Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Готикалық өнер

30 мам 2021, Жексенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Дәрістің мақсаты.
1. Білімділік: Готикалық өнер туралы түсінік беру.
2. Тәрбиелік: өз отанын, халқын шын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: әр түрлі стратегиялар арқылы ойлау қабілетін, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.
Дәрісте қолданылатын көрнекі құралдар: плакаттар, суреттер.
Дәрістің құрылымы мен мазмұны.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Студенттерді сабаққа қатысуын тізім бойынша тексеру.
3. Студенттерді сабаққа дайындығын, құрал жабдықтарын тексеру.
ІІ. Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тексеру әдісі: Сұрақ жауап.
Сұрақтар:
  • Роман тарихының пайда болуын жазған ғалымдар?
  • Адамның қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті?
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі: түсіндірме
Готика стилі - Еуропа (әсіресе, Батыс Еуропа ) елдерінің сәулет өмірінде 12 ғ - дың 2 - жартысы 16 ғ - да кең өріс алған сәулет өнері стилі. Шартты түрде герман тайпалары - готтардың есімінен аталып кеткен. Готиканы орта ғасырдағы қалалық және сарайлық мәдениет тұдырды. Олар бағына қатарына иек артқан сүйір арқалы ғимараттың ішкі төбесін шатырлауда болып келеді.- Бұл конструкциялық жаңа әдіс ғимараттың әрі еңселі әрі бүйірлі бала түсуіне жол ашып түғыр бағалардың арасын түгелдей шынылауға мүмкіндік туғызды. Түрлі түсті шыныларды әсем қиюластыра отырып" өрнек салу Готика. Стиліндегі өнерде кең өріс алды. Сән өнері (витраждау, сан алуан ескерткіштер түрғызу.) және қоласқы өнер (тас қашу, сүйек қырнау т. б) де биік сатыға көтерілді. өнердің Бұл түрлері, әсіресе, ғибатханалар салуда кең қолданылады. Оларға діни нишандар мен пропорциялық шарттылық тән, сондай - ақ, өмірге деген құштарлық, асқақ рухта аңғарылып тұрады. Готика. Францияда (Париждегі, Реймстегі, Амьендегі ғибадатханалар), Германияда, Нидерландта, Англия мен Испанияда, Скандинавия елдерінде, Италияда дамыды.
Готика өнері өзінің ерекшелігімен роман ағымынан дараланып тұрады. Сонымен қатар оның ғасырдан ғасырға өткен сайын көтерілгені, дамығаны байқалады. Мұндағы роман стилі ауыр қорған - дардай монументтігімен көзге түссе, готика ағымы биік сымбатымен, аспанға ұмтылған инедей үшкір мұнараларымен таңырқатады. Роман мен готика ағымындағы ғимараттарды салыстыра қарастырсақ, ерекше қасиеттерді көруге болады. Роман ағымында салынған сәулет ғимараттарында ауыр төбені ұстап тұру үшін терезелер аз жасалынған. Ал готикада терезелер өте үлкен, биік және жиі орналасқан. Кіре беріс есігінің маңдайша аркасы үшкірленіп бітетіндіктен, готика ғимараттары өте жеңіл, әдемі көрінеді. Готика соборлары үшкір, ұзыншақ болып келеді. Батыс Еуропада алғаш рет қондырғылы кескіндеме пайда болды жөне ол жер - жерге жылдам таралды. Готика әсері заманында әрбір зат, оның ішінде — киім, жиһаз, т. б. бейнелеу өнері салаларының енімдері өзіндік із қалдырды.
Готика өнері алғаш Францияда жаксы дамыды, бұл өнер түрі романдық өнерден кейін келді. Готикалық әсем өнер түрі Францияда өркендеп, сонда сақталған. Кейіннен ол басқа елдерге тарады және XVI ғасырға дейін созылды. Франциядағы ең көне және бүкіл әлемге әйгілі ғимарат — "Құдай ана" ғимараты. Ол XII ғасырда салынған. Орта ғасырларда Францияда 800 - ге жуық собор, жүздеген шіркеу, монастырьлар болды. Соның бірі — "Әулие Михаил тауы" атты ансамбльдік ғимараты. Бұл Нормандия жерінде тұрғызылған. Франция готикасы жолымен Германияда да салтанатты соборлар жаппай салынды, соның бірі — Страсбургтегі собор болды (1276). Флоренциядағы Әулие Мария дель Фьоре шіркеуі мен Милан соборы көзге түседі. Осы кезеңде мүсін, әр түрлі мадонналарды кескіндеу, діни ғимараттарды росписьтермен бедерлеу қолға алынды. Сол кезеңде осы өнер бағытының асқан шебері Джотто ди Бондоне (1266 - 1337) өмір сүрді. Ол бояулардың сан түрлі құбылмалы реңдерімен - ақ кескіндемелік шығарманы жандандыра түсті. Готика дәуірінде миниатюралык кескіңдеме дамып, ерекше белеске көтерілді. Бұрындары мұндай өнер түрімен тек діни сопылар айналыс - са, енді кейіннен нағыз суретшілер айналысатын болды. Миниатюра - мен кітап көркемдеуді әрдайым әкімет басшылары қолдап, қамқорлыкқа алып отырды, соның бірі — Франция герцогі Беррийски еді.
Испанияда Италиядағыдай гуманистик идеялар, алдымен ғалымдар мен ақындарда болды. Содан кейін бейнелеу өнерінде келіп жетті. Мүнда бостандық соғысы 8 ғасырға со зылды. Осындай күрделі күрестен соң испан үлты және оның өзіне тән қасиетті қалыптасты. Яғни беріктік батылдық, өктемшілдік және өз намысын қорғай біледі. Бұл қасиет 18 ғасырдан басталды. 16 - 17 ғасырлар арасында Испанияда өзгеше суретші жұмыс істеді. Оның негізгі есемі Доменико Теотокопули, бірақ ол ұлты грек, Крит аралында тұғанына байланысты Эль Греко деп аталып кеткен. (1541 - 1614). Кескіндемені ол өзінің елі Крит аралынан оқып келген, онда орта ғасырлар дәстүрлері сақталған еді. Сондан 15 ғасырдың 60 - жылдары Венецияға көшіп келеді. Испан кескендемесі мен оны терең эмоцианалдық, жан дуниенің көтерінкі болуы жақындатты. Оның бірнеше шығармасы дині тақырыпта жазылған. Соның бірі - "Петр мен Павел апостолдары" атты шығармасында, суретші шығармашылығына тән ерекшелікті көреміз. Онда өзінің өзгеше көркем жазу стилін көрсету мен қатар кейпкерлердің адамдық қасиети мен береді. Шығарманың сол жағында бейнеленген Петрдің мәңгілік өзіне - өзі сұрақ қоюмен келе жатқан адам екендігін суық түстер арқылы, оның қайғылы өнін корсете біледі. Ол өзінің барлық қатардағы мен, үстамді және өмірдің қызуына толы қалпымен анық көрінді.
Бұл суретшіге тән қасиет таңдап алған бояулармен шығармаға жан береді. Қолданған әдіс тәсілдері мен салыстырмалы түрдегі серпінді нүктелерідіни сюжеттер болды. Оның кескіндемесі монументтігімен ерекшеленеді. Суретшінің жоғары деңгейдігі алғашқы шығармаларының бірі - «Қасиетті Лаврентий» (1636). Бұл туындыда қасірет көрген қасиетті адам бейнесі берілген. Шығарма мазмүны аңыз бойынша жазылған, мүндағы Лаврентий халық батыры және шындық үшін күрескен бейнесінде көрсетілген.
Лаврентий тұлғасы үлкен көлемді монументті фигура және кейінгі жазған шығармаларының бірі, "Марияның жас шағы" - болашақ Құдай - ана кішкентай қыз бейнесінде көрсетілген шығарма. Мұнан суретшінің өз идиалында бейнені көруге болады.
ІV. Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар) Жаңа өтілген тақырып бойынша студент мен сұрақ жауап жүргізу.
VІ. Қорытындылау (білім бағалау).
Студенттердің теориялық білімдерін, өорғалған СӨЖ жұмыстарын бағалау.
VІІ. Үй тапсырмасы:
Білетін ақпараттарын жаңа мәліметтермен толықтыру. Берілген тақырыптар бойынша СӨЖ жұмыстарын қорғауға дайындалу.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қ. Болтабаев, Е. Қосбармақов, А. Еркебай., Өнер 2007
2. Акишев А. К. Искусство и мифология саков. Алма - Ата, Наука, 1985.
3. Акишев К. А., Байпаков К. М. Восросы археологического Казахстана. Алма – Ата, 1979.
4. Ибраев Б. А. Космогонические представления наших предков // Декоративное искусство СССР, 1980.
5. Древнее золото Казахстана. Сост. К. Акишев. Алма - Ата, Онер, 1983.
3 829
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Суретшілер қоғамының  жұмыстары
Суретшілер қоғамының жұмыстары
Дәрістің мақсаты. 1. Білімділік: Суретшілер қоғамының жұмыстары туралы түсінік беру. 2. Тәрбиелік: өз отанын, халқын шын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.
Италиядағы  жоғарғы  ренессанс. Микеланджело, Леонардо  да Винчи, Рафаэль Санти шығармашылығы
Италиядағы жоғарғы ренессанс. Микеланджело, Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти шығармашылығы
Дәрістің мақсаты. 1. Білімділік: Италиядағы жоғарғы ренессанс. Микеланджело, Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти шығармашылығы туралы түсінік беру.
Солтүстік Еуропа елдері. Орта Еуропа елдері. Нидерланд
Солтүстік Еуропа елдері. Орта Еуропа елдері. Нидерланд
Солтүстік Еуропа елдерінің басты ерекшеліктері, айырмашылықтары туралы білім беру.
Ресми іс қағаздар стилі
Ресми іс қағаздар стилі
«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смадиярова Мадина Нұржігітқызы
Шығыс Еуропа елдері
Шығыс Еуропа елдері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының география пәнінің мұғалімі Амантаева Гүлсім Омарқызы
Сәулет өнері 4 - сынып
Сәулет өнері 4 - сынып
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Бөрлі ауылы, М. Бегалиева атындағы жалпы білім беретін орта мектебі Байболова Сағадат Саржанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×