Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарапайым және күрделі тіліктер

24 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Сурет және сызу
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым және күрделі тіліктер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: оқушылардың тілік туралы түсінігін қалыптыстыра отырып графикалық білімдерін толықтыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың жаңа тақырып арқылы ой - өрісін, білімін дамыту, ойлау қабілетін дамыту, теориядан сарамандылық жұмысқа икемдеу.
Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, ұқыптылыққа, еңбекке баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Қолданылатын әдіс: көрнекілік әдіс, баяндау, салыстыру, талдау.
Көрнекілік құралдар: интерактивтік тақта, көрнекілік бұйымдар, сызбалар, макет, оқулықтар, сызу аспаптары мен құралдары.
Пән аралық байланыс: техникалық механика, материалтану, математика
Сабақтың мазмұны
І. Ұйымдастыру бөлімі (2мин)
1. 1. Оқушылармен амандасу.
1. 2. Оқушыларды түгелдеу және журнал толтыру
1. 3. Оқушылардың жұмыс құралдарын тексеріп, кезекті тағайындау.
1. 4. Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.\
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (20мин)

2. 1. Тілік туралы түсінік
Бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған заттың (тетікбөлшектің) кескінін тілік деп айтады. Затты ойымызша қиғанымыз тек қана осы тілікке қатысты, бұл заттың басқа кескіндерін өзгертпейді. Тілікте қиюшы жазықтықтың өзінде (қима фигурасы) және оның ар жағында жатқан нәрселер кескінделіп көрсетіледі. Егер де заттың құрылымын түсінуге, қиюшы жазықтықтық ар жағында жатқан кескіндінің барлығын көрсетудің қажеті жоқ болса, оларды көрсетпеуге болады. Заттың (тетікбөлшектің) қиюшы жазықтықта жатқан бөлігі (қимасы) тілікте шартты түрде штрихталып көрсетіледі. Тіліктерде материалдардың графикалық белгіленуін әр түрлі МЕСТ 2. 306 - 68 бойынша алады. Қиюшы жазықтықтың орны сызбада қима сызығымен белгіленеді, жуан үзік сызықпен көрсетіледі. Қиюшы жазықтықтар өзара қиылысқан жерлерін жуан үзік сызықпен көрсетеді. Нұсқалар қима сызығының сыртқы шетінен 2 - 3мм орналасулары ти орналасулары тиіс.
Қима сызықтың бас жағында және аяқ жағында, ал егер керек болса – бұрылу белгілерінде, орыс алфавитінің бас әріпінің біреуін қайталап жазады. Әріптерді нұсқалардың жанынан және бұрылу белгілерінің сыртқы бұрышы жағынан жазады. Тіліктің жоғарғы жағына бұл әріптер сызықша арқылы жазылып, төменгі жағынан жіңішке сызық сызылады; мысалы А - А.
Қиюшы жазықтықтың санына қарай тілік екі топқа бөлінеді:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 090
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қарапайым тіліктер. Сызудан қосымша практикалық сабақ жоспарлары
Қарапайым тіліктер. Сызудан қосымша практикалық сабақ жоспарлары
Қиюшы жазықтықтың санына қарай тілік қарапайым және күрделі болып екі топқа бөлінеді. Тек бір қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті қарапайым тілік деп атайды.
Бұранданың түрлері және оны сызбада белгілеу
Бұранданың түрлері және оны сызбада белгілеу
Aқтөбе қаласы, Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технологиялар колледжі сызу пәні оқытушысы Джайлибаева Жайнагул Абдигалиевна
Эскиздеу (тілікпен)
Эскиздеу (тілікпен)
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі мұғалімі Джайлибаева Жайнагул Абдигалиевна
Қарапайым тілік орындау
Қарапайым тілік орындау
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі инженерлік графика, сызу пәні оқытушысы Куспанова Сауле Умбеткалиевна
Тетікбөлшек эскизі
Тетікбөлшек эскизі
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі инженерлік графика, сызу пәні оқытушысы Куспанова Сауле Умбеткалиевна
Проекциялау
Проекциялау
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі инженерлік графика, сызу пәні оқытушысы Куспанова Сауле Умбеткалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×