Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бояулар сыр шертеді

27 қазан 2012, Сенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№100 орта мектебінің Бейнелеу және сызу пәні мұғалімі
Есіркеев Қайрат Еленбайұлы

Сабақтың тақырыбы: Бояулар сыр шертеді
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: оқушылардың бейнелеу өнері жайындағы білімін толықтыру. Оқушыларды шапшаңдыққа үйрету, шығармашылықтарын дамыту.
ә) Дамытушылығы: оқушының ой – қиялын дамыту, олардың икемділігін, сурет салу шеберлігін арттыру.
б) Әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу, өнерге баулу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: білім, білік дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, өзін - өзі тексеру, сайыс.
Көрнекілігі: қалам, қағаз, сулы бояу, мақал – мәтел, жұмбақ, суретшілер шығармалары.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, еңбекке баулу.
Сабақтың формасы: өзін - өзі тексеру, жұмбақтар, мақал – мәтелдер, иллюстрация.
Бақылау: өзара бақылау.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
II. Сайыс сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мұғалім:
− Балалар, “Бояулар сыр шертеді” тақырыбындағы сайыс сабағымызды бастайық...
Егер сен өнерден ләззат алғың келсе, онда өнер жөнінде білімдар адам болуың керек.
К.Маркс

− Бүгінгі сайыс сабақта бейнелеу өнері жайлы білімдерің тексеріледі, шапшаңдық, ой – қиялдарын, сурет салу шеберліктерің сыналады.
Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді және әділқазыларды сайлайды.
I – топ “Акварель”
II – топ “Гуашь”
Әр топ өз атына анықтама береді:
Акварель – суда жақсы еритін бояу
Гуашь – суға езілетін қою бояу.

III. Сабақ бағдарламасымен таныстыру.
1.Үйге тапсырма: тақырыптық сурет.
2. Бейнелеу өнерінен білімді тексеру.
3. Суретшілер шығармалары.
4. Жұмбақтар сайысы.
5. Түстер туралы мақал – мәтелдер.
6. Өлеңдерге иллюстрация жасау.
7. Достық әзіл сайысы.
8. Қорытынды.

1. Үй тапсырмасы бойынша “Ғарышкер болу арманым” атты тақырыпқа арналған суретті көрсету, суретті сөйлету.
2. Бейнелеу өнері пәнінен өзін - өзі тексеру тапсырмалары. Бейнелеу өнері терминдер сөздігінің анықтамасын бағыттар арқылы сызып көрсету.

Акварель тобы:
Абстракты өнер Суға жақсы еритін бояу
Автопортрет Тақырыпсыз өнер шынайы бейнелігі жоқ өнер
Акварель Адамның өз келбетін өзі бейнелеуі
Аппликация Керегенің уық байланған бастарының сырт жағынан жүргізілетін жалпақ баяу
Басқұр Жабыстыру немесе қиыстыру арқылы орындалған көркем шығарма
Батальды жұмыс Матаға бояумен салынған сурет
Батик Кеуделік мүсін
Бюст Соғыс тақырыбы бейнеленген көркем шығарма
Витраж Көркем шығармалық көрменің салтанатты ашылуы
Вернисаж Ортағасырлық Еуропа өнері
Гобелен Терезе немесе есік шыныларына салынған көркем суреттер мен өрнектер
Готика Сурет салып тоқылған кілем

Гуашь тобы:
Гохуа - Кептірілген өсімдіктерді пайдалану арқылы жасалған көркем шығарма
Икебана - Кітап безендіруде қолданылатын көркем сурет
Иллюстрация жібек матаға бояумен орындалған қытай живописі
Классика ХХ ғасырдың басындағы бейнелеу өнеріндегі модернистік ағым
Коллаж Озық үлгідегі өнер
Кубизм Теңіз көрінісін бейнелейтін суретші
Маринист Әр түрлі маталарды жапсыру арқылы орындалатын көркем жұмыс
Мозаика Көркем шығарманың бір бөлігі
Фрагмент Әр түрлі шыны, тастардан жасалған сурет
Монументтік живопись Дүние жүзіне әйгілі Париждегі бейнелеу өнері мұражайы
Миниатюра Үлкен көлемді көркем безендіруде орындалған шығарма
Лувр Өте нәзік көркемдік әдіспен жазылған көркем шығарма

3.Интерактивті тақтада суретшілер шығармалары көрсетіледі.
Әр топқа екі суретші шығармасы беріледі. Шығарманың тақырыбы, суретшінің аты – жөнін табу тапсырылады.

4. Жұмбақтар сайысы.
I. Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды
(Күн)
Ақ қойым тұрып кетті
Қара қойым жатып алды
(Қар мен жер)
Айдалада ақ шатыр
Ішінде қызыл көзді шал жатыр
(Аспан ,күн батуы)
Қара суда суат жоқ
Қалың тауда бұтақ жоқ
(Көз бен кірпік)

II. Қос ішекке қонақтаған қаланы
Қара тұлпар алға сүйреп барады
(Поезд)
Қара тайым мықты
Қара бием сүтті
(Қазан, ошақ)
Қызыл сиырды байлап салдым
Көк сиырды айдап салдым
(От, түтін)
Үстіндегі көйлегі түрлі – түсті не демек
Қызықтырар көргенді мұның атын не демек
(Көбелек)

5. Мақал – мәтелдер сайысы.
Ақ серке қой бастайды,
Ақын жігіт той бастайды.
Ақ ит, қара ит, бәрі бір ит.

Ақ бидайдың қадірін ашыққанда білерсің,
Ағарғанның қадірін қыс шыққанда білерсің.

Ағын су арнасын табады,
Ақ адам орнын табады.

Қасапшыға мал қайғы
Қара ешкіге жан қайғы.

Өрмекшінің торы
Қара шыбынның соры.
Қайғысыз қара суға семіреді.

Ана көңілі қызында,
Қыздың көзі қызылда.

Күн сіркіресе,
Көк дүркірейді.
Сабыр түбі сары алтын.
Сараңның асын сары ит ішеді.

Ел – жұрттың қадірін іс түскенде білерсің,
Сары тонның қадірін қыс түскенде білерсің.
Сарғайған жетер мұратқа
Сабырсыз қалар ұятқа.

6. Өлеңдерге, ертегілерге иллюстрация жасау.
Топтық жұмыс. Берілген өлеңге тез арада нобайлар салу.

Жаз
Жаздыкүні шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда.
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жаны қылтылдап,
Ат айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Абай Құнанбаев
7. “Достық әзіл” сайысы. Яғни әзіл сурет салады, соңынан суретші түсіндіріп, ұтымды жауап береді.
8. Қорытынды:
Әділқазылар алқасы сайыскер оқушыларды берілген ұпайлар бойынша анықтап жеңімпаз топты атайды.
27 143
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бояулар сыр шертеді
Бояулар сыр шертеді
Оқушылардың бейнелеу өнері жайындағы білімін толықтыру. Оқушыларды шапшаңдыққа үйрету, шығармашылықтарын дамыту. Оқушының ой – қиялын дамыту, олардың икемділігін, сурет салу шеберлігін арттыру.
Үйірма. Сиқырлы бояулар
Үйірма. Сиқырлы бояулар
«Жас суретші» үйірмесі эмоциялық - бейнелі, көркемдік ойлау түрін қалыптастыруға бағытталып тұлғаның рухани қызметі қалыптасуының шарты болып табылады. Пәнді тереңірек танып білуге бағытталады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытады.
Бояулар сыры
Бояулар сыры
Бояулардың сан түрлерімен, негізгі және қосымша түстерімен таныстыру. Түстермен жұмыс жасуды үйрету.
Натюрморт
Натюрморт
Қызылорда қаласы №11 орта мектептің сурет және сызу пәні мұғалімі Қонкаев Манарбек
Металдар технологиясы
Металдар технологиясы
Сабақ мақсаты металдар туралы метал өңдеу құралдары туралы түсінік беру, металмен жұмыс жасауды үйрету, оқушыларды еңбекке баулу, еңбекке тәрбиелеу.
Бояулар бізде қонақта
Бояулар бізде қонақта
Балалар назарын негізгі түстерге көңіл бөлуге, түстерді ажырата білуге үйрету; Негізгі бояуларды бір-бірімен қосу арқылы әр түрлі түстердің алу жолдарын үйрету. Жылы және суық түстерді меңгеру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×