Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1 - маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жазғы сауықтыру сценарииі. Бар мейіріміміз балаларға

23 мам 2024, Бейсенбі
Категориясы: Сценарий
1 - маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жазғы сауықтыру сценарииі.
Тақырыбы: «Бар мейіріміміз балаларға»
Жүргізуші:
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні. Біздің балабақшада бүгін мереке. Сіздер мереке жақсы көресіздер ме?
Балалар:
- Ия.
Жүргізуші:
Бақшамызда бүгін ұзақ ойнайық,
Балаларды қорғау күнін тойлайық.
Алақай ау, алақай!
Той тойлайық, балақай!
Тақпақ айтып, кезектесіп, бір бірлеп,
Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп!
Алақай ау, алақай!
Ән шырқайық, балақай!
Ұғып сөзін тәрбиеші апаның,
Гүл жайнаймыз аясында Отанның!
Алақай ау, алақай!
Гүл жайнайық, балақай!
- Ендеше, алдарыңызда №1, 2 топтардың бүлдіршіндері тақпақтарын айтады.
1. Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз!
2. Қиынсынып қашпаймыз,
Шынығамыз жастай біз.
Көңілді әуен сазымен
Жаттығуды бастаймыз.
3. Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір:
Тәрбиеші қарайды
Аяққа бір, қолға бір.
4. Үйренеміз өнер біз,
Шетімізден шеберміз:
Тақпақ айтып, ән шырқап,
Билеп билеп береміз.
5. Әйбат жасыл ауламыз:
Көбелекте аулаймыз.
Бізге арнайы жасаған
Сырғанаймыз «таудан» біз.
6. Міне, вагон, кіреміз,
Поезбен жол жүреміз.
«кемеге» де мінеміз,
Толқындарды тілеміз.
7. «Ракетамен» ұшамыз,
Көктен әрі асамыз.
Талғат аға жолымен
Талай жұлдыз ашамыз.
8. Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Одан көп - көп қызықтар
Күнде біздер аламыз.
Ән «Қошақаным» барлық топтар.
Жүргізуші:
- Өте жақсы! Мереке күні мен сіздерге банан сыйлағым келіп тұр. (Жүргізуші себетті іздейді, таба алмайды. Орнынан хат табады.) Ой, балалар, қараңыздар! Банан салынған себет орнынан хат қойып кетіпті. Оқып көрейік.
Хат: «Сіздердің сыйлығыңыз менде! Банандарыңызды мен алып кеттім. Іздемеңдер! Таба алмайсыңдар! Қарақшы.»
Жүргізуші:
- Мәссаған! Біздің банандарымызды қарақшылар ұрлап кетіпті. Енді не істейміз, балалар? Қарақшыны тауып алып, сыйлықтарымызды қайтып алайық! Келістік пе?
Балалар:
- Ия.
Жүргізуші:
- Онда барлығымыз саяхатқа шығайық!
Көңілді әуен қосылады. Барлық балалар мен жүргізуші әуен ырғағымен бір орында жүреді.
Кенет алдарынан Мыстан кемпір кездеседі:
- Ээээй, эээээй, эээээй! ( Әрлі - берлі сыпыртқысымен жүгіріп өтеді) Ээээй, неғып жүрсіңдер?
Жүргізуші:
- Сәлеметсіз бе, Мыстан әжей! Біз қарақшыны іздеп саяхатқа шығып едік. Себебі ол біздің балаларымыздың сыйлығын сұраусыз алып кетті.
Мыстан кемпір:
- Еееее, солай де! Көңіліңіз түспесін, балалар! Мен балалардың дауысын естіп қуанып қалып едім. Мен көңілді балаларды жақсы көрем. Не істесем екен?! Олай болса би билеп алайық. Сосын мен сіздермен бірге саяхатқа шығамын!
Жүргізуші:
- Жарайды онда. Балалармен қандай би билейсіз?
Мыстан кемпір:
-«Буги - вуги» биін.
Биге № 1, 2 топ балалары шығады.
Мыстан кемпір:
- Сіздердің әлі көңіл күйіңіз жоқ сияқты ғой! Балақайлар, мен үнемі сыпыртқыммен ұшып жүрем. Кім менімен ұшқысы келеді?
Балалар:
- Мен, мен, мен...
Мыстан кемпір сыпыртқының артына балаларды кезекпен отырғызып жүгіріп шығады. Балалар мәз болып күледі.
Мыстан кемпір:
- Ух, ах, шаршадым! Белім ай! Қарт болғасын әр жерің ауырады. Қой, мен бір тынығып алайын!
Жүргізуші:
- Жақсы, Мыстан әжей! Балалардың қасына жайғасып отыра ғой! Ал, біз саяхатты жалғастырайық.
Көңілді әуенмен Сайқымазақ кездеседі:
- Сәлем, балақайлар!
Балалар:
- Сәлеметсіз бе!
Сайқымазақ:
- Менің атым Тинки. Сіздерді мерекемен құттықтаймын! Әрқашан ата - анаңызды ренжітпейтін, ақылды балалар болуыңызға тілектеспін.
Жүргізуші:
- Рахмет, Тинки! Біз саяхаттап бара жатырмыз, себебі біздің балаларымыздың сыйлығын қарақшы ұрлап кетіпті. Соны іздеп бара жатырмыз.
Сайқымазақ:
- Абыржымаңдар! Ол қарақшыны табамыз. Мен басқа елдерде тұратын достарыма телефон шалайын, қарақшыны табуға көмектессін.
Жүргізуші:
- Кел, балаларымызбен бірге көңіл көтер. Балаларымыз тақпақтар біледі, ән де айтады.
Тақпақтар:
№3, 4 топ балалары
1. Балғындардың үнінде
Көктемдегі бұлақ бар.
Балғындардың жүзінде
Жазғы жайма - шуақ бар.

2. Балғындардың көзінде
Тазалықтың сәні бар.
Балғындардың сөзінде
Даналықтың дәні бар.

3. Балғындардың ойында
Балауса арман бар ізгі,
Балғындардың ойынында
Ертеңгі істің бар ізі!

4. Әзір титтей бойымыз,
Әзір балаң ойымыз,
Тек қуамыз ойын біз.
Дегенмен де, күн санап,
Өсіп келе жатырмыз,
Беске толған батырмыз!

1 - маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жазғы сауықтыру сценарииі. Бар мейіріміміз балаларға. жүктеу
109 934
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
1 маусым балаларды қорғау күніне арналған тақпақтар
1 маусым балаларды қорғау күніне арналған тақпақтар
Ортақ мекен жер шары, Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы Достығымыз жарасқан.
1 маусым балаларды қорғау күні сценарий: Бар мейіріміміз балаларға
1 маусым балаларды қорғау күні сценарий: Бар мейіріміміз балаларға
1 - маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бар мейіріміміз балаларға» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Балалардың күлкісі - көркі, сәні әлемнің
Балалардың күлкісі - көркі, сәні әлемнің
Балаларды қорғау күні балаларға түсіндіру. Балаларды қамқорлыққа, ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу.
Алақай, жаз келді.
Алақай, жаз келді.
1 - маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні.(Хормен). Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Халықаралық балаларды қорғау күні
Халықаралық балаларды қорғау күні
Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Мақсат балабақшасының мұғалімі Жакеева Алма Маратовна
Бақытты балалық шақ
Бақытты балалық шақ
№5 «Ақбота»МДҰ МКҚК Әдіскер Есжанова С. Т.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×