Ана әлемді тербейді
Ана әлемді тербейді
Хор: « Ана туралы жыр»
(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына екі жүргізуші келіп тұрады).
1 - жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті, жан аналар!
2 - жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер. Ана десем шешек ашып жанары, Өмірімнің бастау алар ажары. Ана деген тіршілікке пана боп, Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры... (апайға немесе ағайға) береміз.
Шалқып, тасып әніміз Жадырасын жанымыз, Ана, сені құттықтап, Әндетеміз бәріміз. Алдарыңызға Сафар Асылханның орындауындағы «Туған күн» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.
(Екі жүргізуші сөзін аяқтай салысымен сахна төрінде тұрған оқушылар, сахнадан шығып кетеді).
1 - жүргізуші: Барша ана құтты болсын мерекеңіз, Әрқашан ана сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам, Сонда біз кісілікке теңесеміз,- дей отырып ұл - қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.
Айқын: Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Мерей: Анасыздар — Ақ Еділ,
Жайықсыздар - Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.
Саят: Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.
Анель: Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Асылхан: Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Аяжан: Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
2 - жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай Тоқсанбай Рахаттың орындауындағы «Анаға сәлем» әнін қабыл алыңыздар, сонымен қоса Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы, Мерекеге өнерімен келген бүгін. Таң қалдырып, қанекей би билеші, Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп кезекті... сыныптың байсалды да байыпты бишілеріне береміз.
1 - жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.
2 - жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар - әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген. Сыныптастарымыздыңда өз аналарына ұздарға арнап шығарған өлең шумақтары, жылы лебіздері бар екен, тыңдап көрелік.(Мөлдір, Аружан, Рахат, Бағдат)
1 - жүргізуші: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт - аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата - анасына қуаныш әкеледі дейді.
2 - жүргізуші: Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан - асыр мұхитпен тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, ойын ойнататындарыңыз әлі де есімізде. Сол себепті бүгін біз сіздерді ойнатамыз. Ойын: Қағазға алдын ала ерекше қылығы бар 3 ұстаздың және 3 оқушының есімі жазылады. Артынша бұл қағаздар таратылады. Ұстаздар қағазда есімі жазылған оқушыны, ал оқушылар ұстазына пародия салады. Барынша сыпайы жақсы мінездерін салуға тырысу керек.
1 - жүргізуші: Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек. Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп, Иықтан шашып, төгіліп жерге, Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.
2 - жүргізуші: Мерекеге арналады бүгін билер. Көтерілсін, қанекей, көңіл - күйлер. Алдарыңызда қазіргі қазақ биі, Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте «Қазақ биі», қабыл алыңыздар!
Мынбосын Бекзат А
1 - жүргізуші: Әйел - ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. Алайда бүгінгі таңда сол жылуды жоғалтып, балалар үйін мекен еткендер қаншама? Келесі кезекте көрініс «Балалар үйіндегі балалардың әңгімесі».
2 - жүргізуші: Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше жас журналистеріміздің сұрақтарына жауап беріп көріңіздер. (Шанышқының басына қызыл алмаларды шаншып микрофон ретінде пайдаланды). Оқушылар кезек - кезек мұғалімдерге сұрақ қояды:
1. Мектептегі ең сүйікті оқушыңыз кім?
2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?
3. Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?
4. Мектебіміздің ең - ең бұзық оқушысы кім деп ойлайсыз?
5. Өлең айтып бере аласыз ба?
6. Әріптестеріңізді құттықтап 4 жол өлең шығара аласыз ба?
7. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады?
8. 8 наурыз мерекесі қайдан шықты?
9. Бұл мереке біздің елімізде қай жылдан бастап атап өтіліп келе жатқанын білесіз бе?
10. Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасадыңыз?
1 - жүргізуші: Өміріміздің әрбір сәтін есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десе де, фотоаппараттың көмегімен оны жүзеге асыруға болады. Назарларыңызға естеліктерді ұсынамыз. (Алдын ала оқушылар мен ұстаздардың өмірінен, ата - аналармен бірге түскен суреттерден слайд жасалып қояды). Проектордың көмегімен слайд көрсетіледі. 2 - жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
Мынбосын Бекзат Ана
Мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді апайға немесе ағайға береміз.
Ең соңында оқушылар ай секілді дөңгеленіп тұрып, алдын ала мұғалімдерге арнап шығарылған 4 жол өлеңдері жазылған ашық хатты оқып, шоқ гүл немесе сыйлықтар ұсынады. 1 - жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше Осымен концертіміз аяқталды. Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес.
ОҚО, Мақтарал ауданы, М. Ғабдуллин ЖОМ
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Пернебаева К. Қ
Толық нұсқасын жүктеу

Жаңалықтар
«Сыйынар ем ана деген тәңірге»
8 наурыз халықаралық аналар күніне арналған кеш сценарийі
Ана - өмірдің шуағы
8 наурызға арналған тәрбиелік шара жоспары. Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.
Ана – өмірдің шуағы
Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық
Анаға құрмет!
Тақырыбы: «Анаға құрмет!» (8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған сайыстық бағдарлама)
Аяулы ана
8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.