Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынас

30 қараша 2021, Сейсенбі
Категориясы: Психология
Мақсаттары:
· Педагогикалық ұжым мүшелерінің өзара қарым-қатынасын бақылау
· Педагогикалық ұжым мүшелерінің өзара қарым-қатынасын жақсарту
Міндеті:
· Педагогикалық ұжыммен бірлесе отырып қиыншылықтарын жеңуге көмектесу
· Педагогикалық ұжымда жақсы байланыс орнатуға болатын жолдармен таныстыру

Тренинг: «Амандасу»
Мақсаты: мұғалімдер арасында еркін қарым - қатынас жасауды бақылау
Барысы: «Амандасу» атты тренингіміздің барысында іішкі шеңбер мен сыртқы шеңберге бөлініп қарама қарсы тұрады. Бір шапалақ соққанда қолдарымен амандасады, екі шапалақ соққанда иықтарын тигізіп амандасады, үш шапалақ соққанда арқаларын тигізіп амандасады
Тренинг соңында қойылатын сұрақтар:
· Тренингте қандай қиындықтар кездесті?
· Қиын сәтте әріптесіңіз тарапынан көмек болды ма?
«Жақсыға айналдыру»
Мақсаты: педагогикалық ұжым мүшелерінің өзара қарым - қатынас барсында қиындықты жеңу барысын қадағалау
Барысы: Әр қатысушы - ситуациялық сұрақты оқып, сәтсіздікке ұшыраған сәттерден пайдалы, жағымды нәрсе іздейді.
Тренинг соңында қойылатын сұрақтар:
· Тренингте әріптеспен біреге жұмыс жасау барысында қиындықтар кездесті?
· Тренингтен алған әсеріңіз қандай?
Арттерапия: «Тұзды бояу»
Мақсаты: педагогикалық ұжым мүшелерініңбойындағы қысымнан арылту.
Барысы: Әр қатысушы өзіне қажет мөлшерде тұзды алады және ұнайтын түсін таңдап, тұзды бояйды. Соңында бәрі бір әдемі ыдысқа кезекпен салып, әдемі шыққан қорытынды туралы айтады.
Тренинг соңында қойылатын сұрақтар:
· Тренингте әріптеспен біреге жұмыс жасау барысында қиындықтар кездесті?
· Тренингтен алған әсеріңіз қандай?
«Салыстыру»
Мақсаты: мұғалімдердің бақытты болу үшін қажет жағдайлары мен күнделікті өмірдегі атқаратын қызметтерінің тізімін жасап, салыстыру, көздерін жеткізу.
Барысы: Ақ парақты екіге бөліп, бір жағына өзін бақытты сезіну үшін қажет жағдайларды жазады, екінші жағына күнделікті айналысатын істерін жазады. Екеуін салыстыру ұсынылады, әркім өз тізіміне өзі есеп береді.
Тренинг «Құбыр»
Мақсаты: Топты біріктіру, команда қалыптастыру. Көшбасшыларды анықтау. Қажетті құралдар: А4 қағазы (қатысушылар санына орай) Ережесі: Қатысушыларға бір А4 қағазы беріледі. Қағазды екі бүктеп қолдарымен астау кейпіне енгізеді. Барлық қатысушылар қолдарындағы астауша тәріздер иілген қағазды бір - біріне қосып беті ашық құбыр жасайды. Дайын болған кезде нұсқаушы кішкентай допты жібереді. Қағазды үзіп алмай допты өткізіп шығулары керек. Доп түсіп кеткен жағдай ойын қайта басталады. Талдау: ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады
Тренинг: «Біріккен жұмыс»
Мақсаты: мұғалімдер арасында еркін қарым - қатынас жасауды бақылау
Барысы: тренингте барлығы жіпті ұстайды, ортада ыдыс тұрады, жіп үстінде тұрған затты барлығы бірігіп ыдысқа түсірулері қажет.
Тренинг: «Ізгі тілек»
Мақсаты: мұғалімдер арасында еркін қарым - қатынас жасауды бақылау
Барысы: ұстаздар тренинг басында таңдаған ленталарын алып шығады, көршісіне, мектепке тілек айту арқылы лентасын көрші лектасына байлайды. Барлығы айтып болғанда лента түгел байланып, соңында психолог ұжымды бірігіп жұмыс жасауға шақырып, қорытынды сөз сөйлейді.
«Өзіңді білгің келсе...» жаттығуы
Сурет салу: күн, тау, үй, ағаш, қапшық, жол, сақина, гүл, жылан.
· Егер күн дәл ортасына – жастық шағы қызықты, ал шығысқа салынса – балалық шағы қызықты, батысқа салынса – кәрілік шағы қызықты
· Тау дөңгелек салынса – мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді адам. Егер аралас салынса – басында қар болса, өзгермелі адам;
· Үй – суретте ағаш үй салынса, арманы орындалады. Егер бір терезе салынған болса, өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсекқұмар адам.
· Ағаш – біреу болса, өзінің жолдасына ұнайды. Егер бірнешеу болса, балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөліп, көп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қанша мықты әдемі салынса, сұлулыққа соншалықты құштар;
· Қапшық қалта қаншалықты үйге жақын жатса, байлық та жақын. Керісінше болса, бәрі керісінше. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық. Қапшық жерде жатса жалқау, тік тұрса еңбекқор адам:
· Жол – үйге жақын жатса — жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса шашпа, айналасына тарататын адам;
· Сақина – көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ щақырғанды ұнатады. Көзі болса, болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі – мықты отбасын білдіреді.
· Гүл – үйге жақын болса, қуаныш, той болады, үйдің жиегінде болса – қызықты күндерің алыста.
· Жылан – үйден алыс салынса – жаулары алыс, егер жақын салынса көре алмаушылар айналаңда болғаны. Суретте не үлкен салынса сенің өмірің үшін маңызы зор.
3 809
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жағымды мектеп мәдениетін қалыптастыру үшін біз не істей аламыз?
Жағымды мектеп мәдениетін қалыптастыру үшін біз не істей аламыз?
Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым - қатынасы.
Педагогикалық - психологиялық мінездеме. Мінездеме жазу үлгісі
Педагогикалық - психологиялық мінездеме. Мінездеме жазу үлгісі
Отбасында жайлы тұрақты қарым - қатынас қалыптасқан. Гүлайым толық отбасында тәрбиеленуде. Ата - анасы баланың үйлесімді дамуына, оның денсаулығына және оқуына әрдайым көмектесіп отырады. Баланың бойында жақсы әдеттерді оның дүниетанымы мен өмірлік
Педагогтарға арналған психологиялық «Өзара түсіністік өнері» тренингі
Педагогтарға арналған психологиялық «Өзара түсіністік өнері» тренингі
Педагогтарға арналған психологиялық «Өзара түсіністік өнері» тренингі Мақсаты: өзара қарым - қатынас қабілеттерін дамыту.
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг
Ашуды тарқатуға үйрету, өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар, топпен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнату.
Бастауыш сыныптарда ұжымдық оқыту техналогиясы
Бастауыш сыныптарда ұжымдық оқыту техналогиясы
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сазды елді мекені, №60 Ж. Түменбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Изкенова Мәншүк Боранбайқызы
Ұжымдағы адам
Ұжымдағы адам
Адамдардың қарым - қатынасы дегеніміз - өз ара пікірлесу ақпарат алмасу идея бөлісу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×