Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстаз аты - биік әрі мәңгілік

03 желтоқсан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Сыныбы: 6
Тақырыбы: Ұстаз аты - биік әрі мәңгілік
Мақсаты: Оқушыларды ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, сыйлай білуге, үлгі тұта білуге үйрету, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: ашық тәрбие сағаты
Көрнекіліктер: тақырып жазылған плакат, ұстаздар туралы қанатты сөздер, презентация, шарлар, ашық хаттар.

Барысы:
Мұғалім:«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» — дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл - қыздары сіздердің білімдеріңіз бен біліктеріңізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздердің үлестеріңіз орасан мол. Төл мерекелеріңіз құтты болсын дей отырып, білім саласында қажымай еңбек етіп, тер төккен аяулы да, абыройлы ұстаздарымыздың көңілдерін бір сәтте болса көтеріп, қуантайық деген ізгі ниетпен мектебіміздің оқушылары дайындаған «Ұстаз аты - биік әрі мәңгілік» атты ашық тәрбие сағатымызды көріп тамашалаңыздар.

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті де аяулы ұстаздар!
Ұстаз деген - жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген - анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.

2 - жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иелік мәңгілік!

1 - жүргізуші: Мұғалімнен өнеге - білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған, кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны», «Бала жанашыры». Иә, бұл мектеп мұғалімі - ұстазға арналған теңеулер, бұл тізбектің шегі барма екен десеңізші. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, өздеріңізге арналған даналық сөздері тұтас бір кітапқа айналары сөзсіз. Ардақты ұстаздар қауымы, мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіптеріңізге сәттілік тілейміз.
Сен қалай ойлайсың, Шакизат? Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Өйткені, ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы қажет. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

2 - жүргізуші: Иә, Жаһангер, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - жүректің батырлығы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы,- деп ақын Ғафу Қайырбаев ағамыз жырлағандай, біздің мектебіміздің сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі - ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу - бұл нағыз шеберлік емес пе?!
«Ұстазым менің» әні. Орындайтын Сембі Раушан

1 - жүргізуші: Ұстаздар қандай ғажап халықсыздар,
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар!
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар!
(Монтаж)

Әсел: Болса менің кішкене бір табысым,
Қорғағаным ұстазымның намысын.
Ұстазымша білсем деймін өмірді,
Ұстазымша болса деймін әр ісім.

Айнұр: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.

Мақсат: Ұстазыңды түсінгін сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Арай: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы.
Дінмұхаммед: Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.

Айжан: Білім беріп, көзді ашқан,
Ақылшым, досым, ұстазым.
Мейіріңнен сен асқан,
Адалдық жолын нұсқадың.
Тәрбиелеп, мәпелеп,
Өрлеткен өмір шыңына.
Жөн сілтеп, өзің жетелеп,
Ғылымның жаңа тыңына.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
26 650
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаздық еткен жалықпас
Ұстаздық еткен жалықпас
Қызылорда аграрлық техникалық колледжі Топ жетекшісі: Айтпенбетова Г. Ж.
Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік
Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік
«Ұстаз – аты биік, әрі мәңгілік» мерекелік іс шараға арналған сценарийі
Ұстаз - мектептің жүрегі
Ұстаз - мектептің жүрегі
Сабақтың мақсаты: Ұстаздар күнінде оқушыларға ұстаздықтың қиын да қажырлы еңбек екенін білдіріп, ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, еңбектерін бағалауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ұстаз болу - жүректің батырлығы
Ұстаз болу - жүректің батырлығы
Атырау қаласы, Тасқала селосы, Т. Амандосов атындағы орта мектеп Жаулыбаева Оралхан
Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!
Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жанзақова Рахия
Ұстазым, ұлағатым үлгі -өнегем!
Ұстазым, ұлағатым үлгі -өнегем!
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Омар Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебінің мұғалімі Шепенова Ләззат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×