Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тазалықты сүйеміз (ертеңгілік жоспары)

12 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Тазалықты сүйеміз» ертеңгілік жоспары.
Мақсаты: Балалардың тазалық, саулық туралы ұғымдарын кеңейту. Тазалықтың пайдасын ұқтыру.
Оларды жинақылыққа, ұқыптылыққа үйрету.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Тазалықты сүйеміз
І – бастаушы:
Құрметті оқушылар, ұстаздар!
ІІ – бастаушы:
«Тазалықты сүйеміз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз!
Жүргізуші:
Оқушы балалар,
Талабын ел бағалар.
Тәртіпті де талантты,
Жақсы оқиды сабақта.
Дос бола да біледі,
Тап – таза боп жүреді.
Бар өнерді үйретер,
Ол – кезекті кезекші.
Кезекші:
Қайырлы таң, балалар! Әзірлен! Шашыңды тез тарап ал.
Тексеремін қазір мен!

Оқушыны тексеріп жатты:
Таза екен құлағың,
Таза екен жағаң да.
Алыныпты тырнағың,
Қандай жақсы қарауға.
Оқушыны қабылдап:
Ал, қане, сен қалайсың?
Ұялма жүр бері.
Ұқыптысың, жарайсың.
Достым сенің құлағың,
Толып қапты құлыққа.
Ұят екен мынауың,
Жуын кешке, ұмытпа!
Жүр, жүр бері именбе,
Үстің тегіс аман ба?
Үзіліпті түймең де,
Кірлеп қапты жағаң да.
Масқара ғой бұл енді,
Жуып ал жағаңды.
Қадасаңшы түймеңді,
Білмейсің бе қадауды?!
Сахнаға жүгіріп бір бала шығып:
Анаң қара! Анаң қара!
Анау бала қолын қара.
Кір, қожалақ, қап – қара!
Тырнақ өскен, шашы көптен,
Алынбапты – ау, масқара!
Екінші бала шығып:
Оған қатты қайғырмаңдар,
Біз келдік оған көмекке,
Тазалық біздің ұран ғой.
Ертемен күнде сен,
Қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір-ласың,
Тап – таза боласың.
Бұл не? (сабын)

Иілсең иіліп,
Түйілсең түйіліп.
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне.
Бұл не? (Айна)

Шомылған баланы,
Аймалап алады,
Сипайды қолын да,
Сипайды жанын да.
Бұл не? (сүлгі)
Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басқамен ісі бар.
Бұл не? (тарақ)
ІІ жүргізуші:
Жарайсыңдар, рахмет!
Тапқыр балалар екен деп,
Жұмбақтарым дән риза!
ІІІ жүргізуші:
Шаң ласпен достаспайтын,
Тазалықпен қоштаспайтын.
Аппақ, аппақ балалар сөйлесін.
Аппақ көйлек киемін,
Аппақ болып жүремін.
Аппақ болып жүргенді,
Өзім жақсы көремін.
Таза сумен сүртеді,
Болсын деп таза сыныбы.
Таза сынып, таза ауа,
Тазалықтың дауасы.
Сынып іші айнадай,
Шаң мен тозаң ұшпайды.
Үзілісте ойнаймыз,
Кіршіксіз ғып ұстаймыз.
Қарсы ал ерте күн көзің,
Төсегіңді жина өзің.
Саусағыңды сормағын,
Салдыр салақ болмағын.
Әдеп қыл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
Қарағанда айнаға,
Ұқыпты болсын киімің.
Жүргізуші:
Ал әңгімеге кім шебер,
Енді соны тыңдайық!
Айтам десе кім егер,
Алға шығып айтайық.
Садық пен Сабыр әңгімесі.
/рольде ойналады/ шешіледі/.
Сұрақ: Қай балаға ұқсағыларың келеді?
Қорытындылау:
М. Дулатов атамыз денсаулық туралы қандай ақыл кеңес айтқан?
Құлағыңның ішін, сыртын таза ұста.
Мұрныңды әрдайым таза ұста.
Жүрген жеріңді шаңдатпай жүр, әсіресе үйдің ішінде, мектепте шаң көтеруші болма.
Мектепте еденге қақырма, түкірме.
Жұмасына бір рет жылы суға шомыл.
Таза ауада ойна, жүр. Мұның бәрі деннің саулығын сақтау үшін қажет.
ХОР
Балдырған әні
Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз балалар барлығымыз.
Қайырмасы:
Өмір тым жайдары,
Қызықтың қайнары,
Бақшамыз жайнады.

Біз отанның балдырған ұлдарымыз,
Әдептілік тазалық – ұранымыз.

«Тазалықты сүйеміз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
Алдарыңызда дені – сау, жаны таза, адамның көкейінде ән тұрар.
Ән айтуға кім шебер,
Оны да енді байқайық.
Айтам десе егер кім,
Алға шығып айтайық.

Би билеуге кім шебер,
Бишіні де көрейік.
Билеймін десе егер кім,
Соған кезек берейік...
Оқыту процесінде көрнекі және техникалық құралдарды түрлендіре пайдаланып, жаңа тақырыпты әрбір оқушының зейін қоя тыңдап, жан – жақты ұғынуына, саналы да, сапалы білім алуына құрылған бір сабағына толық тоқталып өтейік.
12 026
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Суды жақсы көремін, таза болып жүремін
Суды жақсы көремін, таза болып жүремін
Сөздік қорларын дамыту, «с» дыбысын нақты созылыңқы айтуға үйрету. Дұрыс дыбыстауға тәрбиелеу. Тазалыққа тәрбиелеп, сөздік қорларын байыту.
Балабақшаның 1 жылдық туған кешіне арналған концерттік бағдарлама!
Балабақшаның 1 жылдық туған кешіне арналған концерттік бағдарлама!
Бір жыл толып қалыпты міне бүгін, Жаста болса шыңға шығар бір белес. Өзіңнен тәрбие алған бүлдіршіндер, Өркениетті еліне қосар үлес!
Тазалық достары. Әдемі сүлгі (қарындашпен өрнек салу)
Тазалық достары. Әдемі сүлгі (қарындашпен өрнек салу)
Сөйлеудің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру және дыбыс аппаратын дамыту, суретке деген қызығушылығын ояту
Тазалық - денсаулық  кепілі
Тазалық - денсаулық кепілі
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті, №19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейтова Айгерім
Тазалықтың досы
Тазалықтың досы
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Тәні саудың, жаны сау (тәрбие сағаты)
Тәні саудың, жаны сау (тәрбие сағаты)
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна Сабақтың тақырыбы: Тәні саудың, жаны сау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×