Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Эссе

03 маусым 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Психология
ЭССЕ
Адам өмірі, оның ішкі жан дүниесінің әсемділігі, адам психологиясының қалыптасуы, адамзат қоғамының өркендеп гүлденуі ең алдымен білімнің даму деңгейіне байланысты. Ұстаздар қауымының сенімді тірегі, көмекшісі, сондай - ақ білімге ұмтылған әр баланың ішкі жан дүниесін түсініп, олардың танымдық деңгейлерінің дамуына бірден - бір ықпалын тигізіп, оларды өмірге психологиялық жағынан дайындайтын мектеп психологы Бұның өзі мектеп психологының жұмысы бүгінгі таңда мектепке, балаға, мұғалімге, ата - аналар үшін қажет екендігінің дәлелі..

Мектептің педагогикалық ұжымы психологпен тікелей байланыс орната отырып, баланы түсініп оларды психологиялық жағынан зерттеп, біліп түрлі бағытта жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда ешқандай мектеп балалардың жан дүниесін, ішкі сырын, жеке басының тәртібін, олардың ата - анамен, ұстаздармен қарым - қатынасын, балалардың өзара қарым - қатынасы, олардың арасында болатын түрлі конфликтілерді психологсыз шешу мүмкін емес.

«Мен бір жұмбақ адаммын»оны да ойла / Абай/ Әрбір тұлға - жұмбақ. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу мен қалаған мамандықтың ғажайып тылсым сыры.
Қазақта «Тән ауруы жазылар, жан ауруы жазылмайды» деген сөзде үлкен мағына мен мән бар. Бүгінгі күні тән ауруын дәрігердің шипасы емдесе, жан ауруын психолог маман емдей алады. Әр адамның жүрегіндегі мұңды сезіп, ойды танып, дұрыс жол сілтей білу, адамнан тек мамандықты талап етпейді, адамға деген мейірімділік пен ізгіліктен туындайды.

Қазақта жан ғылымын ерте меңгерген. Оған халықтың даналық сөздеріндегі ойлары дәлел болмақ. Мысалы «Аурын жасырған ауырмай өледі», «Жақсы сөз - жарым ырыс», «Қалған көңіл шыққан жанмен бірдей» деген мақал - мәтелдер айғақ.
Сондықтан әрбір оқушы бала кезден досын, ұжым мүшелерін, өзі өмір сүрген ортадағы адамдарды құрметтеп үйренуі қажет. Бүгінгі отбасындағы әр бала тәрбиесі өте күрделі. Себебі, ата - ана көзінің ағы мен қарасындай балаларын өзімшілдікке бейімдеп тәрбиелеуде. Ал бала – қоғам мүшесі. Қоғам мүшесі ешқашан жеке болмауы тиіс.

Қасым деген оқушы өз құрдастарын менсіне бермейтін. Себебі ата - ананың жалғыз қуанышы өзі болатын Басқалар үшін солаймын деп ойлайтын. Тест, түрлі әңгімелер нәтиже бермеді. Бірде Қасым қатты ауырып қалады. Ауруханаға жатты. Балалар барғысы келмеді. Оқушылармен түсінік жұмысы жүргізілді. Балалар аурухана палатасына кезектесе кірді. Қасымның көзі жайнап кетті. Кейін ата - анасына Қасымды достары мен туыстай қатынасып, бауырлардай достық сезімге тәрбиелеу керектігі түсіндіріліп, көптеген адамдардың достығы туралы әңгімеленді.

Дәрігер, рахмет!
Мен әзірге өлмеймін,
Кешіре гөр!
Жүрегімді пышағыңа бермеймін - деп Мұқағали ақын жырлап өмірді сүйсе, Қорқыт бабам өлімнен қашып, мәңгілік ғұмыр іздесе, біздің жастарымыз неге өлім ауылының есігін ашуға асығады? Дана халық «Ойнап сөйлесең де ойлап сөйле», «Жақсы сөз - жарым ырыс» деп жақсы сөйлеуге тәрбиелесе, кейбір ересек адамдар баласын қоршаған ортаны «балам өліп қалса қайтесіз?» деп қорқытады. Керісінше балаға «ол үлкен, сен кішісің, ол сенің досың», «Адам баласы қиындық күресуі керек»- деп үйретіп баласына «сен» мықтысың деп рух бере сөйлеу керек - ақ. Ұлы Отан соғысы басталар кезде балалар «соғыс» ойынын көп ойнаған дейді қариялар. Сол ойыннан от шыққанын неге ұмытамыз.

Баланың бақытты болуы, жақсы азамат болғаны, ең алдымен, ата - анаға байланысты. Жұмыстан кейін уақыт тауып немесе демалыс күндері кейбір әкелер баласын ертіп таза ауада серуендеп балаларын табиғатты қорғауға үйретіп жатса, аналары ас үйде қыздарымен асты бірге әзірлеп, арасында ән салып, сырласып жатады. Осындай ата - анадан баласы үлгі алып өрленбей ме?
Бала өздігінен бала болмайды. Сол үшін баланың санасын оятып, жүрегіне әсер ететін сөзбен ұқтыру керек. Сондықтан баланың жасына, қызығушылығына қарап оның ұжымы жайында әңгіме өрбіткен жөн. Бала оны әрқашан оны жақсы көреді, жақсы сөз естігісі келеді, мейірімді көздерді көргісі келеді.

Отбасы, мектеп - қоғам игілігі үшін. Мә, жақсы тәрбие ортада өз нәтижесін береді. Қоғамда ойып алар орны бар азамат осындай шағын орталарда өсіп жетіледі.
Жантанушы ретінде толық адамға айналар тұлғаға жол көрсетер жан болғаныма қуанамын.
15 508
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жағымды мектеп мәдениетін қалыптастыру үшін біз не істей аламыз?
Жағымды мектеп мәдениетін қалыптастыру үшін біз не істей аламыз?
Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым - қатынасы.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту
«Таным» білім беру саласы бойынша жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып балалардың бойындағы танымдық қабілеттерін дамыту
Дарындылық негізі – ата-ана
Дарындылық негізі – ата-ана
Кенесары Қасымұлы атындағы № 33 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Халбаева Дариха Мүсәліқызының
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету
Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы кенті №5 орта мектебінің психологы Абуова Акжунис Аманкосовна
Тәрбиешілерге кеңес
Тәрбиешілерге кеңес
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балалар бақшасының әдіскері Қалжанова Рахима Сыдыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×