*D) өз қажетін қанағаттандыру
E) қоғамдық қатысқа келу
112. Адамның ақпарат топтауының негізі
А) көру
В) сезу
С) тітіркену
D) қабылдау
*E) тіл
113. Тілдің шығу негізі:
А) тумадан
В) рухани еңбектен
С) Алладан
*D) қоғамдық еңбектен
E) адамның өз қалауынан
114. Сана қалыптасуының негізгі себебі:
А) тума қасиеттер
*В) тіл мен еңбек
С) қоршаған орта
D) үлгі мен өрнек
E) инстинкт
115. Саналы тіл белгісі:
А) бейне
В) таңба
*С) сөз - сөйлем
D) қозғалыс
E) ым - ишара
116. Адамның бүкіл саналы өмірінің арқауы
*А) тіл мен сөз
В) бейне
С) таңба
D) ым - ишара
E) қозғалыс
117. Сана бұл –
А) табиғат өнімі
*В) қоғамдық болмыс
С) инстикттік өнім
D) дағдыланудан
E) табиғаттан тыс берілетін қасиет
118. Барша танымдық процестерді қамтушы психикалық деңгей
А) каоцерваттық
В) сенсорлық
*С) саналық
D) интелекттік
E) манипуляциялық
119. «Сана ең алдымен, адам араласқан қоғам қатынастарын бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды» деген тұжырымды қолдаушы философиялық бағыт
А) идеализм
*В) материализм
С) дуализм
D) догматизм
E) метафизика
120. Астар санаға байланысты психологиялық теорияның негізін қалаушы
А) Шопенгауер
В) Юнг С) Кант
*D) Фрейд
E) Платон
121. Ұйқы кезіндегі психикалық әрекеттердің (түс көру, ұйқылы жүру) төркіні
А) ашық санадан
* В) астар санадан
С) инстинкттен
D) дағдыдан
E) табиғаттан тыс күштен
122. Астар санамен ашық сана бір - біріне
А) тәуелді
В) тәуелсіз
С) ашық сана дербес
D) астар сана дербес
*E) өзара кірігіп, байланысып жатады
123. Тікелей байқалмаған тітіркендігіштерге жауап әрекет (түшкіру, қалтырау)
А) саналы жоспарлаудан
В) инстинктен
С) дағдыланудан
*D) астар санадан
E) табиғаттан тыс күштен
Психология пәні бойынша тест сұрақтары, толық нұсқаны қарау
51 359
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Психология пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен. Жалпылау тестілері
Психология пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен. Жалпылау тестілері
Адамның танымдық әрекетіне жатпайтын психологиялық категория А) зейін В) түйсік *С) сезім D) ойлау E) қиял
Психология пәні бойынша тест сұрақтары. Психология ғылымы тарихынан
Психология пәні бойынша тест сұрақтары. Психология ғылымы тарихынан
Психология пәні бойынша тест сұрақтары Психология ғылымы тарихынан
Психика мен сананың дамуы
Психика мен сананың дамуы
Оқушыларды жүйке жүйесінің құрылысымен қызметтерімен таныстыру, танымдық қабілетін арттыра отырып мидың құрылысымен психика туралы білімдерін кеңейту, мағлұмат беру.
Ойын элементтері арқылы психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық іс-әрекеттері мен сөздік қорларын дамытудың әдіс-тәсілдері
Ойын элементтері арқылы психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық іс-әрекеттері мен сөздік қорларын дамытудың әдіс-тәсілдері
Психикалық даму тежелісі /ПДТ/ дегеніміз ғылымда психика дамуының уақытша артта қалуы деп түсіндіріледі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×