Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Рақмет Сізге, Мектеп! Рақмет Сізге, Ұстаз!

23 мам 2024, Бейсенбі
Категориясы: Сценарий
Рақмет Сізге, Мектеп!
Рақмет Сізге, Ұстаз!


Түлек ата - анасының алғыс тілегі

Құрметті ұстаздар, түлектер және ата - аналар, ең алдымен барлығыңызды да бүгінгі мерекелі күнмен құттықтап қоюға рұқсат етіңіздер!

Мінеки, араға жылдар легін салып, кеше ғана бүлдіршін болып мектеп табалдырығын аттаған біздің ұл - қыздарымызды жүйрік уақыт түлек етіп ұясынан ұшырғалы отыр. Мектеп қашанда жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы болған. Біздің перзенттеріміз де осында өткізген оқушылық өмірлерінде осындай ұлағатты істердің ұшқынын бойына сіңірді, тәлімімен жүрегін суарды, байыпты бағдарын бағыт етіп ұстанды, білім көкжиегін бойына дарытты. Біз әр сәт, әр жылдар сайын олардың бойындағы осынау өміршең өзгерістерді байқап, олармен бірге қуандық, бірге мақтандық. Енді оларды өздерінің асыл ұясы - мектебі түлек етіп ұшырғалы отырған күннің де куәсі болдық, бойымызды тағы да ата - ана ретінде мақтаныш сезімі кернеп отыр. Бұл үшін мектеп анаға мың алғыс!

Құрметті ұстаздар! Біздің бойымыздағы өз перзенттеріміздің қуанышынан туындап отырған сезімді Сіздер жақсы түсінесіздер. Өйткені Сіздер осыдан санаулы жылдар бұрын ғана мектеп есігін ашқан біздің көзіміздің ағы мен қарасындай перзенттеріміздің жақын адамына айнала біліп едіңіздер. Біз сіздерге сенім арттық. Сіздер әр кезде де біздің сүйікті ұл - қыздарымыздың болашағына бізбен қатар алаңдадыңыздар, сол болашақтың басты қаруы болып табылатын білім атты асыл күшті олардың бойына бүлдіршін кезінен бастап сіңіре білдіңіздер. Сіздер тәрбие мен иман құндылықтарға негізделмеген білімнің біржақты дүние боп қаларын жақсы білген едіңіздер, сондықтан да олардың бойына үнемі руханият пен ізгіліктің, адамгершілік пен адам болмысындағы ең асыл қасиет - ішкі мәдениеттің шамшырағын жағуға асықтыңыздар. Оларға өз мемлекеті мен қоғамын және де ғасырдан ғасырларға жалғасарлық бай мәдениет қалыптастырған өз ұлтын сүюді, қасиетті Тәуелсіздігін құрметтеуді үйрете алдыңыздар. Құрметті ұстаздар, біз осы жолда Сіздерге ешқашан да оңай болмағандығын жақсы түсінеміз. Сіздер осы бір қасиетті міндетті нақ осы заманғы өлшеусіз істерге толы, бүгінгі жаңалығы бір сәт уақыт өтпей - ақ "ескіріп" жататын XXI ғасыр қоғамында, жаңа ғасыр мектебінде еңбек етіп, атқарып отырсыздар. Сіздерге өздеріңізден бұрынғы заманның тамаша ұстаздары қалыптастырып кеткен лайықты тәжірибелерді үйрене отырып, уақыт ағымына жедел ілесе алу міндеті жүктелді. Сіздер
шынында да тамаша дәстүр жалғастығын сақтай біліп, заманауи біліммен қаруланушылардың өз қоғамдарыңыздағы алғашқы легінде бола алдыңыздар, өз ғасырыңыздағы білім берудің соны тәсілдерін лайықты түрде бойға жинақтадыңыздар. Сіздердің осындай ұшан - теңіз еңбектеріңіз бен төгілген маңдай терлеріңіз болашақтың қарлығаштары - біздің сүйікті перзенттеріміз үшін атқарылғандығын біз жақсы түсінеміз. Осы үшін де Сіздерге мың алғыс, Ұстаз!

Біз, бүгінгі ата - аналар, бір кезде өзіміз де шәкірт болдық. Өмір жолымыздың әрбір сәтінде білім алған ыстық ұямыз бен ардақты ұстаздарымыз туралы өз отбасымызда отырып, әрдайым да сыр ғып бөліскен едік. Енді біздің балаларымыз да өздерінің ата - аналары жүріп өткен нақ осы қасиетті де, дәстүрлі жолдың жалғастырушысы болмақ. Олар да өздерінің алдағы өмір жолында осынау алтын ұясы мен қадірлі ұстаздары жөнінде сан мәрте сағынышқа және мақтанышқа толы сезіммен естеріне алатын болады. Біз осыған сенеміз.

Құрметті түлектер! Сендер біздің балаларымызсыңдар. Қазақта "айналайын" деген қасиетті де мағынаға толы жақсы сөз бар. Осынау ғажайып сөздің ішінде адами жүректің барлық ізгілігі мен мейірімі шүпілдеп тұнып тұрғандай.
Бүгінгі қуанышты сәтте де өздеріңді оқытқан Ана мектептерің өз шәкірттеріне - түлектеріне дәл осындай мейіріммен қарап тұрған секілді.
Енді ол өзінің қасиетті қоңырауын Сендер үшін ғана соңғы рет соқпақ. Бұл – өздерің үшін қағылар ең соңғы мектеп қоңырауы. Осы сезімге лайық болып өмір сүріңдер. Сәт - сапар!

Түлек алғысы (Алғашқы ұстазға)
Білімнің жинай білсек бүгін нәрін,
Ұстаздың еңбегі деп ұғынғаным.
Алғашқы ұстаз, бір сіздің арқаңызда,
Бұл күнде шарлай алсақ білім бағын.

Орнығып сізден үлгі санаға нық,
Сол тәлім бойдан жолын табады анық.
Қандай бір құрметке де лайықсыз,
Жатса егер еңбегіңіз бағаланып.

Бүлдіршін тәрбиесі - табысыңыз,
Бүгін де қарыздармыз бәрі үшін біз.
Шәкірттен алғыс алып қашанда да,
Жемісті бола берсін әр ісіңіз!

Сынып жетекші ұстаздарға

Шәкірт әр кез бағамдар,
Ұлағатын ұғып мың.
Ата - анаңдай алаңдар
Жетекшісі сыныптың.

Ақылымен қыр астым,
Еңбегі анық білінді.
Намысы үшін кластың
Бізбен бірге жүгірді.

Соны бойға мұра ғып,
Тәрбиеге иландық.
Сізбен бірге қуанып,
Сәтсіздікке қиналдық.

Қиындыққа бол дайын,
Дейсіз жолға қосар да.
Еңбегіңіз әрдайым
Жана берсін қашанда!

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
337 323
0
  • 80
4 дауыс


Жаңалықтар
Сәт сапар, ақ жол, жас түлек мектеп бітіру кеші
Сәт сапар, ақ жол, жас түлек мектеп бітіру кеші
Қайырлы кеш ардақты ата - аналар, қадырлы қонақтар, ұлағатты ұстаздар! Арғымақ аттай тулаған уақытта шек бар ма? Биылғы мектеп бітіруші түлектердің басынан да қызығы мен қуанышы араласқан, он бір жыл он бір күндей білінбей өте шықты.
Сәт сапар, ақ жол, жас түлек мектеп бітіру кеші
Сәт сапар, ақ жол, жас түлек мектеп бітіру кеші
Армысыздар, қымбатты оқушылар, ұстаздар және қонақтар! Мектеппен, балалықпен қоштасар күн туды, бүгін міне түлектер кеші. Бұл күн мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн. Ендеше барлықтарыңызды осынау салтанатты сәтпен
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме. Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - МҰҒАЛІМ. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер ең жарқын естеліктер
Түлекке тілек
Түлекке тілек
Түлекке тілек Құрметті мектеп бітіруші түлек! Сіз үшін осынау күн айшықты да, айдынды, мерекелі де мерейлі, табысты да толғамды күнге айналып отыр. Өйткені Сіз дәл осынау күні өзіңіздің қимас бір мекеніңізге айналған, балдәурен шақтың балауса
Сәт сапар саған, Жас түлек!
Сәт сапар саған, Жас түлек!
Армысыздар ардақты ата - аналар, қонақтар, ұстаздар, оқушылар 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен
Cоңғы қоңырау
Cоңғы қоңырау
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жаңаөзен ауылы, К. Шакенов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұрмұхамбетова Сауле Советхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×