Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мүсін өнері

13 қыркүйек 2012, Бейсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
ШҚО, Семей қаласы,
«Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған
үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп»КММ
Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі
Аубакиров Айдынбек Серикович

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі Тақырыбы: Мүсін өнері.
Сабақтың мақсаты: Мүсін өнерінің түрлерімен таныстыру. Мүсіншілердің көркем шығармаларын талдау. Мүсін сомдау материалдарының технологиялық тәсілдерімен таныстыру. Әр түрлі материалды ұқыпты пайдалана білуге үйрену арқылы эстетикалық тәрбие беру. Саз балшықтан немесе ермек саздан созу, ию тәсілдерін терең меңгеру.
Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: Суретшілер альбомы, слайд, интерактивті тақта, қосымша әдебиеттер, репродукциялар т. б.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Сұрақ - жауап
2. Қорытындылау
ІІІ. Жаңа сабақ:

Мүсіндеу - көркемөнердің бір түрі. Мүсін өнері — латынша кесу, шабу, жону деген мағынаны білдіреді. Мүсіндеудің сызба мен кескіндемеден айырмашылығы - барлық көлемін, пішінін анық көрсетеді. Мүсіндеудің негізгі объектісі - адам. Мүсін өнері ежелден келе жатқан көне өнердің бір түрі болып табылады. Ол тас дәуірінен бастап қалыптасқан, өңделе келіп классикалық өнерге айналған.
Мүсіндеудің түрлері: Монументті мүсіндеу және рельеф.

Монументті мүсіндеуде оның барлық жағынан қарауға болады. Рельефті мүсіндеуде жазықтық бетінде орындалады.
Қазақ мүсін өнерінің қалыптастырушысы Хакімжан Наурызбаев (1925 - 2009ж. ж) Парасат кавалер орденінің иегері. 300 ден астам жұмысы бар. Солардың ішінде ен танымал жұмыстары: «Абай Құнанбаев» (1960) ескерткіші, «Ш. Уәлиханов» (1969) Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының алдында орналасқан биіктігі 8 м, «Ж. Жабаев» ескерткіштері тұлғалық мүсінге жатады.

Астана қаласындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпірлерде орналасқан Төлеген Досмағанбетовтық «Барыс» мүсіндері, бұлар да сәндік монументальды мүсінге жатады. Мүсін тек бір ғана фигурадан емес екі немесе одан да көп фигурадан тұруы мүмкін. Солардың бірі, біздің қаламызда Достоевский мұражайының іргесін де орналасқан қоладан жасалған «Ш. Уәлиханов пен Ф. Достоевский» мүсіндері.

Бұл мүсіндердің авторы Мәскеулік мүсінші Д. Г. Эльбакидзе. Д. Г. Эльбакидзенің Семей қаласындағы тағы бір жұмысы 1972 жылы жасалған Абай көшесінде орналасқан «Абай» ескерткіші.
Келесі рельефті мүсін түріне тоқтала кетейік. Рельефті мүсін жоғарыда айтылып кеткендей белгілі бір жазықтық бетінде орындалады, ғимараттар қабырғаларында, тыйының бетінде.
Мүсін сомдауға көптеген заттар негізгі материал бола алады. Мысалы ағаш, түрлі тастар, саз балшықтар, металл, пластилин т. б. Осылардың ішінде мүсіндеуге үйрену үшін оқушыларға ең ыңғайлысы - саз балшық пен пластилин.

Олардың жақсы бір қасиеті ырыққа көнгіш, тез иленеді, жасаған мүсін формасын қалай өзгертем десең де ыңғайлы. Мүсін жасағанда қолданылатын басты қолданылатын құралдар: тақтайша, каркас, қалақша т. б. Мүсін орындағанда арнайы киім немесе алжапқыш кию керек. Өйткені олардың мектеп формасы былғанбауы тиіс. Мүсін кезінде айналмалы станокты пайдалану орынды. Бұл станокпен жұмыс істеу өте қолайлы.

Жан - жақты бұрып көруге болады. Мүмкіндігінше бір түсті пластилинді қолданған немесе саз балшықты қолданған дұрыс. Бұл біртұтас көруге ықпал етеді. Әр түрлі ала - құла болып кеткен пластилин көзді алдайды. Сомдалған мүсін пішінін жоғалтып алады. Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын жинап, қалған пластилин немесе саз балшық қалдықтарын жинап қорапқа салу керек. Қолды жылы сумен сабындап жуу қажет.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
 Мүсін өнерінің түрлері қандай?
 Астана қаласындағы “Барыс” ескерткішінің авторы кім?
 Мүсін сомдаудағы негізгі материал?
 Мүсінмен айналысқанда қандай құралдар қолданылады?
Үйге тапсырма: Келесі сабаққа саз балшық, алжапқыш (фартук), тақтайша немесе қатты қағаз алдыға жайғанға әкелу.
39 436
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мүсін өнері
Мүсін өнері
Мүсіннің шығу тарихы Қазақстан аумағында ежелгі мүсін өнері ескерткіштері тас дәуірінде пайда болған. Бұл тас мүсін – Балбал тастар.
Мүсін өнері - бейнелеу өнерінің бір түрі (Жемістің мүсіні)
Мүсін өнері - бейнелеу өнерінің бір түрі (Жемістің мүсіні)
Оқушылар мүсін өнері жайында мағлұмат алады. Жемістердің мүсін жасап үйренеді. Оқушылардың сыни ойлауы, қиялы артады. Әр түрлі пішінді заттар мен бұйымдарды дұрыс бейнелеуге үйренеді.
Екі заттан құрылған натюрморт
Екі заттан құрылған натюрморт
Мүсін өнері туралы білімдерін кеңейту. Мүсіндердің жасалу жолдарын, оның заңдылықтарын есте сақтай отырып түсіндіру. Дамытушылық: Оқушыларды логикалық ой – қиялдарға және шығармашылық ізденістерге баулу.
Қазақ мүсін өнері. Хакімжан Исмаханұлы Наурызбаев туындылары
Қазақ мүсін өнері. Хакімжан Исмаханұлы Наурызбаев туындылары
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі Төлеубаева Райкүл Бақытжанқызы
Мүсін өнері
Мүсін өнері
Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледж оқытушысы Менликулов Нур Машарапович
Мүсін өнері
Мүсін өнері
Қызылорда облысы, Арал қаласы №71 мектебінің сызу және бейнелеу пәні мұғалімі Нұржан Ертореұлы Балов Пәні: Бейнелеу Сыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: Мүсін өнері Сабақтың мақсаты: а) білімділік: мүсін өнерінің түрлерімен таныстыру, мүсіншілердің көркем
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×