Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адам кейіпін (портреттін) бейнелеудің әдіс-тәсілдері (сабақ)

21 қаңтар 2016, Бейсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосы.
Туребеков Ерлангали Турегалиевич

Бейнелеу өнері 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Адам кейпін (портретін) бейнелеудің әдіс - тәсілдері

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің жанрларымен оқушыларды жүйелі түрде таныстыру.
ә) Дамытушылық: Адам тұлғасын бейнелеудегі әдіс - тәсілдерді меңгерту.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, таспа, интерактивті тақта, Activ Inspire, қағаз, қарындаш, өшіргіш және т. б.
Сабақтың түрі. Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс. Дүниетану, ана тілі, жаратылыстану.

Сабақтың жоспары:
І. Кіріспе бөлім
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Білімдерін тексеру.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
2. Машықтық жұмыс.
ІІІ. Қорытынды бөлім
1. Сабақты қорытындылау.
2. Оқушылырдың білімдерін бағалау.
3. Үйге тапсырма.

І. Кіріспе бөлім
1. Ұйымдастыру.
- Сәлеметсіздер ме, балалар?
- Сәлеметсіз бе, ағай?
Оқушылар шеңберге тұрып бір - біріне тілек айтады, тренинг арқылы топқа бөлініп отырады.
- Отыра қойыңдар. Кітап, альбом дәптерлеріңді, қаламдарыңды алдарыңа шығарып, сабаққа дайындалып отырамыз.
Мақсат қою. Сабақ кезеңдерімен таныстыру.

2. Білімдерін тексеру. Сәйкестігін тап ( флипчарт )

1. Қуаныш
2. Қорқыныш
3. Арманшыл
4. Ашулы
5. Таңғалу

3. сұрақ - жауап
Адамның бет әлпетін бейнелейтін көркем шығарма. (Портрет)

ІІ. Негізгі бөлім
1. Жаңа тақырыпты түсіндіру. ( флипчарттан бейне таспа көрсетіледі )
немесе https://www. youtube. com/watch? v=Qp1xIQ_Xo6Y
Егер суретте адам бейнеленсе, ол жанр ПОРТРЕТ деп аталады.
Натюрмортты салғанда қозғалмайтын зат болғандықтан аса қиналмайсың, ал адам басын салғанда біраз қиындықтарға кездесеміз. Өйткені адам бір орында ұзақ отыра алмайды. Сондықтан, басты салғанда оның қимылын, жалпы бейнесін тез арада сызуға тура келеді. Суретті тез салу үшін көптеген долбар суреттер салып, гипстен жасалған басты салып оның пропорциялық өлшемдерін анықтап үйренеміз. Сонан кейін тірі адам бейнесін салуға болады.
Басты салу әр түрлі әдіс - кезеңдермен өрбиді: ( флипчарттан кезеңдерге сәйкес салынған сызбаларды және салу жолдарын көрсетемін )
1 - кезең. Суреттің сәтті шығуы осы кезеңнің дұрыс орындалуына байланысты. Өйткені бүл кезең суреттің негізгі түбірі, жобасы болып табылады. Ең алдымен кезең заңдылықтарын сақтай отырып бастың жалпы пішінінің нобайын жұмыртқа тәрізді етіп қағаз бетіне орналастырамыз. Содан оның ортаңғы тік сызығын сызамыз. Басты үш бөлікке бөлеміз екпен мұрын ұшына дейін, одан қасқа дейінгі аралық, қастан шаш өсіндісіне дейінгі қашықтыққа тең. Енді тірек нүктелерінен көз осіне параллель көмекші сызықтар жүргізіп, бастың негізгі пропорцияларын белгілейміз және мұрынның ұзындығын аламыз. Осы сызықтың бойынан көздің шеткі нүктелерін, құлақтың сұлбасын белгілеп қоямыз.

2 - кезең. Бүл кезеңде бастың негізгі мүшелерінің жалпы пішінінің құрылымын салумен айналысамыз. Бірінші кезеңде мұрынның жалпы сызықтық қаңқасын сызамыз. Мұндағы мұрынның көлденең ені көздің ұзындығы болып есептеледі. Мұрынды салу кезінде құлақтың да құрылысын қамтып отыру қажет. Өйткені олардың ұзындықтары бірдей және бір деңгейде жатады. Көзді бейнелеген кезде екеуін бір уақытта салу керек, өйткені олар бастың екі жағында бір деңгейде, өлшемдері бірдей симметриялы жазықтықта жатады. Сол сияқты құлақты салғанда да осы әдісті қолдану керек. Ауыз қай деңгейде жататынын табу үшін мұрын мен иек аралығын үш бөлікке бөлеміз. Сондағы үстіңгі бөлікке ауыз орналасып, бөлік сызығы ауыздың ось сызығы болып саналады.

3 - кезең. Суреттің осы кезеңінде көзді салуға ерекше көңіл бөлу керек. Суреттегі бейненің адамның өзінің табиғи бейнесіне ұқсауы көзді немесе көз жанарын шеберлікпен салуға байланысты.

4 - кезең. Енді суреттің (бастың) жалпы пішінін бір реңге бағындырып жинақтап түйіндейміз.
Суреттің бітер тұсында тұтас көру қабілетінің үлкен маңызы бар. Егер тұтас көруді (объемное видение) жақсы меңгерген болсаңдар немесе жалпылама ойлау қабілеттерің жақсы жетілген болса, онда сурет ойдағыдай шығады.
Суретте артық сызық, мөлшерден тыс көлеңке мен жарықтың қоюлығы болмайды.

2. Сергіту сәті. ( флипчарттан бейне таспа көрсетіледі )
немесе https://www. youtube. com/watch? v=J846twhH8PA

3. Ойын. ( флипчарттан көрсетіледі ) Мозайка. Екі топтың оқушылары төртке бөлінген суреттерді бүтін етіп жинайды.

4. Тапсырма. ( флипчарттан кезеңмен салынған бейне көрсетіледі ) Жоғарыдағы басты салудың әдістемелік жолдарын оқи отырып және мына суреттерге қарап, өзіңше адам портретін немесе қарсы отырған оқушының кейпін бейнелеуге тырыс.

ІІІ. Қорытынды бөлім
Әр топ бір - бірінің салған суреттерінің мазмұнына, бейнелеудегі мәнін ашуда,
портреттің құрылымына, мінез - құлқына талдау жұмыстарын жүргізеді және бағалайды.
Үйге тапсырма: Досымның бейнесі.
14 858
1
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам бетінің пропорциясы
Адам бетінің пропорциясы
Адам қаңқасындағы күрделі бөліктерін салуда жұмыс істеу әдіс - тәсілдерін арттыру, мүмкіндігінше шығармашылық жұмыс жасауға баулу. Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Үйлестіру заңдылықтары
Үйлестіру заңдылықтары
Қағаз бетіне затты үйлестіріп бейнелеуге үйрету. Бірнеше заттарды қағазға ретпен орналастыруға жаттықтыру. Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Пейзаж - табиғатты бейнелеу
Пейзаж - табиғатты бейнелеу
Пейзаж жанры және Ә. Қастеевтің шығармаларымен таныстыру. Табиғат көрінісін бейнелеудің перспективалық заңдылықтарын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеуге үйрету, сурет салудың заңдылықтарына баулу, білімді өздігінен меңгеруге жағдай жасау.
Суретшілер шығармаларын талдау
Суретшілер шығармаларын талдау
Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру. Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру. Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Сүйікті ертегі
Сүйікті ертегі
Сабақтың мақсаты. Оқушыларды ертегі әлемімен таныстыру, ертегілердің мазмұнына байланысты иллюстрациялы сурет салуға баулу, өзіндік көзқарас қалыптастыру.
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Ақтөбе облысы, Алға ауданы Үшқұдық мектеп – бақшасының бастауыш класс мұғалімі Нажимова Асель Ниязгалиевна
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Зубайра
Зубайра Қолданушылар 3 ақпан 2016 08:53
0
Өте жақсы.Балалардың шығармашылығы қосып тіркелсе
×