Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның әлемдегі имиджі

06 қазан 2019, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қазақстанның әлемдегі имиджі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан Республикасының әлемдік деңгейдегі экономикалық - әлеуметтік дамуы мен әлем елдеріне танымалдығы туралы оқушыларға білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың отанымыз туралы білімдерін дамыта отырып, өз беттерінше іздену, ойлау - танымдық қабілетін арттыру, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Патриоттық сезімін оятып, отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа материалдарды түсіндіру.
Сабақтың түрі: Ізденіс - танымдық.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап. Баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, сызба, суреттер.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгелдеу.
3. Бар ынтасын сабаққа аудару.
4. Оқушыларды топқа бөлу.

ІІ. Ой, қозғау.
1. Қазақ халқы қандай халық? (кеңпейіл, қонақ жай, бауырмашыл т. б)
2. Қазақ халқын әлемге танытқан кімдер? (Елбасымыз, спортшылар, өнер адамдары ( мүм - кіндігінше аттарын атау))
3. Қазақ халқының әлемді таң қалдырар қандай ұлттық құндылықтарымызды білесіңдер?
( Тіліміз, ұлттық киім, қымыз, домбыра, көкпар)

ІІІ. Оқушы ізденісі:
1. Қазақ халқы туралы жазған орыс зерттеушілерінің пікірлері.
2. Шетел саяхатшылары қазақ халқы туралы қандай пікірлер қалдырған?

IV. Жаңа сабақ.
Оқушыларды тақырыппен таныстыру.
1. Имидж (ағылш. image — бейне, бейнелеу) — өнер ретiнде мақсатты түрде адамның өзiн, не бұқаралық ақпарат арқылы белгiлi бiр зат немесе адам жөнiндегi керек мәлiметтi бейнелеп керсету. (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет)
Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)
2. Кез келген мемлекетте өзінің имиджі мен бет - бейнесі бар. Бұл өз кезегінде, елдің жағымды және жағымсыз жағынан танымал болуына әсер етеді. Мысалға, АҚШ доллармен, Макдональдспен, Германия мен Жапонияның көліктері, Франция шарабы мен иіссуы, Голландияның хош иісті гүлдері мен ірімшіктері, Швейцария сағаттары бұл елдерді әлемге әйгілі етіп отыр.
Қазақстан – кең географиялық кеңестікті иеленген, жер көлемі жағынан әлемде 9 орынды иеленеді. Елімізде түрлі діндер мен ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл тарихи, мәдени, ұлттық және дүниетанымдық ерекшеліктеріміз мемлекет болып қалыптасуымыздың негізі болып табылады.
Мемлекет имиджі – бұл мемлекеттің экономикалық, географиялық, ұлттық, демографиялық қарым - қатынастарының даму көрсеткіштері мен жетістіктері.
Ал біздің еліміз – Қазақстанды кімдер және қандай жетістіктеріміз танымал етеді? Бізде өз жетістіктерімізді саралайық.

Мұнай – Қазақстан бірінші кезекте әлемге дәл осы мұнайымен танылады. Қазақстанда жыл сайын 81 миллион тонна мұнай шығарылады.

Байқоңыр – Қазақстан аумағында орналасқан әлемдегі алғашқы және ең ірі ғарыш айлағы. Байқоңырдан жердің алғашқы жасанды серігі мен алғаш адам ғарышқа ұшырылған болса бүгінде қазақтың ғарышкерлері – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев Айдын Аймағанбетовтер әлемге танымал.

Невада – Семей – 1989 жылы қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов ұйымдастырған антиядролық қозғалыс. 1991 жылы Семей ядролық полигоны жабылды.

Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздігімізді алып, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тұңғыш президенті болып танылды.

Қазақстанның сыртқы саясаттағы имиджі. Қазақстан белді халықаралық ұйымдарға қатысушы ғана емес, осы уақытқа дейін ТМД, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, АӨСШК секілді аймақтық ұйымдардың төрағалығын сәтті атқара білді. Қазақстанның ЕҚЫҰ - ға төрағалығы және ЕҚЫҰ - ның Астанадағы саммиті – 2010 жылы Қазақстан ТМД елдері арасында Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына бірінші болып төрағалық етті. Астанада ЕҚЫҰ Саммиті өткізілді. Оған 56 мемлекет пен 12 серіктес елдің басшылары, 69 халықаралық ұйымдар мен үкімет басшылары қатысты. Еліміздің ЕҚЫҰ төрағалығын иеленген бұрынғы кеңестік республикалар арасында ғана емес, Азиядағы және мұсылман мемлекетіндегі тұңғыш мемлекет екендігін мақтан етеміз. бұл Қазақстанның сыртқы саясаттағы имиджін жоғарлатты.

2003 жылдан бастап, әр үш жыл сайын Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезді өтеді. 2012 жылы өткен IV съезге әлемнің 40 елінен 87 делегация қатысты. Ал 2015 жылғы V съезге 42 елден келген 80 - нен астам делегация қатысады.
Съезге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, сондай - ақ ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО басшылары және өзге де түрлі дін өкілдері мен беделді халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады.

Қазақстанның имиджін қалыптастырған 10 бренд 7 - інші Қысқы Азия ойындары - 2011 жылдың қаңтар - ақпанында Астана мен Алматы қалаларында өтті. Қазақстандықтар 70 медаль алды. (32 - алтын, 21 - күміс, 17 - қола)

Қазақстанның имиджін қалыптастырған 10 бренд "Pro Team Astana" велокомандасы. Команданың тарихи беттері Александр Винокуровтың 2006 жылы Вуэльтада жеңіске жетуінен жазыла бастады.
1997 жылы Елордасы Алматыдан Астанаға көшірудің бір себебі жас астананы еліміздің мемлекеттік, қоғамдық және мәдени орталығына айналдырып, Қазақстанды Астана арқылы таныту болатын. 1999 жылы маусым айында қала «Бейбітшілік қаласы» атты Юнеско сыйлығына ие болды. Қазіргі кезде әлемнің ең үздік 30 қаласының қатарына енуіне негіз бар.

Қазақ хандығының 550 жылдығы – Қазақ хандығының тарихын зерттеу мен насихаттау – қазақстандық патриотизмді нығайтуда, отансүйгіштікке баулуда маңызды рөл атқаратындығын, сондай - ақ халықаралық сахнада Қазақстанның оң имиджінің қалыптасуы мен нығаюына ықпал ететіндігін көрсетті.
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин әлемдегі ең қауіпті боксшылар тізіміне кірді деп хабарлайды.

2017 жыл 10 маусым мен 10 қыркүйек – Астанада «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрме өткізу жылы. Көрме «Болашақ энергиясы» ұранымен өтеді. Энергияның балама көздері – бұл әлем қоғамдастығын толғандыратын ең өзекті тақырып. Бұрын мұндай масштабтағы халықаралық көрме Орталық Азия және ТМД елдерінде ешқашан болып көрмеген. «ЭКСПО - 2017» өткізілуі – халықаралық көрме және ақпараттық - тұсау кесер алаң ретінде Қазақстанның дамуындағы үлкен қадам.

Тәуелсіздік жылдары еліміздің жалпы ішкі өнімі 16 есеге өскен Тәуелсіздік жылдары еліміздің жалпы ішкі өнімі 16 есеге өскен
Сыртқы саудамыз 12 есеге артты. Ауыл шаруашылығынан бастап химия, жеңіл өнеркәсіп орындарынан шыққан дайын яғни өңделген өнімдерді әлемнің 111 еліне экспорттаудамыз.
Ішкі нарыққа келсек, машина құрастыруды қолға алдық және ол зауыттардың өнімділігін үш есеге ұлғайтыппыз. Осы тұста экономикалық өсіммен қоса демографиялық жағдайды да айта кеткен жөн сияқты. Қазір қазақстандықтардың саны 17 млн десек, соның 6 миллионы Тәуелсіздік жылдары дүниеге келген.

Әлемдегі үздік 30 кітапхананың бірі саналатын Қытай ұлттық кітапханасында алғаш рет шетелдік әдебиет орталығы ашылды. Ол Қазақстан әдебиетінің орталығы болып отыр. Тәуелсіздік мерекесіне орай Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасы Қытай ұлттық кітапхана қорына қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдерінде жазылған көркем, ғылыми, әдеби тақырыптар қамтылған 100 - ден астам кітап тапсырды. Оның ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қытайшаға аударылған еңбектері де бар.

1. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (Астана)
2. Астана қай өзен ағып өтеді? (Есіл)
3. 1999 жылы Астананың алған әлемдік атауы? («Бейбітшілік қаласы»)
4. Қазақстан қай құрлықта орналасқан? (Еуразия)
5. Қазақстанның рухани астанасы (Түркістан)
6. Қазақстанның көршілері (Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан)
7. Қазақстанның әлем қызығатын байлығы не? (пайдалы қазбалары)

Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!
15 344
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасының географиялық орны, табиғаты және табиғат ресурстары, халқы, шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары жөніндегі түсінік беріп, білім негізін қалыптастыру.
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Қазақ халқының материалдық мәдениеті туралы білімдерін кеңейту. Ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын оята отырып, оқушыларды ізденгіштік, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыта отырып оқушыларды өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
ХХ ғасырдың басыңдағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы
ХХ ғасырдың басыңдағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайын, оның ерекшеліктерін, патша өкіметінің аграрлық саясатын көрсету. Елдегі әлеуметтік жіктелуді, отаршылдық қанаудың күшеюін түсіндіру
Еңбек ресурсы, әлеуметтік және кәсіби құрылымдар
Еңбек ресурсы, әлеуметтік және кәсіби құрылымдар
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катон ауылы, «Ленин атындағы орта мектебі»КММ география пәні мұғалімі Мергазина Анар Ерлановна
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×