Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мүсін өнері

31 мам 2018, Бейсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Бейнелеу өнері 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мүсін өнері
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Оқушылардың мүсін өнері туралы түсініктерін кеңейту.
ә) тәрбиелігі: Мүсін өнерінің айырықша туындыларын көрсете отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
б) дамытушылығы: сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту.
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Әдісі: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс, түсіндіру.
Көрнекілігі: Түрлі мүсін үлгілері, иллюстрациялар, фотосуреттер, мүсіннің жасалу жолы көрсетілген плакат.

Сабақтың барысы:
Жоспар:
1. Мүсін өнерінің шығу тарихы.
2. Мүсін өнерінің түрлері
3. Мүсін өнерінің маңызы және қоғамда алатын орны.
4. Жаңа терминдерге түсінік беру.
5. Мүсінді орындау технологиясы.
6. Қорытынды

І Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
ә) Бір - біріне мейірімділік, жылулық, жақсылық тілеу.
Ынталандыру кезеңі
ІІІ. Білімді жан - жақты тексерту
а) Өткен тақырыпқа байланысты топтарға сұрақ қойып, жауап алу.
І топ. Перспектива сөзі нені білдіреді? Көкжиек сызығы деп қандай сызықты айтамыз?
ІІ топ. Заттың көкжиек сызығынан төмен немесе жоғары тұрғанын қалай анықтауға болады?
ІІІ топ. Перспектива түрлерін ата?
ә) Оқушылардың жұмысын тексеріп бағалау.

ІҮ. Жаңа сабаққа дайындық
Оқушыларға бүгінгі сабақта қандай тақырып өтетінімізді түсіндіру
Құрал жабдықтарын түгендеу.
Картон, су, пластилин, қол сүртетін сүлгі.
Ой қозғау
Бейбітшілік құсы деп, айтады оны барша жұрт. (көгершін)
Қайталап әнімді, көктемде ән салам (көкек)
Су бетін сызып, аққұман жүр жүзіп. (аққу)
Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады. (қарлығаш)
Бір құс бар, үлпілдеген жүні жұмсақ,
Тұяғы бейне болат алмас пышақ.
Тұмсығы имек көрмейді күндіз көзі,
Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады. (үкі)
Биік шыңда тұрады,
Қалықтайды төбеңде.
Көз тастайды қырағы,
Қонбайды ол төменге (бүркіт)
Барлығының жауабын таптыңыздар. Енді осы жұмбақтардың жауабын не деп атаймыз.
Құстар. Олай болса жаңа сабағымыз Құстарды мүсіндейміз.

Ү. Жаңа сабақ
Мүсіннің шығу тарихы Қазақстан аумағында ежелгі мүсін өнері ескерткіштері тас дәуірінде пайда болған.
Бұл тас мүсін – Балбал тастар.
Оны жасауға сопақ пішінді тастарды іріктеп алған. Олар: Орталық Қазақстан, Жетісу өңірінде көп кездеседі. Ертеректегі тас мүсіндер жалпақ, әрі көлемді болып келеді. Одан кейінгілері жұмырлы мүсін болып келеді.
Мүсіндеу өнері - көркем өнердің бір түрі. Мүсіндеудің графика мен кескіндемеден айырмашылығы кескіннің барлық жағынан анық көрсетілуі..
Мүсіндеудің түрлері: 1. жұмыр мүсіндеу 2. рельеф (бедерлі) Жұмыр мүсінді барлық жағынан қарауға болады.
Мүсіншілер өздерінің шығармаларын жасау барысында адам мен жануарлардың мүсіндерін жан - жақты қарап отырып сомдайды.
Мысалы: Хакімжан Наурызбаев (27. 08. 1925 жылы туған, қазіргі Қостанай облысы, Ленин ауданы) — қазақтың тұңғыш кәсіпқой мүсіншісі, қазақ халқының көрнекті қайраткері, А. Иманов, Ж. Жабаев, А, Құнанбаевтың монументалды бюстері шықты.

2. рельеф.(бедерлі)
Монументтік мүсіндеу – бұл ұлы адамдардың немесе тарихи оқиғаларға орнатылған, асқақ, келісті ескерткіштер.
Монументті – сәндік шығармалар әдетте жеке ансамбльдің, алаңның немесе демалыс орындарының сәулеттік композициясының жиынтығы болып табылады.
Жаңа терминдерге түсінік беру.
Анималистік жанр - (лат. Жануар) хайуанаттар дүниесін бейнелеу өнері
Анималист мүсінші – Жануарларды бейнелейтін мүсінші.

Ү. Машықтық жұмыс.
1. Ермексазбен жұмыс істеу техникасының ерекшеліктерін түсіндіру.
2. Плакат бойынша үй жануарларының анатомиясын таныстыру.
3. «Құстарды мүсіндейміз.»
4. Құстар туралы әңгіме. сұрақ - жауап алу
5. Машықтық жұмыс барысында пайдалы кеңес.
Техника қауіпсіздігін айту. қамырмен, ермексазбен жұмыс істеу кезіндегі.

ҮІ. Түсінігін тексеру
І топ. Мүсін өнері. Жануарларды бейнелейтін жанр қалай аталады?
ІІ топ. Мүсін өнерінің тарихы туралы не айтасың. Мүсін нешеге бөлінеді?
ІІІ топ. Жұмыр мүсін дегеніміз не? Бедерлі мүсін ше?

ҮІІ. Сабақты қорыту. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, сұрақ қою арқылы түсініктерін тексеру. өз жұмыстарын қалай қай әдіспен мүсіндегенін сұрап бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстырып қателерін айту.
ҮІІІ. Үйге тапсырма. Мүсіндеу
4 969
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мүсін өнері - бейнелеу өнерінің бір түрі (Жемістің мүсіні)
Мүсін өнері - бейнелеу өнерінің бір түрі (Жемістің мүсіні)
Оқушылар мүсін өнері жайында мағлұмат алады. Жемістердің мүсін жасап үйренеді. Оқушылардың сыни ойлауы, қиялы артады. Әр түрлі пішінді заттар мен бұйымдарды дұрыс бейнелеуге үйренеді.
Екі заттан құрылған натюрморт
Екі заттан құрылған натюрморт
Мүсін өнері туралы білімдерін кеңейту. Мүсіндердің жасалу жолдарын, оның заңдылықтарын есте сақтай отырып түсіндіру. Дамытушылық: Оқушыларды логикалық ой – қиялдарға және шығармашылық ізденістерге баулу.
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Ақтөбе облысы, Алға ауданы Үшқұдық мектеп – бақшасының бастауыш класс мұғалімі Нажимова Асель Ниязгалиевна
Мүсін өнері
Мүсін өнері
Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледж оқытушысы Менликулов Нур Машарапович
Мүсін өнері
Мүсін өнері
Мүсін өнерінің түрлерімен таныстыру. Мүсіншілердің көркем шығармаларын талдау. Мүсін сомдау материалдарының технологиялық тәсілдерімен таныстыру. Әр түрлі материалды ұқыпты пайдалана білуге үйрену арқылы эстетикалық тәрбие беру. Саз балшықтан немесе
Мүсін өнері
Мүсін өнері
Қызылорда облысы, Арал қаласы №71 мектебінің сызу және бейнелеу пәні мұғалімі Нұржан Ертореұлы Балов Пәні: Бейнелеу Сыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: Мүсін өнері Сабақтың мақсаты: а) білімділік: мүсін өнерінің түрлерімен таныстыру, мүсіншілердің көркем
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×