Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балалар әдебиетінің бәйтерегі. Бердібек Соқпақбаевтың туғанына – 95 жыл

11 қазан 2019, Жұма
Категориясы: Сценарий
Тақырыбы: Балалар әдебиетінің бәйтерегі. Бердібек Соқпақбаевтың туғанына – 95 жыл.

Мақсаты:
1. Оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру;
2. Оқушылардың ой - өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
3. Оқушыларды тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту.
Түрі: Әдеби кеш.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, «Менің атым Қожа» фильм таспасы, «Менің атым - Қожа» фильмінен алынған суреттер.

Жоспары:
1. Алғы сөз.
2. «Бәйтерек» өлеңі – А. Зүбайділдә.
3. «Сен білесің бе?» анимациялық фильм.
4. Жазушының өмірбаяны - Д. Туғанбаев.
5. «Бердібек атаға арнау» өлеңі – Д. Қуат.
6. «Менің атым Қожа» повесті туралы – Е. Нысанбаев.
7. «Қожаның тентектігі» шағын көріністер – 5 сынып оқушылары.
8. «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді: «Жабық кеңес».
9. Қорыту.
- Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бердібек Соқпақбаевтың 90 жылдығына орай өткізіліп отырған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кешімізге хош келдіңіздер!
(Бердібек Соқпақбаев туралы слайд көрсетіліп тұрады).
Бүгінгі кешімізді өткізудегі негізгі мақсатымыз: Оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру.
Балаларға арнап шығарма жазу, сол арқылы кішкентай оқырмандардың құрметіне бөлену, ерекше таланттылықты қажет етеді. Міне, біздің қазақ балалар әдебиеті де осындай дарындарға кенде емес. Біз Ыбырайатамыздан бастап, Мұзафар Әлімбаев, Сапарғали Бегалин, Сәкен Жүнісов, Мұхтар Мағауин т. б. көптеген балалар жазушыларын білеміз. Солардың ішінде шоқтығы биік, бірегей таланттардың бірі – Бердібек Соқпақбаев. Оның шығармаларын оқыған кез келген бала өмірбаянымен де танысып шығады. Себебі жазушының шығармаларының басты кейіпкері өзі болып табылады. Балалық шағына деген сағынышын өз шығармаларына арқау еткен.
Бейсебай Кіріспайұлының «Бәйтерек» өлеңі.

Бала шақты кестелеген тілі нық,
Бір болса егер - осы болар ірілік:
Ұландары отызыншы жылдардың
Қайта келер көз алдыңа тіріліп.

«Бастан кешкен» шындық шымыр екшеліп,
Кітап болып бізге жетті естелік.
«Чемпионнан» Бекең өзі баптаған
Талай мықты жатты құлап, сескеніп.

Аспантаудан ақ бұлақтар атқылап,
Экранда – туған өлке, бақ, қырат...
Қолын бұлғап Жанар, Жантас, Сұлтанға
Келеді әне Қара Қожа шапқылап!

Кейіпкермен бірге тұрып, жүресің,
Бірге жасап, бірге жылап, күлесің.
«Сөз қадірін білген шебер екен!» деп,
Өз қадірін Бекеңнің де білесің.

Ту етіпті тектілікті бұл ағай,
Пір еткені қара шалың - Ұлы Абай!
Тік қалпында мәңгі жасай береді
Бәйтерегі Берді - ағаның құламай!

- Бердібек Соқпақбаевтің өміріне келетін болсақ, оның балалақ шағы ауыр жағдайда өтті. Жоқшылық, жетімдік сияқты ауыр жайттарды басынан өткерді. Осы туралы шағын анимациялық фильмді ұсынамыз:
«Сен білесің бе?» анимациялық фильм.
- Жазушының балалаық шағынан біраз мәлімет алдық, енді өмірі мен шығармашылығы туралы Д. Туғанбаев баяндап береді.
Жазушының өмірбаяны - Д. Туғанбаев.
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, кейіннен Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауыл мектебінде бала оқытқан. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында істеген. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болған. Шығармашылық жолын өлеңмен бастап, 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған. Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20 - дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынды. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер қайтып келмейді» және «Қайдасың, Гауһар» секілді туындылары КСРО халықтарының және шетелдердің көптеген тілдеріне аударылып, сахналық, экрандық нұсқаға айналған. 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде «Менің атым Қожа» фильмі (Б. Соқпақбаевтың сценарийі) арнаулы жүлдеге ие болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
Балалардың бал мінезін ішкі дүниесімен жақсы сезіне білген жазушы әрбір шығармасында өзі туып өскен Нарынқол таулы өңір табиғатының жанды суреттерін оқырманға үлкен шеберлікпен жеткізе білген. Б. Соқпақбаевтың әңгіме, повесть, романдары және пьесаларында балғын шаққа батыл саяхаттар жасап, таңдандырып, тамсантып, бал дәурен әсерлерінің қаймағын бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдап, өмірдің өз болмысын тебірене толғайды. Оқысаң еріксіз езу тарттырып, кейде күрсінтіп терең ойға жетелейді. Лезде кейіпкерлермен етене араласып, олар өзің күнде көріп жүрген адамдардай Беркен, Қожа секілді кейіпкерлерімен жадыңда жатталып қалады...

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Қонаев ауылы,
Төле би атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мақашева Нұрзия Сағындыққызы


Толық нұсқасын жүктеу
40 000
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақпаевтың өмірі, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру, толықтыру;
Қожаның қиялы
Қожаның қиялы
Балалар, назарымызды енді фильмге аударайық. «Менің атым Қожа»фильмінен үзіндіні көрсете отырып, «Ой шақыру» стратегиясы бойынша мынадай сұрақтар қоямын.
Қазақ әдебиеті пәні бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспар 5 - сынып
Қазақ әдебиеті пәні бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспар 5 - сынып
Қазақ әдебиеті пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар 5 - сынып
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дәуітова Гүлзада
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, «Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Махымова Гульжаухар Бейсембаевна
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Карағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, № 1ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуалиева Жанна Болатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×