Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жапсырмалау

10 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Бейнелеу өнерінен түзете - дамыта оқыту сыныбында өткізілген сабақ жоспары.
Сабақ тақырыбы: Жапсырмалау
Мақсаты: Оқушыларға суретке қарап бейнелеудің әр түрлі техникасын меңгеруде өзіндік көзқарас қалыптастыра отырып, түрлі түсті қағаздармен қиыстыра жапсырмалауды үйрету.
Білімділігі: Оқушылардың ойларын дұрыс суретпен, ойымен де сөйлеу арқылы жеткізе білуге үйрету
Дамытушылық: Түстер қатынасы, түс гаммасын дұрыс ажырата білу. Түстік ретімен жапсырмалауға үйрету.
Оқушылардың ойларын дұрыс суретпен ойымен де сөйлеу арқылы жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелігі: Оқушының шығармашылық ізденісін арттыру, қоршаған ортаға, табиғатты аялауға, халықты педагогикамен байланыстыра тәрбиелеу.
Түзеу: Оқушылардың ұсақ моторикасын дамыту
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: Біріктірілген.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы.
Көрнекілігі: Мультимедия дизайн, плакаттар.
Пән аралық байланыс: Биология, қоршаған орта, тарих, еңбек.

Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру: 2. Сергіту сәті: «Шаттық шеңбері»
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.!
3. Үй тапсырмасын бекіту.
А) Сурет салу технологиясының түрі: графика, кескіндеме
Б) Түстер қосындысы
Қандай түстерді білесіздер?
Түстер неше түрге бөлінеді? Қандай болып? Жылы және суық түстер
Түстерді қосу арқылы қосымша түстер шығару

Жаңа сабақ.
Бүгінгі тақырыбымыз «Жапсырмалау». Биылғы жылымыз қандай жыл? (Жылан жылы) Жыланның өзі қандай жәндік? Қандай пайдасы мен зиянды жақтарын білесіздер? Ал түсі суық болғанымен біздің суреттейтін жыланымыздың түсі қандай?(жылы) Біздің суреттейтін жыланымыз мейірлі, шаттығын молынан әкелетін 2013 Жылан жылының символы. Сурет салумен қатар еңбектен де түрлі нәрселер жасаймыз.
I оқушы Акварель бояғымен
II оқушы Гуаш бояуымен
III оқушы Жапсырмалау әдісімен жұмыс жасайды.
IV оқушы Дизайн, қол өнері

Сергіту сәті: «Кім жылдам»
Тақтада оқушылар жарыса жыланның бейнесін бейнелеу.
«Кім тапқыр» Аппликация құрау
«Қол еңбегі»
Оқушылар істеген нәрселерін тақтаға алып шығып түсіндіру
1. Ермексаз жыланның бейнесін жасау жолын көрсетеді
2. Жіпті өру арқылы жылан жасау
3. Қағазды бүктемелеу арқылы.
Миға шабуыл «Түс жасыру»
Оқушыларға түстерді жасыру арқылы түс табу.
Қорытындылау: Балалар бүгін біз түстерді ажырата білдік, түрпі нәрселер жасай білдік. Бұл сабақтан не үйрендіңіздер? Өмірлеріңізге қажетті қандай нәрсе алдыңыздар. Несімен ұнады Insert бағдарламасы бойынша жарнама толтыру.
Бағалау: Түстер арқылы: 5 - қызыл түс, 4 - сары түс.
Үйге тапсырма: Әр түрлі нәрселерден жыланның бейнесін жасап келу
7 478
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Үйірма. Сиқырлы бояулар
Үйірма. Сиқырлы бояулар
«Жас суретші» үйірмесі эмоциялық - бейнелі, көркемдік ойлау түрін қалыптастыруға бағытталып тұлғаның рухани қызметі қалыптасуының шарты болып табылады. Пәнді тереңірек танып білуге бағытталады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытады.
Шөптегі шық қандай болады
Шөптегі шық қандай болады
Көктем туралы ұғымдарын кеңейту, шығармашылық жұмысқа жетелей отырып, көркем сөйлей білуге үйрету.
Көгалдағы балапан
Көгалдағы балапан
Балаларға жапсырмалау туралы түсінік беру және жапсырмалар жасап үйрету, балалардың қол моторикасын, қиялын дамыту. «Көгалдағы балапан» жапсырып үйрету, жырту әдісін қолдана білуге үйрету. Сюжеттік композиция құра білуге үйрету.
Жапсырмалау
Жапсырмалау
Зырян қаласының № 9 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Серғазина Ақерке Алтайқызы
Табиғат көрінісін бейнелеу
Табиғат көрінісін бейнелеу
Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Бирманов Нуржан Аманкелдиулы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×