Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аққан жұлдыз (әдеби – танымдық кеш)

31 наурыз 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Аққан жұлдыз» атты әдеби – танымдық кеш (презентациясымен)
Мақсаты: Шоқан Уәлихановтың қысқа да саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беру, елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан ету, үлгі ету.
Міндеттері: Ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың өмір тарихын, өзінің қысқа өміріндегі шығармашылығы мен саяхаттары, зерттеулерімен таныстыру. Шоқан шығармашылығын тану.
Дамытушылық: Оқушылардың іздену дағдысына сүйене отырып, олардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіре түсу, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау, ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Шоқанды тану арқылы ұлттық сана мен патриотизмге, рухани білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Әдеби – танымдық кеш
Сабақтың әдісі: баяндау, әдеби монтаж, сахналық көрініс.
Сабақтың көрнекілігі: «Шоқан саяхаттары» карта - сызба, Ұлы ғалым туралы жазылған ой - пікірлер.
Тәрбие шарасының нәтижесі:
- 8 сыныпта оқылатын «Қазақтың ғұлама ғалымы Шоқан Уәлиханов» тақырыбы негізінде қазақ халқының мәдени мұрасы мен ұлттық болмысын тану;
- Қазақ халқының өткенін танымай, ол өнерден нәр алмай, ХХІ ғасырға көз тігу мүмкін емес, Шоқан Уәлихановтың өмірімен, қызметімен танысу арқылы, Шоқан Уәлихановтың ұлтын, елінің тарихын, салт - санасын сүйген азамат екендігін танып біледі.
Мұғалім сөзі:
Аққан жұлдыз атаныпсың,
Жан бабам!
Ғасырлардан ғасырларға самғаған.
Сорғалапсың қараңғыда тұңғиық,
Тамғандай - ақ ғарыштағы таңбадан.
Асыл бабам,
Аққан жұлдыз атанған,
Аққан жұлдыз,
Лапылдағын от - арман,
Аққан жұлдыз,
Ағып өткен найзағай,
Саналардың сағыныш тауын қопарған, - деп
ақын Еркеш Ибраһим жырлағандай халқымыздың ойшылы, ұлттық мақтанышымыз Шоқан Уәлихановтың қысқа да саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беріп, елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан, үлгі ету мақсатында ұсынылып отырған «АҚҚАН ЖҰЛДЫЗ» атты әдеби – танымдық кешке қош келдіңіздер!

І бөлім «Тектіден текті туар қайталанбас»
1 - оқушы: Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал - айласы мол Орта жүз ханы болған. Осындай отбасында тәрбие алған Шоқан да жасынан білімге құштар болған.
Шыңғыс сұлтан мен Зейнептің тұңғыштарына мұсылманша Мұхаммед - қанапия есемі беріледі. Анасы баланы Шоқан атаған, осы жалған ат дүйім жұртқа әйгілі болып, шын атқа айналып кетті.

2 - оқушы: Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында, туған елі Көкшетауда өткен. Шоқан әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған.
Арқада жер жетпейді Бурабайға,
Бөленген бұйра сыпсаң қарағайға.
Кербез сұлу Көкшетау Арқадағы,
Ертеде қоныс болған Абылайға.
Шоқанның ата - бабаларына қоныс болған жер Көкшетау елі.

Ән: Көкшетау
3 - оқушы: «Шоқанның балалық шағы»
1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой - пікірлі адамдар көп болған.
Кадет корпусында Шоқан өзінің зеректігімен ерекшеленген. Тілді тез меңгеріп, өзі қатарлас оқушылардан озық оқыған. "Корпуста ой - өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Оған талайлар - ақ, назар аударды. Ол сондай қабілетті еді, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да білім, идея жағынан басып озды" – деп жазды бірге оқыған досы, этнограф - ғалым Т. Н. Потанин.
Шоқанның біліміне мұғалімдері мен құрбылары ерекше қызыққан, сол кездің алдыңғы қатарлы ой - пікірлерімен таныстығын жолдастарының көбі үлгі тұтып, мойындаған. Шоқан олардың Еуропа мәдениетіне бет бұруына себепші болған. "Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік, өзінің бізден артық білетіндігін не біздерден білімі жағынан жоғарлылығын білдіруге тырыспаса да, жай әңгіменің өзінде - ақ, оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз "Еуропаға ашқан терезе" сықылды болды", – деп жазады Г. И. Потанин. Мұның өзі Шоқанның жолдастары арасында беделі ерекше зор болып, оның биік тұрғанын көрсетеді.

4 - оқушы: «Шоқанның - сурет өнері»
Сурет өнерін жас кезінен - ақ жақсы көрген. Қырағы да зейінді Шоқанға сурет салу өнері, халық өмірін бейнелеудің тамаша бір құралы болып табылады. Туған жері Сырымбеттің жазғы жайлаулар мен мекен қоныстарының суретін салумен шұғылданады. 1847 - 1852 жылдарда салған суреттерін Шоқан "корпустан елге демалысқа барған кезде салған суреттер" – деп атайды. Бүкіл саналы ғұмырында Шоқан шығыстанушы, жалпы өнер зерттеушісі ретінде көрінуі кездейсоқтық емес. Ол өзінің қысқа ғұмырында сурет, сәулет, мүсін, сән және қолөнерге айрықша маңыз берген. Шоқаннан 150 - ге тарта сурет қалған.
Ол портрет, табиғат көрінісі, пейзаж, халықтың тұрмыс - салтын бейнелеу жанрымен айналысқан.
Көрініс: «Мүсінші мысық»

5 - оқушы: Қоғамдық, әдеби қызметі
Шоқан Уәлиханов 1853 жылы кадет корпусын бітіріп, Омбыда әскери қызметке қалады. Ол Сібір қазақ - орыс әскерінің 6 - атты әскер полкына офицер болып тағайындалады, іс жүзінде Батыс Сібір мен Қазақстанның Солтүстік - Батыс аймағының генерал - губернаторы Г. X. Гасфорттың адъютанты қызметіне белгіленеді. Сондай - ақ, Батыс Сібір өлкесінің Бас басқармасы оған айырықша тапсырмаларды орындайтын офицер ретінде қарады. Қызметі барысында Шоқан Уәлиханов патша өкіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздіктерді жете танып, қарсы батыл пікірлер білдіруге тырысты. Осы қызметтерді атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен географиясын зерттеуге белсене араласты.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 850
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы
Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы
Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметін таныстыра отырып, ғалым, этнограф, суретші, зерттеуші әрі жан – жақты шығармашыл тұлға болғандығын көрсету.
Шоқан Уәлиханов “Жоңғар очерктері”
Шоқан Уәлиханов “Жоңғар очерктері”
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, «№132 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Достаева Гулшат Игликовна
Шоқан Уалханов - қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы
Шоқан Уалханов - қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы
Шоқан Уалханов - қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы
Қазақтың көрнекті ғалымы - Шоқан Уалиханов
Қазақтың көрнекті ғалымы - Шоқан Уалиханов
Атырау облысы, Б. Момышұлы атындағы №25 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қуатова Жанат Қарақойшықызы
Шоқан Уәлиханов
Шоқан Уәлиханов
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, №105 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айтбаева Айгерім
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×