Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызықты өнер білім сайысы

06 қараша 2012, Сейсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Жезқазған қаласындағы жалпы білім беретін
№10 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі
Ниязбеков Қайрат Абдыкариевич

Қызықты өнер – білім сайысы

Құрметті бүгінгі «Қызықты өнер – білім» сайысына қатысып отырған қадірменді әріптестер, ұстаздар қауымы, мектебіміздің оқушылары, көрермендер, қонақтар!
Оқу жылы басталғаннан бері, мектебімізде әр – түрлі іс – шаралар, қызықты ойындар, білім сайыстары мерекелік т. б шаралар көптеп өткізілуде. Осындай тәрбиелік іс – шараны өткізудің бір үлесі бізге де тиіп отыр. Білім беру тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі сіздерге белгілі. Әсіресе балаларды өнерге баулу. Бүгінгі таңда да өзекті мәселелердің бірі.

Адам мен жаратылысты жарастырып, сұлулық шежіресіне айналған өнер ерекшеліктерін жете түсіну. Бүгінгі білімді, парасатты да мәдениетті қауымның алдында тұрған басты мақсаттарының бірі.
Адамның көпшіл болып өсуі үшінде өнерлі болудың маңызы зор. Өнер адамның дүниетанымында, сенімінде адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдердің тұрақты алдына қойған мақсаттарының айқындала игілікті әсері мол. Сол себепті де ой қорыта отырып, бүгінгі «қызықты өнер – білім сайысын» ұйымдастырып, өткізе отырып, сіздерге тарту етпекшімін. Сайыстың шарты мен тәртібі, мақсаттары белгіленген. Оны жүргізуші таныстырып өтеді. Ойын негізінен алты бөлімнен тұрады.

1. бөлім. «Адам бейнесі».
Топқа бөлінген оқушылар арнайы тақталарда. Біреуі адамның басын, біреулері аяғын, енді біреулері денесін тез салып бояйды. Қалған оқушылар қателіктер болмауын қадағалап, көмектесіп отырады. Оқушыларға берілген тапсырманы орындап жатқан кезде, көпшілік көрермендермен жұмыс жүргізіледі, сұрақтар қойылып жауаптар алынады. Сонан соң әділ - қазылар бірінші бөлімнің әділ бағасын жария етеді.

2. бөлім. «Сәйкес пе?»
Бір бала шығып, көріп тұрған
затты ымдап түсіндіреді. Ал екінші оқушы сол ымдаған заттың суретін сала білуі керек. Көрермендермен « Халық шығармашылығы» (қолөнер, тұрмыс тіршілігінен) сұрақтар қойылып, жауап алынады. Көпшілікпен жұмыс солай жалғасын тауып, жалғаса береді. Әділ – қазылар есебін жариялайды.

3. бөлім. «Топ басшыларының өнері»
Топ басшысына суретті бір көрсетіп, көзін байлап, сурет салғызу. Ал екі оқушы оған көмектеседі. Осы аралықта 9 – сынып ұлдарымен жұмыс жүргізіледі. Берілген бес тапсырманы орындаса бес балл. Әділ – қазылар есебін жүргізіп, хабарлап отырады.

4. бөлім. «Менің досымның бейнесі»
Оқушы бір оқушының суретін салып, бояумен бояйды. Оқушылар тапсырманы орындап жатқан кезде 9 – сынып оқушыларымен жұмыс жүргізіледі.

5. бөлім. «Бейнені ұқсастырып бояу»
Оқушылар дәл суреттегідей қағаз бетін бояйды.

6. бөлім. «Сиамдық егіздер» Екі оқушыдан қосып, қолын, аяғын байлап, біреуі көбелектің оң жағын, екіншісі сол жағын салып, сонан соң әңгімелеп береді. Қай топ тез салып бояйды? Әділ – қазылар алқасы қорытындысын шығарып, сайыс аяқталады.

Осы жасап жатқан тіршілігіміз сіздер үшін, көрермен қауым сіздердің тыныштықтарыңыз біздің тыныштығымыз. Іс – шарамызда еш кедергі, бөгеу болмасын. Сіздерге де әрбір істеріңіз өрге баса берсін демекпін. Сөз соңында мына бір асыл сөздерді айтсам деймін:
«Күн шыққанда табиғат таңданады,
Көп оқысаң көңіліңде шам жанады»

Ішкі жан дүниесін нұр шалған адам ұғымтал, білімдар, іскер, еңбеккер келеді.
Ол нұрдың аты оқу, ғылымға құмарту, білім теру. Білімін үздіксіз істеу ғана адамды тоқтатусыз өсіреді. Осыны ұмытпаған ұтады, әрқашанда от жүректі, намысшыл азамат, отаншыл болыңдар. Ал енді « Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» шеберлікті шеберден, іскер ұстаздан үйренген шәкірттің өнері бәрінен де артық тұратыны анық. Әрбәр қимылында осындай өнердің байқалып жүрген, ұстаз болуды қалайтын осы сайыстың өтетінін естігеннен бері, жүргізуші мен боламын деп тілегін білдірген, 7 «в» сынып оқушысы ---------------------- сөз кезегін беремін.

Сайыстың жүргізілу реттілігі.
1. Мұғалімнің алғашқы сөзі.
2. Сайыстың басталуы.
- Жүргізуші.
Ау халайық, халайық,
Бәріне жар салайық.
Өткелі жатыр қызықты,
Өнер білім сайысы
Келіп тұр міне ортаға,
5 – 6 сынып балалары.
Бөлінген үш топ қатары,
Сәлем берді баршаңызға.
Суретшілер мен ұстаздары,
Қатарға шыққан мектебіміздің батырлары.

Ал енді топпен танысу. Топтардың аты.
- «Зерде»
- Ұранымыз: «Жалғаймын деп үзіп алма,
Түзеймін деп бұзып алма.»
- «Ұлағат»
- Ұранымыз: «Үлкенге құрмет,
Кішіге аманат.»
- «Жеңімпаз»
- Ұранымыз: «Бәріміз біріміз үшін,
Біріміз бәріміз үшін.»
• Сурет сабағы.
Шіркін ай сурет сабағы,
Қайрат мұғалімді еске салады.
Мың құбылтып бояймын,
Туып өскен қаланы.
Қызыл бояу, көк бояу,
Ол мектебімізді ойлау.
Сары бояу, сары жайлау,
Жасыл бояу, жасыл ел
Болмасын бәрі жай бояу. – дей отырып, бүгінгі сайысымыздың мақсатымен таныс болыңыздар.

- Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру, оқушыларды бейнелеу өнеріне баулу, өнердің қыр – сырын ұғыну, тілді, өз шешімдері арқылы ақыл – ойды, жағымды сезімді, оқыған білгендерін көпшілік алдында, жолдастарының алдында көрсете білуі, үлкенді – кішілі қарым – қатынастарын қалыптастырып, көпшілікпен бірге немесе жалғыз шешім қабылдап, пікір таластыру, бірге отырып дұрыс қорытындыға келу.

Ойындар арқылы пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру. Ұлттық халық шығармашылығы; қой өнері, тұрмыс тіршілігі, дәстүрлерді оқушылардың өмір дағдысына айналдыру, сұрақтар арқылы оқушылар білімін сараптап, оны жетілдіре түсуге мүмкіндік беру.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын – демекші,

Сайыстың бірінші бөлімі «Адам Бейнесі». Үш тақтада үш топқа бөлінген оқушылардың біреуі адамның басын, біреулері аяғын, енді біреулері денесін тез салып бояйды. Қалғандары көмектеседі. Ал, кірісейік қанекей, алға!
- Көпшілік көрермендермен жұмыс жүргізіледі, сұрақтар қойылып жауаптар алынады.
1 – сұрақ. Шығармалары шет елдік, бүкілодақтық, көрмелерге қатысқан, көрермен көңілінен шыққан, ұлы октябрьден бастау алған көрнекті қазақ суретшілерінің аттарын ата.
(Ә: Қастеев, А. Ғалымбаева, К. Тельжанов, Н. Нұрмұханбетов)
2 – сұрақ. Қазақстаннан шыққан тұңғыш ағартушы ғалым, суретші кім? (Ә. Қастеев).
Бар қазаққа аты анық,
Әбілхан Қастеев біздің атамыз.
Көріп салған суретін.
Мәз мейрам боп жатамыз – дей отырып, келесі сұраққа кезек берейік.
3 – сұрақ. Бейнелеу өнерінің түрлерін атаңдар.
(графика, живопись, мүсін, қолданбалы сәндік өнері, дизайн)
Сайыстың екінші бөлімі – «Сәйкес пе?» Бір бала шығып, көріп тұрған затты ымдап түсіндіреді. Ал екінші оқушы сол ымдаған заттың суретін сала білуі керек. сәйкес пе?

• Көпшілікпен жұмыс. Көрермендерге халық шығармашылығынан (қолөнер, тұрмыс тіршілігінен) сұрақтар қойылып, жауап алынады. Мұғалімдерде қатысуы тиіс.

1 – сұрақ. Сабын қайнату жөнінде не білесіңдер? Ол үшін қандай өсімдіктер пайдаланған немесе пайдаланады?
(алабота, түйеқарын, ермен)
2 – сұрақ. Киіз үй атауларын атаңдар.
(Абылайша – Ақшаңқан үй, Ақтағыр, жаппа, жойым үй, қарақұрым үй, қара үй, қараша үй, орда, отау, тоңқайма, ұраңқай).
3 – сұрақ. Киіз үйге қолданылатын киіз аттарын атаңыздар.
(туырлық, түндік, ұықпан, үзік, дөдеге).
4 – сұрақ. Бесік жабдықтарын атаңыздар.
(бесік көрпе, жөргек, қолбау, құс жастық, құс төсек, тізе бау, тізе жастықша, түбек,).
5 – сұрақ. Арнайы жіп болмаған кезде аналарымыз тігуге қажет жіпті қалай әзірлеп алған? Ол жіп қалай аталады?
(суырмақ)
6 – сұрақ. Аң аулауда қолданылатын құрал – жабдықтарды атаңыздар.
(арқан, атқы, дырау, қамшы, жемтұзақ, қылтұзақ, мылтық, пышақ, садақ, сойыл, сымтұзақ, темір қақпан, тор, шоқпар)
7 – сұрақ. Зергерлік бұйымдардың атын атаңыздар.
( алқа, байдақ, белбеу, білезік, жүзік, күміс оймақ, сәукеле, сырға, шашпау, шолпы, әйелдер мен еркектер үшін кемер белбеу, кісе).
8 – сұрақ. Ағаштан жасалған қандай бұйымдарды білесіңдер?
(Киіз үй, киіз үй сүйегі, үй жиһаздары, ыдыс – аяқтар, сазгерлік аспаптар, мал шаруашылығында қолданылатын құрал – жабдықтар, егіншілікке қолданылатын құрал – жабдықтар, ойын жабдықтары, бесік т. б)
9 – сұрақ. Теріден жасалатын қандай бұйымдарды білесіңдер?
( сырт киімдер, бас киімдер, ыдыстар, төсеніштер, ер – тұрман, шаруашылық бұйымдар, баула, ер кісі жабдығы).

Үшінші бөлім. «Топ басшыларының өнері» Топ басшысына
суретті бір көрсетіп, көзін байлап, сурет салғызу. Ал екі оқушы оған көмектеседі.
• Көрерменмен жұмыс. Залда отырған 9 «а» - 9 «б» оқушылары тақтаға шақырылады. Оның тәртібі берілген бес тапсырмаға сәйкес, детальдің екі көрінісі бойынша үшіншісін тауып, қатарына қояды. Дұрыс – бұрыстығын әділ – қазылар алқасы тексеріп, еңбегін бағалайды. Олар орындарына отырғызылады. Бес тапсырманы орындағанға бес бал.

Төртінші бөлім. «Менің досымның бейнесі»
Мен досыма қарап алдым,
Қолға қағаз, қалам алдым.
Екі сызып шашын салдым,
Ұқсатқан жөн түрін енді.
Міне мұрын мынау енді,
Салынды езу, құлағы да.
Күлімсіреп шыға келді,
Ең соңынан көзін салдым. (А. Сопыбеков)
дей отырып, бір оқушының суретін салады, бояумен бояп береді, әңгімелеп береді.

• Көрермендермен жұмыс. Тағыда 9 «а» - 9 «б»
оқушылары тақтаға шақырылады. Берілген тапсырма бойынша қажетті көріністер сала отырып, аяқтап сол детальдің ермексаздан модельін тұрғызу немесе жасап көрсету керек. Мұғалімнің тапсырмасын бекіткен соң отырғызу.

Бесінші бөлім. «Бейнені ұқсастырып бояу» Оқушылар дәл суреттегідей қағаз бетін бояйды. Ұқсай ма?
• Көрермендермен ойын. «Жаңылмай айт»
Қарындаштың ұшын үшкірлеп ұшта,
Үшкірлеп ұштап, сақтап ұста

Алтыншы бөлім. «Сиамдық егіздер» Екі оқушыдан қосып, қолын, аяғын байлап, біреуі көбелектің оң жағын, екіншісі сол жағын салып, сонан соң әңгімелеп береді. Қай топ тез салып бояйды?

«Өнерлі елден өнерлі ұл – қыз шығады» дегендей біздің оқушыларымызда өнерлі екен. Бойларында от бар екен, байқадық. Бойында шоқ бар екен байқадық. Әрқашанда осы өнерді өшірмей жалындатып, шарықтаңдар.
14 580
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өнер – өмір өрнегі
Өнер – өмір өрнегі
Адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухани адамгершілік тұлғасының өзара байланысын ашу.
"Жас тарихшы" зияткерлік сайысы
"Жас тарихшы" зияткерлік сайысы
«Жас тарихшы» зияткерлік сайысы
Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы
Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Новенький жалпы орта білім беретін мектебінің технология пәнінің мұғалімі Нұрсұлтанова Эльвира Хамитовна
География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, «Ленин атындағы орта мектебі» КММ география пәні мұғалімі А. Е. Мергазина
Ізденіс - өнер сабағы
Ізденіс - өнер сабағы
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің технология пәні мұғалімі Кульмуханова Маржан Сарсенқызы
Қыз өссе - елдің көркі
Қыз өссе - елдің көркі
ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылы, Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Джандаралова Жанар Ахметқанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×