Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ суретшілері. Ғани Иляев

25 сәуір 2015, Сенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Пәні: бейнелеу өнері. Сыныбы: 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақ суретшілері. Ғани Иляев
Мақсаты: Оқушыларға Қазақ суретшілерін танып білуге үйрету, ою - өрнек түрлерімен таныстыру. Қазақстанның суретшісі Ғани Иляевтің шығармашылығы жайында білімдерін кеңейту. Сурет салу жұмысы барысында оқушыны нобай жасау қабілетін дамыту
Балалардың өз жерлестерінің өнерлерін мақтан тұтуларына ықпал ету;... Ою - өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып, оқушылардың шеберлігін шыңдау.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, суреттер көрсету арқылы сипаттап түсіндіру.
Көрнекілігі: Мультимедиалық проектор, сәйкестендіру тесті, слайд.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу:
- Оқу құралдарын түгелдеу:
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару:
ІІ. Өткен сабақты қайталау
- Балалар, біз өткен сабақтарда қандай тақырыпты өттік?
- Қандай қазақ мүсіншілерін білесіңдер?
- Олар қандай құрал - жабдықтармен жұмыс жасайды екен?
- Иә, балалар, бейнелеу өнерінің түрлерімен таныстық. Шымкент қаласында қандай танымал ескерткіштер орнатылған?
- Сұрақтар:
- Мүсіндеу дегеніміз не? Живопись дегеніміз не?
- Сәулет өнеріне не жатады?
- Графика дегеніміз не?
- Сәндік қолданбалы өнер туындыларына нелер жатады?
- Жақсы, енді өткен тақырыптар бойынша сәйкестендіру тапсырмасын орындайық.
Тапсырма: кестенің бір бағанында термин сөздер, ал екінші бағанында сол термин сөздердің сипаттамасы берілген, сол бағандарды бір - бірімен сызықтар арқылы байланыстыру керек.

Ой - қозғау.
- Балалар, мына суретте кімнің фотобейнесі көрсетілген?
- Бұл Гүлбахрам апайдың бейнесі емес пе?
- Иә, дұрыс айттыңдар, бұл ауылымыздың тұрғыны Гүлбахрам Көкебаева апай. Қолында өнері
бар адам ешқашан қор болмайды, оны асырайтын да, абыройын асқақтататын да сол өнері.
Бүгінгі таңда ұлттық киім тігіп, мата қиындыларынан көрпе - көпшікке көздің жауын алардай
құрамыс тыс тігіп, ою - өрнектер ойып, қазақтың жоғалып бара жатқан мұрасын жаңғыртып
жүрген жанның бірі.
- Сонымен бүгінгі сабағымыз ою - өрнек жайлы болмақ.
ІІІ. Жаңа сабақ
Ал, енді балалар, бүгінгі тақырыпты күнделікке жазып қояйық.
Қазақ бейнелеу өнері ұлттық көркем мәдениеттің бір бөлігі. Қазақ суретшілері график, кескіндеме шебері, сәндік қолданбалы өнермен айналысатын суретшілер, мүсінші және дизайн туындыларын жасайтын суретшілер болып бірнеше топқа бөлінеді.
Қолданбалы сәндік өнердің бейнелеу тілінің заңдылықтарын, бастауы мен дәстүрін түптеп
зерттегендердің бірі -- Ғани Иляев. Ол халықтың ою - өрнек үлгілерін жинап, сақтап қалуды
ғана емес, оны әрі қарай дамытуды да мақсат етті.. Ғани Иляев (21. 2. 1918, Өзбекстан, Ташкент қаласы – 1991, Шымкент) – қолөнер шебері, КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1957). Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Ташкент көркемсурет училищесін бітірген (1936). 1945 – 60 жылдары Шымкент көркемсурет - өндіріс шеберханасының, 1960 – 78 жылдары көркемсурет мектебінің директоры болды. Иляев кілем, сырмақ, алаша, басқұрларға арнап ою - өрнек (15 мыңға тарта үлгі) жасады. Ол, әсіресе, өрнектің жатықтығы мен сызықтардың әсем дөңгеленуіне мән беріп, анықтығы мен үйлесімдігін дәл таба білген шебер. 1958 ж. Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде Иляевтің 88 туындысы көрмеге қойылып, лайықты бағасын алған. Суретші ою - өрнектердің зооморфтік, өсімдік тектес және геометриялық түрлерін жүйелі зерттеп пайдалануды іске асырды. Оның 500 - ден астам еңбегі республикамыздың галереялары мен көркемөнер қорына алынған. “Қыз қуу”, “Сәлем”, “Айтыс” композициялық төл туындылары үйлесімді бояу үндестігімен көзге түседі. “Гүлденген оңтүстік”, “Көктем” атты кілем эскиздері сонылығымен ерекшеленеді. Әсіресе, соңғысында қазақ халқының байырғы қолөнеріне тән қошқар мүйіз, толқын, бұғы мүйіз, құс қанат, құс таңдай сияқты өрнекті оюлары әдемі тоғысқан. Иляев тұскиіздің, сырмақтың, үй ішіне тұтынатын, т. б. алуан түрлі заттардың ою - өрнектерін жасады
Бірде өткен ғасырдың аяғында өмір сүрген байдың киіз үйінен қалған, ою шеберлігі таң қалдырған есікті, енді бірде өрнегі әсем де байыпты кілемді тауып алады. Ғани аса бір қызығушы - лықпен халықтық өрнектің осындай тамаша түрлерін іздеп жүріп суретке салғаны баға жетпес
қазына іспетті. Оның бұл жұмысына баға бермеушілер, тіпті қарсы шығушылар да аз болмады,
соған қарамастан Ғани жігерлілікпен еңбек ете білді.
Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1957 жылғы «Халықтың қолданбалы және декоративті өнерін одан әрі дамыту шаралары туралы» қаулысынан соң Шымкентте халық шеберлігінің слеті
өткізілді. Оған қатысу үшін Алматыдан Қазақ ССР - нің халық суретшісі Әбілхан Қастеев келді.
Ғанимен бұрыннан таныс ол шымкенттік шебердің 700 - ге жуық ою - өрнектерімен танысып,
ізденіс бағытының дұрыстығын мақұлдады. Сол 1957 жылы Ә. Қастеевтің кепілдемесімен
Ғани Иляев СССР Суретшілер одағының мүшелігіне қабылданды.
Көне өрнек әшекейлеріне Ғ. Иляев суреттерінде жаңаша жан бітеді, оның кейбір композициялары өндіріс заттарын бедерлеуге қолданылуда. Ең көп тараған ою - өрнек өнері қазіргі кезеңде
жаңа қырынан танылуда.
2010ж тамыз айының 12 - ші жұлдызында Шымкент қаласында шымкенттік шеберлер Дәурен
Әлдебеков пен Насыр Рүстемовтың эскизі негізінде қырғызстандық мүсінші Базарбек Сыдыков
жасаған мыс мемориал кезінде суретші және зерттеуші Ғани Иляев тұрған, қазір сол кісінің
аты берілген көшеге орнатылды.
ІV сергіту сәті Орнымыздан тұрайық,
Қылқаламды қояйық,
Белімізді жазайық,
Бір тынығып алайық,
Тынығып біз болған соң,
Әдемі сурет салайық.

V Ою - өрнек жайлы мақал - мәтелді толықтыру
Өнерсізден құт ……. Өрнегі көптің …… көп. Үлгісі көптің …… көп.
Ою ойғанның ойы …... …. сыры өрнекте. Өнерлінің ….. кең.

VI Сөзжұмбақты шешу «Ою - өрнек»
1. Тігінші құралы.
2. Бұйымды немен әшекейлейді?
3. Ою деген сөзбен қандай сөз бір мағына береді?
4. Қандай ою тіл - көзден сақтап қалу үшін баланың мойнына тағылған?
5. Түйенің ізіне байланысты жасалған ою.
6. Әшекей бұйымдар жасау өнері.
7. Геометриялық пішін ромб тәрізді ою - өрнек.

о й м а қ
о ю
ө р н е к
т ұ м а р ш а
қ ұ с қ а н а т ы
з е р г е р л і к
б о т а к ө з

VII. « Ою - өрнек» слайдын көрсету

VIII. Оқушылардың өзіндік жұмысы.
-- салынатын өрнектің пішімін анықтау,
-- жобалау және үйлестіру жолдары
-- суретті салып, оның түстік шешімін табу
-- кемшіліктермен жұмыс

IX. Сабақтың қорытындысы.

Сұрақ қою арқылы сабақты бекіту.
-- Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-- Қай суретшімен таныс болдық?
-- Ғ. Иляевтің еңбектері бейнелеу өнерінің қай түріне сәйкес?
Сабағымызды ақын қыз Фариза Оңғарсынованың өлеңімен аяқтаймыз.

Түрін - ай текеметтің асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай,
Келе ғой қошақаным өзіме деп,
Әжем кеп сипағандай шашымнан жай.
Күнімді кешсеңдер - ау сол беттегі,
Тұрғандай ана көңіл тербеп мені.
Жан бітіріп жайраңдап жан - жағымда,
Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.
6 036
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жас қазақ әйелінің портреті. Етістіктің қалау рай формасын қайталау
Жас қазақ әйелінің портреті. Етістіктің қалау рай формасын қайталау
Г. Ысмайлованың «Қазақ вальсі» портретіндегі қазақ қызын суреттейді. Қазақ халқының суретшілерінің картиналарымен танысады. Қазақ халқының бейнелеу өнері жайлы ойларын дамытады.
Бейнелеу өнерінің түрлері
Бейнелеу өнерінің түрлері
Тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері
Қазақстанның көрнекті суретшілері
Қазақстанның көрнекті суретшілері
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат селосы, Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің бейнелеу және сызу пәні мұғалімі Қожағали Жеңісбек Қожағалиұлы
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, №5 орта мектептің бейнелеу өнері және сызу мұғалімі Оразалина Райхан Габдрахмановна
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Ою өрнек және сәндік декор
Ою өрнек және сәндік декор
Авторы: Бирманов Нуржан Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Тақырыбы: Өрнектер және сәндік декор
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×