Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балаға жылулық сыйла

30 мам 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Балаға жылулық сыйла»
Мақсаты:Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- мейірімділіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
- мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Әңгімелесу
- Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
- Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімде болдыңдар?

Мәтінмен жұмыс «Сары тауық пен балапандары» М.Төрежанов

Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.
Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді.Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.
- Оны неге шығармайсыз?- деп сұрады бір ақ балапан.
- Ол тым жас.
- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.
- Сырқаттанып қалады.Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе ?Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.
- Мен,-деді тұңғышы.
- Мен барайын?-деді оған тетелесі.
- Кезекті маған беріңіз!-деді одан кішісі.
- Мен қалам ба сонда?-деді алғашқы қарсылық білдірген балапан.
- Қатесін түсінген сенің барғаның жөн!- деді сары тауық балапанда тысқа қарай ысырып.
- Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.
Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.

Пікірлесу
- Сары тауық өз балпандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
- Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
- «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

Ойын «Мейірімді жүрек»
Шарты: Балара үлкен шеңбер құрып отырады.Ойын бастаушы жүрекшені ұстап тұрып:
«Балардың мейірбандық жүрегі,
Адамдарға бақыт, шаттық тіледі», - деп айтады.
Басқа балалар да осы өлең жолдарын қайталап, қасындағы көршісіне оның жақсы қасиеттерін білідіретін жылы сөздер айтады.( Сен мейірімдісің! Сен кішіпейілсің! Сен әдемісің! Сен қайырымдысың!)

Жаңа ақпарат
«Мейірімділік» ― адамдар бір-бріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алу.

Тапсырма
«Мейірімділік» кестесін құру

Мейірімді істер Мейірімді адамның қасиеттері

Қорытындылау, жүректен-жүрекке
- Күлімдеген күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Таза мөлдір су мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Тату-тәтті достарым мейірімді!
14 599
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көгалдағы балапан
Көгалдағы балапан
Балаларға жапсырмалау туралы түсінік беру және жапсырмалар жасап үйрету, балалардың қол моторикасын, қиялын дамыту. «Үлпілдек жүнді балапан» жапсырып үйрету. Сюжеттік композиция құра білуге үйрету.
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімділік – асыл қасиет
Қамқорлық жасауға жетелеу, мейірімділікке тәрбиелеу.
Үй құстары
Үй құстары
Балалардың үй құстары туралы білімдерін кеңейту, тауық оның пайдасы туралы түсініктерін молайту. Балаларға осы түсініктерді бере отырып, ақыл – ойларын дамыту, байланыстыра сөйлей білуге үйрету.
Үй құстары (тауық, балапан)
Үй құстары (тауық, балапан)
Балаларға тауық пен балапанмен таныстыру. Үй құстарының тіршілігі туралы түсінік беру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. Тілдерін дамыту.
Тауық балапандарымен
Тауық балапандарымен
Ақтобе облысы, Шалқар қаласы, №12 балабақшасының тәрбиеші: Мадиярова К. Ә.
Үйрек балапанының мүсіні
Үйрек балапанының мүсіні
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×