Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бұранданың түрлері және оны сызбада белгілеу

24 қараша 2013, Жексенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Сабақтың тақырыбы: Бұранданың түрлері және оны сызбада белгілеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін қайталап қорытындылап бекіту, бұранданың түрлерін және оны сызбада белгілеуін көрсету
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту пән бойынша алған білімін қолдана отырып тез шешім қабылдауға бейімдеу
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың сабаққа пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: аралас
Қолданылатын әдіс: дифференциалдық әдіс
Көрнекілік құралдар: плакат, көрнекілік бұйымдар, карточкалар, оқулықтар
Пән аралық байланыс: математика
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру бөлімі (3мин)
1. 1. Оқушылармен амандасу
1. 2. Оқушыларды түгендеу және журнал толтыру
1. 3. Оқушылардың жұмыс құралдарын тексеріп, кезекті тағайындау
1. 4. Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (10мин)
Өткенге шолу
2. 3. Сұраққа жауап беру
Сұрақтар:
1. МЕСТ бойынша қанша негізгі көріністер бар?
2. Ось бойынша өлшеу?
3. Қарапайым тілік дегеніміз не?
4. Қиымша дегеніміз не?
5. Изометрия осьтері қалай орналасқан?
6. Алдыңғы көріністе орындалған тілік?
7. Сызу аспаптарының көмегінсіз салынған сызба?
8. Қималардың түрлерін ата?
9. Тіліктер қалай бөлінеді?
2. 1. Тақтаға тілік орындау(2 оқушы)
2. 2. Зертхана жұмысы( барлығы )
Әр оқушыға аяқталмаған сызу таратылып беріледі. Оқушылар парақтағы жұмысты аяқтап беруі керек.
2. 4. Алтын сақа ойыны
Бұл ойында топтың оқушылары бір - бірден кезек - кезек ортаға шығып үстел үстінде сан жазылған плакаттың үстіне асық иіреді.
Қай санға түседі сол сан мен белгіленген пішімді алып сызылған сызбаны түсіндіру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
3. 1. Бұранданың түрлері
3. 2. Бұранданың тексеруі
3. 3. Бұранданың белгіленуі
Бұранда мен біздер жие кездесеміз. Қарапайым қаламның стержнін ауыстыру үшін біздер басын бұрап аламыз. Жазық фигураны винттік қозғанда шығатын денені бұранда деп атаймыз.
Бұрандалының түрлері
Профиль бойынша: метрикалық, трапециялық тікбұрыштық
Орналасуы бойынша: сыртқы, ішкі
Пайдалану қажеттілігіне қарай: жүрістік, бекіту
Пішімі бойынша: цилиндірлік, конустық
Кіріс саны бойынша: бір кірісті, көп кірісті
Винттік сызықтар бойынша: солақай, оңқай болып бөлінеді

1. Бір немесе бірнеше латын әрпі - бұранданың түрін анықтайды
2. Бұранданың миллиметрмен есептелген номинал диаметрін көрсететін сан.
3. Бұранданың кіру саны, егер бұранда бір кірмелі болса, онда бұл сан көрсетілмейді.
4. Бұранда адымының сан мәні, ірі адым көрсетілмейді.
5. Бұранда солай болса, онда LH әріптері жазылады, ал бұранда оңқай болса, онда ешқандай жазу болмайды.
M - метрикалық
Tr - трапециялық
G - құбырлық
K - конустық
S - тіректік
R - цилиндрлік

Мысалы: М20х І LH номинал диаметрі 20мм адымы 1мм солақай ұсақ адымды метрикалы бұранда.
М16х2 номинал диаметрі 16мм оңқай метрикалық ірі адымды бұранда.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
4. 1. Кесте толтыру
4. 2. Сұраққа жауап беру
Бұранда дегеніміз не?
Бұранданың түрлері қандай?
Коснутық бұранда қалай белгіленеді?
Бұранданың адындары қалай бөлінеді?
4. 3. Диктант
MK 8 x 0, 75 M 24x2ILH
Tr 36x3 S100x12
4. 4. Семантикалық карта
1. Құбырлық бұранда ----------- Tr 32 x 6 0LH
2. Тіректік бұранда --------------- S 16 x 2
3. Метрикалық бұранда -------- G1/2
4. Метрикалық конус ------------ M 24x 0, 75
5. Трапецмялық ------------------- KM 40x3 LH

V. Қорытындылау
5. 1. Оқушыларды бағалау
5. 2. Үй тапсырмасы: И. С. Вышнеполный <<Техникалық сызу>> кітабының №57 оқып келу, А3 пішіміне негізгі сызба орындап келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 357
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қосымша және жергілікті көріністер (сызудан күнделікті сабақ жоспары)
Қосымша және жергілікті көріністер (сызудан күнделікті сабақ жоспары)
Қосымша және жергілікті көріністер шығарып алуға, сызбада көріністерді орналастыруға үйрету, дағдыландыру.
Қарапайым және күрделі тіліктер
Қарапайым және күрделі тіліктер
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі сызу пәні оқытушысы Джайлибаева Жайнагул Абдигалиевна
Эскиздеу (тілікпен)
Эскиздеу (тілікпен)
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі мұғалімі Джайлибаева Жайнагул Абдигалиевна
Қарапайым тілік орындау
Қарапайым тілік орындау
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі инженерлік графика, сызу пәні оқытушысы Куспанова Сауле Умбеткалиевна
Тетікбөлшек эскизі
Тетікбөлшек эскизі
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі инженерлік графика, сызу пәні оқытушысы Куспанова Сауле Умбеткалиевна
Проекциялау
Проекциялау
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі инженерлік графика, сызу пәні оқытушысы Куспанова Сауле Умбеткалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×