Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Президенттің Қазақстан халқына жолдауы 2018

05 қазан 2018, Жұма
Категориясы: Сценарий
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ - АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ
Құрметті қазақстандықтар!
Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық.
Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік.
Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргіздік.
Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік.

Біз өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын жауапты әрі қалаулы халықаралық серіктес ретінде танылдық.
Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасынан «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған бірінші мемлекет болды.
Біз Еуразия өңірінің қаржылық, іскерлік, инновациялық және мәдени орталығы ретінде қалыптасуын қамтамасыз етіп, жаңа елордамыз – Астананы салдық.
Халық саны 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72, 5 жасқа жетті.
Біз берік экономикалық негіз қалыптастырдық.
Соңғы 20 жыл ішінде елімізге 300 миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды.


Экономиканы өркендетудің негізі саналатын шағын және орта бизнес нығайып келеді.
Дүниежүзілік Банктің бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 36 - шы орынға көтерілді.
Біз әрдайым сыртқы сын - қатерлерге дер кезінде назар аударып, оларға дайын бола білдік.
Соған байланысты, мен елімізді жаңғырту жөнінде қажетті бағдарламалық бастамалар жасадым.
Олардың жүзеге асырылуы табысты дамуымыздың негізгі факторына айналды.
Біздің стратегиялық мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

2014 жылы еліміздің инфрақұрылымын жаңартатын «Нұрлы жол» кешенді бағдарламасын іске асыруды бастадық.
Үш жыл бұрын «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жарияладық.
Содан кейін еліміздің Үшінші жаңғыруына кірістік.
Оның басты міндеті – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру.

Толық нұсқасын жүктеу
3 918
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік
Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік
Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, тәуелсіз Қазақстан әлемге танылды. 2017 жылы БҰҰ – ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі құрамына кірді.
Азия елдері. (Қытай, Жапония)
Азия елдері. (Қытай, Жапония)
Азия елдері Саяси бөлінуі Оңтүстік Азия (Пәкістан, Үндістан) Солтүстік Азия (Ресей) Шығыс Азия (Қытай, Жапония) Батыс Азия (Иран, Ауғанстан, Түркия т. б. Орталық Азия (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан)
Қазақстанның әлемдегі имиджі
Қазақстанның әлемдегі имиджі
Қазақстан Республикасының әлемдік деңгейдегі экономикалық - әлеуметтік дамуы мен әлем елдеріне танымалдығы туралы оқушыларға білім беру.
ЭКСПО дүниежүзілік көрмесі және Қазақстан
ЭКСПО дүниежүзілік көрмесі және Қазақстан
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Кішішыған ауылы. География пән мұғалімі: Гүлнар Джанаева
Қазақстанның дүниежүзі картасындағы геосаяси орны. Халықаралық экономикалық қатынастары
Қазақстанның дүниежүзі картасындағы геосаяси орны. Халықаралық экономикалық қатынастары
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті, Абай атындағы мектеп - гимназияның география пәні мұғалімі Имашева Гуляим Хамзиновна
ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы
ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Сатмағанбетов Берік Жақыпұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×