Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй құстары (тауық, балапан)

26 ақпан 2017, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Үй құстары (тауық, балапан)

Білім беру саласы: “Таным”
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Үй құстары.(тауық, балапан)
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға тауық пен балапанмен таныстыру. Үй құстарының тіршілігі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. Тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Үй құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, әңгімелесу, ойын.
Оқу қызметінің түрі: Аралас
Қажетті көрнекіліктер мен құралдар: үй құстарының суреттері тауық, әтеш, балапан жұмыртқаның суреті.
Сөздік жұмыс: Тауық, балапан.

Билингвалдық компоненті: Тауық – курица, балапан - цыпленок.
Пән аралық байланыс: Сөйлеуді дамыту
Қолданылатын технология: Ойын технологиясы, ақпараттық технология
Таңғажайып сәт: Тауық

Танымды оятушылық
І. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері.
Шеңбер болып тұрайық
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын алайық
Таза ауаны жұтайық
Жүрекке жылу салайық.
Балалар шаттық шеңберге тұрып қимылмен орындайды.

ІІ. Өткенді қайталау
 Өткенде біз қандай аңдармен таныстық?
 Аю, Қоян мен таныстық.
 Қоянның құлақтары қандай екен?
 Қоянның құлағы ұзын.
 Аюдың құлағы қандай екен?
 Кішкентай.
 Қоянның сүйікті асы не?
 Сәбіз.
 Аюдың сүйікті асы не?
 Бал.
 Қоян қалай жүреді? Кім көрсетеді?
 Аю қалай жүреді? Кім көрсетеді?
 Балалар қимылмен көрсетеді.

Ұйымдастыру - іздестіру
III. Жаңа сабақ
1. Кіріспе
Есік қағылып топқа тауық ұстаған Сара апа кіреді.
 Салеметсіндер ме, балалар!
 Балалар амандасады.
 Балалар мен сендерге өзімнің күтіп баптап өсірген тауығымды және жұмыртқалар алып келдім.
 Балалар тауыққа назарларын аударады.

2. Негізгі бөлім
 Балалар, міне мынау тауық, тауықты сипап көрейік жүні майда, айдары бар, тұмсығын, қанатын созып көрейік, ол қанатының астына балапандарын алып қорғайды. Аяғында тырнағы бар екен. Онымен жер тырналап, балапандарына жем тауып береді. Тауықтың баласын балапан дейміз.

VI. Сөздік жұмыс: Тауық, балапан
Билингвалдық компоненті: Тауық – курица, балапан - цыпленок,
Видео жазба көрсету.
 Балалар, тақтаға қарайықшы не көріп тұрсыңдар?
 Тауықтар, балапандар т. б.
 Тауық не істеп жүр

V. Сергіту сәті:
«Шеп - шеп» шөжелерім (бейне таспа арқылы)
Балалар қимылдармен жасайды.
- Балалар, үй құстарының адамға пайдасы өте көп. Олардың жұмыртқасы мен еті - тамақ.
- Тауықтың баласын не деп атайды екенбіз?
- Балапан.
- Балапанның түсі қандай?
- Сары (суретке қарап атайды)
- Тауықтарға жем, су береміз.
Тауықтар бидайды жақсы көреді.

VI. Дидактикалық ойын:
«Жартысын тап»
Мақсаты: Балалардың қызығушылықтарын арттыру.
Шарты: Балалар сурет жартысын тауып оларды орналастыра білуді үйрету. (үлгіге қарап)

VIII. Оқу қызметін бекіту
- Тауық қалай дыбыстайды?
- Балалар тауықтың дауысын салады.
- Қыт - қыт.
Оқу қызметін қорытындылау.
 Балалар, бүгін біз қандай үй құсымен таныстық?
 Тауықпен балапанмен.
 Тауықтың баласын не деп атайды екенбіз?
 Балапан.
 Балапаның түсі қандай екен?
 Сары.
 Тауық қалай дыбыстайды екен?
 Қыт - қыт.
Балалар білімін бағалау мақтап – мадақтау:
Сара апа: - Балалар, сендер менің тауығым жайлы барлығын біледі екенсіңдер. Сендер тауыққа күтім жасау туралы біледі екенсіңдер сендерге менің сыйлығым ретінде мына жұмыртқаларды сыйлаймын.

Үйге тапсырма:
Балалар, үйлерінде мына суретті ата - аналарының көмегімен бояп келіндер.
Қане енді орнымыздан тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: үй құстары тауық және балапан туралы, тіршілігі жайлы біледі.
Игерді: тауықтың адамдарға тигізетін пайдасы туралы түсінікті игереді.
Меңгерді: үй құстары және олардың пайдасы туралы білімді меңгереді.
6 181
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көгалдағы балапан
Көгалдағы балапан
Балаларды коллаж жанрымен таныстыруды жалғастыру үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту.
Үй құстары
Үй құстары
Балалардың үй құстары туралы білімдерін кеңейту, тауық оның пайдасы туралы түсініктерін молайту. Балаларға осы түсініктерді бере отырып, ақыл – ойларын дамыту, байланыстыра сөйлей білуге үйрету.
Тауық пен балапан
Тауық пен балапан
Жеке бөлшектерді біріктіре отырып, тауықтың балапанын мүсіндеуді үйрету; қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамдарын және тілдерін дамыту
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарына жем береміз
Балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу. Үй құстарының пайдасы туралы түсінік беру.
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарының пайдасы туралы түсінік беру
Үй құстары
Үй құстары
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп МАД Сүлейменова Ақбота Маукенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×