Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тетікбөлшек эскизі

03 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Сабақтың тақырыбы: Тетікбөлшек эскизі
Білімділік мақсаты: Баяндау арқылы эскиз туралы толық мағлұмат беру.
Тетікбөлшекке қарап эскиз салып үйрету. Білім деңгейлерін тереңдету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырып, графикалық сауаттылығын, шығармашылық ойлауын, қарапайым білігін дамыту, өз бетімен жұмыс жасауын ұйымдастыру.
Тәрбиелік мақсаты: сызба мәдениеттілігіне тәрбиелеу, адамгершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, еңбекке баулу, эстетикалық тәрбие беру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: тәжірибе
Қолданылатын әдіс: көрнекілік әдіс, баяндау, салыстыру, талдау, іздену.
Көрнекілік құралдар: интерактивтік тақта, көрнекілік бұйымдар, сызбалар, тетікбөлшектер, оқулықтар, миллиметровка, сызу аспаптары мен құралдары.
Пән аралық байланыс: сызба геометриясы, математика.
Сабақтың мазмұны
I. Ұйымдастыру бөлімі
1. 1. Оқушылармен амандасу.
1. 2. Оқушыларды түгелдеу
1. 3. Оқушылардың жұмыс құралдарын тексеріп, кезекші тағайындау
II. Үй тапсырмасын тексеру
2. 1 Графикалық жұмысты тексеру.
2. 2 Өткен материалды қайталау.
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
3. 1 Тетікбөлшек эскизі
IV. Тәжірибелік жұмыс
4. 1 Тетікбөлшек эскизін орындау.
V. Білімді бекіту
5. 1 Жаңа сабақты пысықтау (Сұрақ-жауап)
5. 2 Сызбада берілген көріністері бойынша жоқ көріністі тұрғызу.
VІ. Қорытындылау
6. 1 Оқушыларды бағалау.
6. 2 Үйге тапсырма

Сабақ барысы:
II. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен материалды қайталау.
Техникалық диктант. Сұрақтары:
1. Осьтік және центрлік сызықтарда қандай сызба сызығын қолданамыз?
2. Н жазықтығында алынған проекция?
3. Аксонометрияда осьтер тік бұрышты изометрияда қалай орналасады?
4. Фронталь проекция жазықтығы қандай осьтермен анықталады?
5. Нәрсені қиюшы жазықтықпен ойша қию арқылы алынған фигура?
6. Екі ұшында да бұрандалары бар, цилиндр тәрізді стержень қалай аталады?
7. Қима мен тіліктің айырмашылығы неде?
8. 6 жақты басты мен стержені бар бекіту детальі?
9. Бұранданың ішінде, ең көп тарағаны?
10. Стандартты бұрандалы бектіу тетікбөлшектерін ата?

Дұрыс жауабы:
1. Жіңішке нүктелі үзілме сызық
2. Горизонталь
3. 120 0 бұрышпен
4. OX; OZ
5. Қима
6. Шпилька
7. Кескінінде
8. Болт
9. Метрикалық
10. Болт, винт, шпилька, гайка.

III. Жаңа сабақ түсіндіру
Эскиз дегеніміз пропорцияны сақтай отырып көз мөлшерімен қолдан орындалатын жұмыс. Эскиз деп өндірісте тек бір ғана пайдалануға арналған конструкторлық құжатты айтады.
Эскизде нәрсені өзара перпендикуляр жазықтыққа тік бұрыштап проекциялау әдісімен кескіндейді, сызу аспаптары көмегінсіз салынады. Эскизде масштаб болмайды. Эскиз өмірде кең түрде пайдаланылады. Оны басқа пәндерде қолданады. Мысалы, физика, химия, геометрия пәндерінде лабораториялық құралдар және аспаптардың эскиздердің салуға тура келеді. Геометрияда есеп шығармас бұрын, есеп шартындағы геометриялық фигуралардың эскиздерін (техникалық сурет) салып алу керек.
Эскиздер жалпы техниканы меңгеруге әсерін тигізеді. Эскизді миллиметрлік қағазға, торкөз дәптер бетіне салу қолайлы. Сызықтар жұмсақ карандаштармен жүргізіледі. Тетікбөлшек эскизін мынандай кезеңдерге бөліп орындау тиімді.

Эскиз орындау реті:
1. Тетікбөлшектің пішінімен танысу.
2. Тетікбөлшек кескіндерінің жеткілікті санын анықтау
3. Эскиз салатын пішімді таңдау
4. Таңдап алынған пішімді эскиз салуға дайындау
5. Кескіндерді пішімге алдын ала орналастыру
6. Тетікбөлшектің көріністерін жіңішке сызықтармен салу
7. Тетікбөлшек кескіндерін салуды аяқтау
8. Шығару және өлшем сызықтарын жүргізу
9. Сызбаға түсірілетін тетікбөлшектің барлық өлшемдерін өлшеу аспаптары мен құралдарын пайдаланып анықтайды.
10. Тетікбөлшектің эскизін салуды аяқтау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 324
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарапайым және күрделі тіліктер
Қарапайым және күрделі тіліктер
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі сызу пәні оқытушысы Джайлибаева Жайнагул Абдигалиевна
Бұранданың түрлері және оны сызбада белгілеу
Бұранданың түрлері және оны сызбада белгілеу
Aқтөбе қаласы, Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технологиялар колледжі сызу пәні оқытушысы Джайлибаева Жайнагул Абдигалиевна
Эскиздеу (тілікпен)
Эскиздеу (тілікпен)
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі мұғалімі Джайлибаева Жайнагул Абдигалиевна
Қарапайым тілік орындау
Қарапайым тілік орындау
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі инженерлік графика, сызу пәні оқытушысы Куспанова Сауле Умбеткалиевна
Проекциялау
Проекциялау
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі инженерлік графика, сызу пәні оқытушысы Куспанова Сауле Умбеткалиевна
Металдар технологиясы
Металдар технологиясы
Сабақ мақсаты металдар туралы метал өңдеу құралдары туралы түсінік беру, металмен жұмыс жасауды үйрету, оқушыларды еңбекке баулу, еңбекке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×