Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Натюрморт жанрының шығармашылық композициясы

05 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Сурет және сызу
Құлсары балалар өнер мектебінің мұғалімі
Елтезерова Нұргүл Қадірқызы

Пәні: Кескіндеме

Сабақтың тақырыбы: Натюрморт жанрының шығармашылық композициясы
Берілген тәжірибелік тапсырма қандай?
Түсі мен формасы әртүрлі нәрседен құралған тақырыптық натюрморттың этюді.
Ал, бізге қойылған мақсат қандай, әдеттегі тапсырмалардан ерекшелігі барма?
Мақсатымыз натюрмортты стильдеу әдісімен немесе басқада әдістермен түрлі техникада бейнелеуіміз керек.

Стильдеу дегеніміз не?
Стильдеу шығармашылықта нәрсені әсіреңкілеп бейнелеу, оның пішінін, түрін, түсін өзгерту, бірақ сол нәрсенің түпкі болмысын сақтап қалу керек.
Стиль сөзінің мағынасы қандай, басқа тағы қандай салаларда кездеседі?
Стиль сөзінің ғылымда көптеген түсінігі бар. Латын тілінен аударғанда “жазу желісі” деген мағына береді. Өнердің барлық саласынан кездестіруге болады. Мысалы: музыка, би, кино, театр, әдебиетте де, бейнелеу өнерінің барлық түрлерінде стильдеу әдісі бар.

Тәжірибелік кезең
Әр оқушы өткен сабақтарда бастаған жұмыстарын бүгін аяқтайды және қысқаша түсінік береді.
«Суперлото» ойыны
Ойын шарты: Әр оқушыға билет таратылады. Алдымен сыйлық қойылып, қоржыннан нөмір суырылып, сұрақ қойылады. Егер оқушы жауап берсе, сыйлықты ұтады, ал жауап бермесе ұтылады.
“Декор” сөзінің мағынасы қандай?
Жауабы: “Декор “ латынша “сәндеу” деген мағына береді.
Стильдеу дегеніміз не?
Жауабы: Стильдеу – нәрсені әсіреңкілеп бейнелеу, оның пішінін, түрін, түсін өзгерту, бірақ сол нәрсенің түпкі болмысын сақтап қалу.
Пуантилизм – дегеніміз не?
Жауабы: Пуантилизм – “пуант” деген француз тілінен аударғанда “нуктемен жазамын”деген мағына береді. Алғаш француз суретшісі Жорж Сера (1859 - 1891) осы әдіспен бейнелеген.
Кубизм дегеніміз не?
Жауабы: Кубизм – француздың “куб” деген сөзінен аударғанда “төртбұрыш деген мағына береді, яғни геометриялық пішіндерге ұқсатып бейнелеу. Алғаш кубист суретші испандық Пабло Пикассо(1881 - 1973)
Абстракционизм дегеніміз не?
Жауабы: Абстракционизм – латынша “кесемин, жоямын”деген мағына береді, шынайы бейнелеуден бас тартып, тек геометриялық пішіндер, өрнек, түс, дақ, рең арқылы бейнелеу әдісі. Алғаш абстракционист Василий Кандинский(1866 - 1944)
Қазақ халқында стильдеу әдісі қашан дамыған?
Жауабы: Халқымыз стильдеу әдісін өте ерте заманнан бері қолданады, оған дәлел біздің ою өрнегіміз бен тастағы таңбалар. Өсімдік, жануар тектес, геометриялық, космогониялық ою өрнектер осы стильдеу әдісі арқылы бейнеленген.
Реализм дегеніміз не?
Жауабы: Реализм дегеніміз – латынша “шынайы”деген мағына береді. Өмірді. Қоршаған ортаны бүкпесіз шынайы бейнелеу. Әбілхан Қастеев(1904 - 1973) - реалист суретші.

Суперойын
Энкаустика – дегеніміз не?
Жауабы: Энкаустика – грек тілінен аударғанда “күйдіру, еріту” деген мағына береді. Алғаш энкауст суретшілер деп Ежелгі Египеттіктерді айтуға болады.

Көрме
Қойылатын талаптар:
1. Орындау шеберлігі.
2. Ойлау, қиялдау қабілеті.
3. Композициялық құрылымы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 386
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Бейнелеу өнерінің жанрларының бірі - натюрморт жайлы оқушыларды жүйелі таныстыру, және оның түрлерімен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің жанрларының бірі - натюрморт жайлы оқушыларды жүйелі таныстыру, және оның түрлерімен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Натюрморт жанрының шығармашылық композициясы
Натюрморт жанрының шығармашылық композициясы
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруда стильдеу амалына композиция заңдылықтарын қолдану. Дамытушылығы: Оқушылардың қиялдауын, ойлау қабілетін дамыту.
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, №5 орта мектептің бейнелеу өнері және сызу мұғалімі Оразалина Райхан Габдрахмановна
Натюрморт композициясын құрастыру
Натюрморт композициясын құрастыру
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы № 9 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Басенова Ақмарал Камаловна
Затқа қарап сурет салу
Затқа қарап сурет салу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі: Жумагалиева Бактыгул Зейновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×